Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 050501 «Әлеуметтану»


Кредиттің аптаға бөліну кестесі



бет3/76
Дата04.10.2020
өлшемі0,56 Mb.
#63888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Кредиттің аптаға бөліну кестесі:

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақ

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ



50 мин.

Байланыс сағаты 3

(1 практика)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ



50 мин.



Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


4

7

2

15

15

30

30

90

емтихан


1.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:

Курс мақсаты:

«Басқару әлеуметтаннуы» оқу курсының негізгі мақсаты студенттерге ұйымдастыру және басқару туралы, адамзат қоғамында басқарудың пайда болуы, дамуы, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында басқарудың жетілдірілуі, әлеуметтік процестерді басқарудың принциптері, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының рөлі мен әлеуметтік процестердің реттеушілері туралы білімдердің негіздерін беру болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға сәйкес, осы оқу курсын оқытуда келесі міндеттер алға қойылады.

Курс міндеті:


  • әлеуметтанудың жеке ғылым ретіндегі шеңберінде басқару

теориясымен таныстыру;

  • Басқару ғылымдарының жүйесінде басқару әлеуметтануының орны

мен өзара байланысын нақты көрсету;

  • әлеуметтанушы студенттерді басқару әлеуметтануы саласында әлеуметтанулық зерттеулер жүргізудің методикасы мен техникасына үйрету;

  • Басқару әлеуметтануының мәселелері бойынша әлеуметтік ақпаратты талдаудың дағдыларын игеруге ықпал ету.

Курс мазмұны:

«Басқару әлеуметтануы» оқу курсының зерттеу объектісі - әлеуметтік басқару, басшылар мен бағынушылар, басқару технологиялары, ұйымдар, т.б.

Басқару қазіргі қоғамның дамуына әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Басқаруды экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси саладағы басқару деп бөлеміз. Басшылардың өзі жоғары, орта, төмен деңгейдегі басшылар түрлеріне жіктеле отырып қарастырылады. Басқару шешімдері орындауға қатысушыларды атқарушылар ретінде сипаттаймыз. Персонал ұйымдағы әртүрлі функциялар атқаратын қызметкерлердің жиынтығы. Персоналды басқару басқарудың маңызыд бөлімі.

Басқару әлеуметтануының қарастыратын мәселелердің ауқымы: басқару әлеуметтануының даму тарихы; басқарушылық құрылымдар; басқарушылық қызметтің классификациясы; басқарушылық мамандар; басқарудың негізгі элементтері; басқарушылық шешім қабылдау процесі; жоспарлау мен жобалау басқару функциялары ретінде; басқарудың мемлекеттік құрылымы; әлеуметтік процестерді басқару; әлеуметтік қайшылықтарды басқару; басқарушылық кеңес беру методологиясы мен әдістері.

Басқару әлеуметтануы ХІХ ғасырда АҚШ та қалыптаса бастады. Басқару әлеуметтануының қалыптасуына үлес қосқан әлеуметтанушылар: Ф.Тейлор, Мейо, А.Файоль, М.Вебер. Ресей әлеуметтанушыларынан М.В.Удальцованы, А.И.Пригожинды, А.И.Кравченконы, В.А.Спивакты, С.С.Фроловты атауға болады. Қазақстандық социологтардан Н.А.Аитовтың, М.С.Садырованың, Б.К.Дарменованың қосқан үлестерін атап көрсетуге болады. Жоғарыдағы ғалымдар Қазақстандағы әлеуметтік процестерді басқару мәселесіне, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мәселесіне көңіл бөледі.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет