Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



бет1/5
Дата12.12.2023
өлшемі167,19 Kb.
#196706
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану 202 фарм Қайратқызы.Ү
Ү.Қайратқызы 202 фарм







«Астана медицина университеті» КеАҚ






Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау.






Орындаған: Қайратқызы Үміт


Факультет: Фармация
Топ: 202
Қабылдаған: Калменова. Б. Т

Астана қаласы 2023жыл


Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:

  1. Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер.

  2. Әлеуметтану ғылымының пайда болып, қалыптасуының классикалық кезеңі (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Әлеуметтанудың пайда болуы
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым ал­мас­тыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мұндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылы­ғы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы тұста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жұмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүние­ге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сондай-ақ бұл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға болатынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зерттеулердің құралдары көмектеседі деп үміттенді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет