«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет24/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Бақылау сұрақтары:

  1. Кернеу қадамы.

  2. Адам денесінің электрлік кедергісі.

  3. Түрлі мәндегі токтардың адамға әсер ету сипаты. Сезілетін ток.

  4. Түрлі мәндегі токтардың адамға әсер ету сипаты. Фибрилляциялық ток.

  5. Ток жолының жарақат салдарына ықпалы.

  6. Электр қондырғыларының электрқауіпсіздігі.

Дәріс 7

Тақырыбы: ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ОҚШАУЛАУЫШЫҢ КЕДЕРГІСІ. ЖЕЛІ ОҚШАУЛАУЫШЫНЫҢ КЕДЕРГІСІ. ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СЫЙЫМДЫЛЫҚ
Электротехникалық бұйымдар оқшаулауышың кедергісі

Техникада қолданылатын оқшаулауыш материалдар шынайы диэлектриктер болып табылмайды. Олардың барлығына салыстырмалы көлеммімен ρv және салыстырмалы беттігімен ρS сипаттамалы өткізгіштік тән. Сәйкесінше кез-келген оқшауланған конструкция соңғы көлемдік RV және беттік RS кедергі мәніне ие болады. Соңғысының мәні материалдардың салыстырмалы кедергісінің мәніне және конструкцияның геометриялық өлшемдеріне тәуелді болады.

Әдетте электротехникалық қондырғы оқшаулауышының кедергісі R, ρS және RV байланысына параллель эквивалентті деген ұғымға тән. Мұндай тәсіл оқшаулау күйін нормалауды және бақылауды жеңілдетеді. Сонымен, жеке коммутациялық аппараттың оқшаулауыш кедергісі әдетте 100 МОм кем емес, электрлік машинаның қызған күйіндегі орамасының мәні 10 МОм кем емес; кабель оқшаулауышының кедергі мәні кабель қиындысының ұзындығына тәуелді болады және әдеттегідей зауыттағы сынау кезінде 100 МОм/км кем емес.

Оқшаулауыш кедергісінің сандық мәні Rи (яғни оның құраушыларының) сыртқы эксплуатациялық факторлардың ықпалынан өзгереді. Беттік кедергі RS ылғалдану және ластану кезінде мың есеге дейін төмендеуі мүмкін. Көлемдік кедергі Rv оқшаулауыштың ылғалдануы кезінде немесе оның қызып температураның жоғарылауы кезінде төмендеуі мүмкін.

Бұйым оқшаулауышының кедергісі – электр қондырғыларын техникалық қамсыздандыру және жаңа бұйымдарды қабылдау кезінде нормаланатын шама. Оны орнатылған нормадан төмендету кезінде оқшаулауыштың жылулық тесілуінен өртқауіпті жағдайдың орын алуы мүмкін.

Оқшаулауыш кедергісін төмендету кезінде зақымдану орнында (ластану, ылғалдану) желінің жұмысшы кернеуінің әсерінен өтетін ток кобейеді; сәйкесінше осы орынның қызу температурасы жоғарылайды. Оқшауланған материалдың қызу температурасының жоғарылауы оның кедергісін төмендетеді, ол сәйкесінше токтің артуына алып келеді. Соңғысы жаңадан температураның жоғарылауын туындатады және сәйкесінше оқшаулауыш кедергісінің қосымша төмендеуіне алып келеді. Электр тогының жоғарылау үрдісі жылу бөлумен жылуды қайтару аралығында тепе-теңдік орнағанша жалғасады. Егер, салқындату шарттары зақымдану аймағындағы жылубөлу қарқындылығына сәйкес келмесе токтың көшкін тәрізді жоғарылауы орын алады, ол материалдың жылулық бұзылуына және доғалық тұйықталуына алып келеді. Сондықтан, оқшаулауыштың кедергісінің төмендеуі кезінде ақауларды жою бойынша шаралар қолдану қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет