«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған


Айнымалы ток электр желілерінің түрлері



бет22/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Айнымалы ток электр желілерінің түрлері

Электрқауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз етумен шартталған қажетті техника-экономикалық көрсеткіштер мен шектеулерге тәуелді түрлі электр желілері қолданылады. Бейтарап жерлендірілген үш фазалы желі (сурет 6. а). Негізінен электр энергиясын өткізгіш жоғары вольтты желілерде қолданылады. Берілген өндірістік нысандағы трансформатордың екінші орамасы көз болып табылады, ал қабылдауыш төмендеткіш трансформатордың бірінші орамасы.


Сурет 6. Айнымалы ток электр желілерінің түрлері: бейтарап жерлендірілген үш фазалы желі (а); үшфазалы төртсымды тұйықталып бейтарап жерлендірілген желі (б); бейтарап оқшауланған үшфазалы желі (в); қос токты желі (г); жерден оқшауланған екісымды желі (д)


1000 В жоғары кернеулі желілер. Желілердің тиімді бейтарап жерлендірілген және бейтарап компенсацияланған түрлері болады. Бірінші жағдайда бейтарап жерлендіру кедергісі Z0 0,5 Ом аспауы керек. Екінші жағдайда трансформатор орамасының және жер бейтараптары аралығында индуктивті реактор қосылады. Соңғы жылдары резистрленген бейтарапты желілерді қолдану алға қойылған, онда желі жоғарыомды (2-4 кОм) резистор арқылы жерлендірілген.

Үшфазалы төртсымды тұйықталып бейтарап жерлендірілген желі (сурет 6. б). Тұйықталып жерлендірілген деп трансформатордың немесе генератордың орамасының бейтарабы айтылады, ол жерлендіргіш құрылғыға төмен кедергі арқылы қосылған. Желі үш фазалы сымға ие және трансформатор орамасынан бейтарап нөлдік беріліс шыққан N. Трансформатордағы үнемдеу сипаттамаларына орай бұл желілер кеңінен қолданыс тапқын.

Бейтарап оқшауланған үшфазалы желі (сурет 6. в). Бұл желідегі электрэнергиясы көзінің бейтарабы жерден оқшауланған. Кернеу – үшфазалы немесе бірфазалы – желілік сымдарға қосылады. Қауіпсіздіктің, электрэнергиясымен қамтамасыз етудегі сенімділіктің, электр оқшаулауыштарының эксплуатациялық істен шығу кезіндегі жоғары талаптары қойылған жағдайларда қолданылады.

Кернеу жиілігі: 36 В – 35 кВ. Егер желіде тұрақты ток электрэнергиясымен басқарылатын немесе басқарылмайтын жартылай өткізгішті түзеткіш көпірлер арқылы қамтамасыз етілетін қабылдауыш болса (сурет 6. г), мұндай желіні қос токты желі деп атайды. Мұндай желідегі айнымалы және тұрақты ток тізбектері арасында гальваникалық байланыс болады. Мұндағы қауіпсіздік шарттарына ықпал ететін сипаттамалар, қарапайым айнымалы ток желілерінің сипаттамаларынан айтарлықтай ерекшеленеді.

Жерден оқшауланған екісымды желі (сурет 6. д). Мұндай желілер электрқауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз ету үшін қодланылады. Әдетте олардағы электрэнергиясының көзі болып кернеуі 6-200 В төмендеткіш трансформаторлардың орамасы табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет