«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет25/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Желі оқшаулауышының кедергісі

Желі гальваникалық байланысқан электротехникалық бұйымдар кешенінен тұрады – электрэнергиясының көзі, таратқыш щиттер, электрэнергиясын қабылдауыштар, байланыс желілеі және т.б. Әрбір бұйым белгілі бір оқшаулау кедергісінің мәніне ие болады. Егер берілген фазаның барлық ток өткізгіш бөліктері ϕф электрлік потенциалға ие, ал жер ϕ0 электрлік потенциалына ие, онда осы фаза оқшаулауышының кедергісі RФ желінің барлық элементтерінде бірдей потенциалдар айырмасында болады. Мұнан белгілі болатыны, желінің барлық элементтерінің RФ кедергісі өзара параллель қосылған. Әдетте жеке фазалардың эквивалентті кедергісін өлшемейді, желіні толығымен (немесе оның жекелеген аймақтарын) өлшейді. Сонда:

 -1

Мұндағы: Rni – жеке электротехникалық бұйым оқшаулауышының кедергісі; n – желідегі бұйымдар саны. Яғни жерге қатысты желі оқшаулауышының эквивалентті кедергісі осы желіге енетін электротехникалық бұйымдар санынан және олардың оқшаулауыш кедергілерінің мәніне тәуелді. Желідегі элементтер неғұрлым көп болса, соғұрлым оның оқшаулауышының кедергі деңгейі төмен. Сондай-ақ дараланған желідегі барлық элементтер дұрыс оқшаулану кезінде оқшаулауыштың эквивалентті кедергі мәні өте төмен болуы мүмкін. Дараланған желідегі оқшаулауыштың эквивалентті кедергісінің мәні төмен кезінде элементтердің бірінің оқшаулауыш кедергісінің апаттық төмендеуі байқалмайды. Осылайша дараланған желілердің өрт қауіптілігі жоғарылай түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет