Əлеуметтік ортада мəдени ісшараларды екі не одан да көп мамандардың белгілі бір уақыт ішінде ауысып өз іс-əрекеттерін жылдам əрі нəтижелі ұйымдастыруы



Дата07.02.2022
өлшемі17,23 Kb.
#87116
Байланысты:
пед анимация
сын пікір, 4, 4, жобаааааа, жобаааааа, пед анимация, пед анимация, 5a1e433d34a64465a18d07b4ddf86af1, ЕСалиева, герпес, 8 дарис

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

СОӨЖ


Тақырыбы: Анимация

Орындаған: Есалиева Меруерт


Қабылдаған: Дайрабаева Назгул
Анимация – əлеуметтік ортада мəдени ісшараларды екі не одан да көп мамандардың белгілі бір уақыт ішінде ауысып өз іс-əрекеттерін жылдам əрі нəтижелі ұйымдастыруы.
«Əлеуметтік мəдени анимация» термині бос уақыт саласында алғаш рет ХХ ғасырдың 50-жылдары француз əлеуметтанушысы Ж. Дюмазадьенің «қоғамның мəдени даму досугі» атты контекстік теориясында қолданылды. Ұйымдастырылған досуг саласында лидер феноменіне қатысты Ж. Дюмазадье «əлеуметтік мəдени лидер» ұғымын қолданды, ал кейінірек оны «əлеуметтік мəдени анимация» термині етіп ауыстырды. Содан соң бұл термин ғылыми-практикалық лекцияларда «бос уақытты ұйымдастырушы кəсіп» деген атпен қатаң аталып кетті.
Көрсетілген кəсіптің өзгешелігі белгілі топтағы адамдарға (маманның басқару жəне ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты) ресми жəне бейресми ықпал ете білуі болып есептеледі. Ресми ықпал ете білу маманның басқару жəне ұйымдастырушы мүмкіндігіне байланысты, ал ресми емес ықпал ете білуі маманның жеке қабілеттерінде анықталады. Бос уақыт саласында тиімді кəсіби іс-əрекетті ұйымдастыру маманның беделіне де байланысты. Əлеуметтік психологияда «бедел» ұғымына: адамның қабілетін көрсетіп, еріксіз əрекетке əкелмейтін, адамға ықпал етудің ерекше түрі деп түсіндіріледі.
Кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекетінің құрылымында, педагогикалық іс-əрекеттегі қызметтің ортақ түрлерін сол сияқты тек өзіне қатысты қасиеттерінің өзгешеліктерінен көрсетуге болады.
Сөйтіп, кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекетте құрастырушы-моделдеуші шекте жобалау, талдау, болжаушылық қызметтерді бөліп көрсетуге болады. Бұл қызметтер кез келген басқару іс-əрекетінде көрінетін мақсатты пайымдау, болжаушылық, жоспар жасау, шешімді өңдеу жəне таңдау əрекеттерімен байланысты. Кəсіби педагогикалық аниматорлық іс-əрекетіндегі аталған қызметтер бос уақыттағы өзара əрекетті ұйымдастыруға бағытталады.
Анимациялық бағдарлама – бұл көңілді қойылым. Ол мəдени-демалыстық қызмет көрсету саласымен тікелей байланысты. Туризм, қоғамдықтамақтанунемесеспорттық-сауықтыру салаларындағы қызмет. Егер əлеуметтік педагогты аниматор ретінде қарастырсақ. Аниматор (актер) – сан қилы іс-шараларда əртүрлі кейіпкерлерді көрсететін əртіс болып табылады. Анимациялық топтың (ағыл. animation team) құрамына кіреді. Қонақтарды қарсы алу мен олардың көңіл-күйін көтеру қызметін атқарады. Аниматордың негізгі функциясы – болып жатқан оқиғаларға үнемі көңілді аудару.
Аниматорлардың негізгі кейіпкерлері болып, клоундар, деректі жəне мультипликационды фильмдердің кейіпкерлері, пираттар мен қарақшылар жəне т.б. болады. Ал əлеуметтік педагогика жұмысындағы кейіпкерлер девиантты мінез-құлықты балалар, қиын өмірлік жағдайларға душар болған балалар, қарттар, мүгедектер жəне т.б. деп қарастырамыз. Кең мағынада аниматор – кеңес дəуірінен бері келе жатқан «массовик-затейник» қызметінің қазіргі кездегі атауы болып табылады. Қазіргі кезде аниматордың қызметі – жаңа технологияларды қолдана отырып, тəрбиелік ісшараларды ұйымдастыру. Əлеуметтік педагогтің анимациялық əлеуеті болып коррекциялық жұмыстарды жүргізе алуы, девиантты мінезқұлықты балалармен əлеуметтік педагогикалық технологиларды пайдалана алуы, əлеуметтік педагогикалық үйелерді басқаруы, тренингтер, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізуі болып табылады. Əлеуметтік педагог аниматор ретінде көмек көрсету акцияларды, кештерді, іс-шараларды ұйымдастырады. Аниматорлар кез келген мерекені ұйымдастырушылармен бірігіп, ойластырып, көптеген конкурстар мен қызықты заттарды ойлап табады. Іс-шаралар барысында аниматорлар келген қонақтарға көңілді, қызықты болуды қадағалап жүреді, ешкімнің де ұмытылып не шетте қалып қоюын болдырмайды. Осығай байланысты, аниматор жақсы психолог та болғаны абзал, сонда ғана ол əр адамға өзіндік тіл табысу тəсілін таба алады. Сонда барлық конкурстар, эстафеталар мен қызықты байқаулар тек бақытқа бөлейді [1]. В.Г. Бочеровтың анықтамасында «анимация» ұғымы – бос уақытта шығармашылық ізденіс ісəрекетін ұйымдастырумен байланысты кəсіби іс-əрекет деп түсіндірілген. Ал А.И. Лучанкин мен А.А.Сняцкий «аниматор» атауын: балалармен, жеткіншектермен, жастармен мəдени тəрбиелеу құралдарымен шеберлікпен қарымқатынаста болатын, педагогикалық бос уақытты ұйымдастырудың технологиясын меңгерген маман деп түсіндіреді.
Кəсіби педагогикалық аниматорлық ісəрекеттің мəнін анықталған типтегі, өзара əрекеттесудегі шынайы əрекеттен көруге болады. А.В.Мудрик анықтағанындай өзара əрекеттесу қарым-қатынасты қажет етеді. Бос уақыттағы өзара əрекеттесу ерікті жəне таңдаулы болады. Кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекетіне мəніне берілген көптеген анықтамаларды талдай келе оған төмендегідей анықтаманы беруге болады.
Кəсіби педагогикалық аниматорлық ісəрекеттің мəні: бос уақыт саласында əр түрдегі жəне формадағы педагогпен тəрбиеленушінің арасындағы өзара əрекеттесуінің, көпшекті жəне көпбағдарламалы іс-əрекетінің жинақталуы. Осының көмегімен: релоксациалық-қалпына келтіруші, мəдени білім беруші жəне мəдени шығармашылық қасиеттерімен, тұлғаның белсенділігіне жағдай жасауға бағыттайтын аниматордың іс-əрекетінен көруімізге болады [2].
Берілген анықтамаларды жүйелей, кəсіби педагогикалық аниматор іс-əрекеті тəрбиеленуші тұлғаның үйлесімді жəне жан-жақты дамуына бағытталады деген тоқтамға келдік. Осыдан шыға оның негізгі мəселелеріне мыналарды жатқызамыз: жеткіншектердің өзіндік іс-əрекеттерінің дамуына мотивацияның қалыптасуы: жастардың қызығушылықтарына байланысты топтарды ұйымдастыру жəне жастардың өзара əрекеттерін шығармашылық қатынаста ұстау, ортақ мерекелік кештерді ұйымдастыру.
Педагогикалық іс-əрекет барысында теория мен тəжірибе ұштастырылады. Оны тəрбие теориясы→технология→техника→оқытушы тұлғасы деп қарастырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет