«Электромагниттік индукция құбылысы» Дәріс жоспары


Электромагниттік индукция құбылысының ашылу тарихы



бет2/4
Дата06.02.2023
өлшемі138,71 Kb.
#167629
1   2   3   4
Байланысты:
2 Дәріс Физика 2
22477640.a4
Электромагниттік индукция құбылысының ашылу тарихы. Электромагниттік индукция құбылысы 1831 ж Фарадей ашқан. Бұл құбылыстың мазмұны мынау: кез-келген тұйық өткізгіш контурда осы контурмен шектелген ауданнан өтетін магнит индукциясы ағынын өзгертсек, электр тогы пайда болады. Осы токты индукциялық ток деп атайды. Фарадей мынадай қорытындыға келді: контурмен ілініскен магнит индукциясы ағыны өзгерген кезде индукциялық ток пайда болады. Тәжірибе жүзінен индукциялық токтың шамасы магнит индукциясын өзгертудің әдісіне байланысты болмайды, оның магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тәуелді болады. Сонымен электр тогын магнит өрісі көмегімен алуға болу мүмкіндігі дәлелденді.
Фарадей заңы және оны энергияның сақталу заңынан қорытып шығару. Фарадей қорытындысы бойынша индукциялық токтың пайда болуы тізбекте электромагнит индукциясының ЭҚК-і бар екенін көрсетеді. Индукциялық токтың мәні мен электромагниттік индукция ЭҚК-і магнит ағынының өзгеру жылдамдығымен анықталды.

Оң бұранда ережесін пайдалана отырып Фарадейдің электромагниттік индукция заңына келуге болады: . Минус таңбасы ағынның өсуінің ( ) кезінде болатыны индукциялық токтың өрісі ағынға қарсы бағытталғандығын, ағынның азаюы ( ) ағын мен индукциялық ток өрісінің бағыттарының сәйкес келетіндігін көрсетеді. «-» таңбасы Ленц ережесіне сәйкес келеді. (Ленц ережесі: Контурдағы индукциялық токтың бағыты әруақытта ол тудырған магнит өрісінің бағыты индукциялық токты оны тудырған магнит ағынының өзгеруіне кедергі жасайтындай болып бағытталады. Фарадей заңын энергияның сақталу заңынан қорытып шығаруға болады.Ампер күшінің әсерінен ұзындығы контурдың бөлігінің dx қашықтығына орын ауыстырғанда жасалатын жұмыс болады.
Егер контурдың толық кедергісі R болса, онда энергияның сақталу заңына сәйкес, ток көзінің dt уақыт ішіндегі жұмысы ( ) Джоуль-Ленц жылуына кететін жұмыстың шамасы ( ) мен магнит өрісінде өткізгішті орын ауыстырғанда жасалынатын жұмыс (IdФ) шамасымен анықталады.

Бұдан . Бұл жерде (бұл Фарадей заңы). (1)
Фарадей заңын тағы да былай айтуға болады:
Контурдағы электромагниттік индукция ЭҚК-і сан жағынан тең және бағыты жағынан қарама-қарсы магнит ағынының осы контурды шектеп тұрған бетарқылы магнит ағынының өзгеруі таңбасына қарсы екендігі шығады. -дің өлшем бірлігі-вольт (В).

Тағы да мынадай қорытынды жазуға болады:
Тұрақты магнит өрісінде контур қозғалған кезде қоздырылатын индукция ЭҚК-і Лоренц күшінің өткізгіш қозғалған кездегі әсерімен түсіндіріледі.
Айнымалы магнит өрісіндегі қозғалмайтын контурда да индукциялық ЭҚК-і қозады. Максвелл болжамы бойынша кез-келген айнымалы магнит өрісі қоршаған ортада электр өрісі өткізгіште токтың циркуляциясын тудыратын себеп болады. -кернеулігі деп аталады.
Олай болса, векторының кез-келген қозғалмайтын контур бұрышы бойынша циркуляциясы -болады.
(2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет