Әлеуметтік педагогика


Субъектінің ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау негіздері



бет10/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
TASK 1, 203682, Iv-то?сан бжб «Т??ым?уалаушылы? ж?не ?згергіштік» б?лімі бойынша
3.3 Субъектінің ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау негіздері

Әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау деңгейінде әлеуметтік-педагогика танып-білу және қайта құру әдіснамасын айқындайтын аса маңызды құрауыш аксеологиялық болып табылады. Оның субъектісі - әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтайтын және оны іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекет немесе әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқаратын, оған баға беретін маман. Осыған сәйкес, әлеуметтік-педагогиканың аксеологиялық негіздеріне талдау жасауды солардың ұстанымы тұрғысынан жүргізу қажет.


Әлеуметтік педагогиканың аксеологиялық негіздері - әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу құндылықтары және оны қайта құру туралы ілім. Олар:
- әлеуметтік педагогика қызметінің басымдықтары, мұраттары, құндылықтары, мақсаттары, нормалары мен ережелерін білдіретін білімді, сондай-ақ, негізгі білімді қамтиды.
- әлеуметтік-педагогикалық білімнің иесі ретінде адамның бағытын анықтайды;
- тарихи, әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады;
Басымдықтар мемлекет пен қоғамның әлеуметтік саясаттына, олардың өзара әрекетіне байланысты. Осы заманғы Ресейде басымдықтар мыналарды қамтиды:
- әлеуметтік әділдік;
- адамды, соның ішінде, баланы әлеуметтік қорғау;
- жеке тұлға дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу;
- әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетулер;
- адамның әлеуметтік дербестігі.
Осы заманда идеялық мұраттар көп жағдайда РФ Конституциясы сондай-ақ, басқа да нормативтік құжаттармен анықталады. Олардың негізінде адамды әлеуметтік-педагогикалық қорғаудың басымдықтары жатыр. Әлеуметтік педагогиканың көптеген мұраттары ұлттық және діни дәстүрлермен, адамға, балаға, отбасына, отбасылық тәрбиеге, мектепке қатысты және басқа әлеуметтік-мәдени факторлармен анықталады.
Құндылықтар қоршаған әлемнің объектілері мен құбылыстарының адам үшін оңды немесе кері мәнді болуын, олардың адамның өмір сүру салаларына қатысушылығын айқындайды. Бұл – мәдениеттің басты элементтерінің бірі.
Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар ретінде жеке тұлғаның (патриотизм, әлеуметтік бағдарлылық және табыстылық, тәртіптілік) және мемлекеттің (адамдардың қызметінің тиімділігі, әлеуметтік әл-ауқаты, білімі) құндылықтары саналады. Олар азаматтық қоғамның құндылықтары мен ұлттық жобаларында (қорғалғандық, бостандық, ұлттық идея, патриотизм, рухани байлық) көрініс тапқан.
Қағидалар – объективті сипатта болады, оларды есепке алу және олардан туындайтын негізгі талаптарды орындау, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің табыстылығының болашағын анықтайды.
Мақсаттары – мінез-құлық элементтернің бірі, сапалы қызметтің тікелей көрінісі, санадағы, ойдағы қызметтің нәтижесі және оған жетудің жолдары мен тәсілдері болып сипатталады, қол жеткізілуіне бағытталған іс-әрекет нәтижесінің алдын ала мақтан тұтарлық саналы бейнесі.
Әлеуметтік-педагогикалық таным және әлеуметтік-педагогикалық шындықты қайта құру мақсаттары алға қойылады. Әлеуметтік-педагогикалық танымның мақсаты – әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың себептік-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын анықтау және олардың негізінде теориялар мен әдістердің әзірлемесін жасау. Әлеуметтік-педагогикалық қайта құрудың мақсаты – жеке тұлғаның неғұрлым мақсатқа сай қалыптасуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік нормалар – ресми белгіленген немесе әлеуметтік-педагогикалық практиканың әсерінен қалыптасқан алдын ала ескертпе және қоғамда өзін-өзі ұстау ережесі мен қоғам өмірінің нақтылы тарихи жағдайларында адамның өзін-өзі ұстауын білдіреді. Олар жеке тұлғаның топтағы өзін-өзі ұстауда қалыптасқан немесе белгіленген мінез-құлқын, яғни оны сақтау индивид үшін өзара әрекетте қажетті шарт болатын стандарттарын анықтайды.
Әлеуметтік нормалар ресми және ресми емес сипатта болады. Ресми әлеуметтік нормалар – бұл заңнамалық актілерде, лауазымдық нұсқауларда, ережелерде, жарғыларда, басқа да ұйымдастыру құжаттарында баяндалған әлеуметтік нормалар. Ресми емес – қоғамда қалыптасқан және ортаның жазылмаған ережесі болып табылады.
Ереже жекеше сипатта болады.
Әлеуметтік педагогиканың дүниетанымдық деңгейі. Субъектінің дүниетанымдық деңгейі оның әлеуметтік-педагогикалық қызметке көзқарасы мен сенімін, тәжірибесін білдіреді. Ол субъектілердің өмірлік негізгі ұстанымдарын, олардың сенімдері мен идеяларын, қағидаларын, бағдарлы құндылықтарын анықтайды. Нақ дүниетанымдық деңгейі субъектінің әлеуметтік педагогиканың мәнісін қалай қабылдайтынын, яғни оның тиісінше танылуын көбінесе анықтап береді. Мемлекеттік деңгейде шенеунік әлеуметтік педагогиканың мемлекеттегі орны мен рөлін және оның даму келешегін анықтайды, мекеме, маман қызметінің әлеуметтік-педагогикалық бағытын бағалайды; зерттеуші - әлеуметтік педагогикалық болмыс және оның ғылым ретінде даму перспективасы; практик - әлеуметтік-педагогикалық қызметке, оны практикада іске асыруға және нәтижелерін бағалауға бағытталған қарым-қатынас.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық деңгейі – танымдық және қайта құру қызметтерінің тәсілдерін қамтиды.
Қайта құру қызметінің тәсілдері:
- белгілі бір педагогикалық технологияны іске асыру бойынша қызметтің жасалып шығарылған әдісі;
- белгілі бір әдісті іске асырудың техникалық тәсілдері, әдістің нақтылы жүзеге асуы. Осы мағынасында әдіснама кейде әдісті іске асыру техникасының синонимі ретінде қарастырылады;
- жеке бөлімдерді, тақырыптарды үйрену, оқу сабақтарының әрқилы түрлерін өткізу – сабақ берудің жекеше әдіснама бойынша ұсынымдарды қамтитын оқу пәндерінен сабақ беру үдерісіндегі педагогикалық қызметтің ерекшеліктері.
Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеу (танып-білу) әдіснамасы кеңінен танымал.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияны әдістер айқындайды. Әлеуметтік педагогикадағы әдіс – бұл адамның, топтың белгілі бір проблемаларын шешудің жолы (тәсілі).
Адамның проблемасын шешу жолы (тәсілі).
Адамның проблемасын шешу үдерісінде сырттан оған бір нәрсені қосуға не оған бір нәрсені енгізуге, оны бір нәрсемен толтыруға болмайтыны мәлім. Оларды тек адамның өз әлеуетін іске асыра отырып қана жеңуге болады. Әдістерді қолдану адамды оның дербес шешімімен белгілі бір іс-әрекетке жетелеуге, дамуға, меңгеруге, игеруге, меңгергенді түзеуге, қандай да бір мүмкіндіктерді жетілдіруге; білімді, икемділікті, дағдыны қалпына келтіруге және оларды жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте, субъектілік, объектілік, функционалдық, пәндік және орта сияқты факторларды ескеру қажет.
Субъектілік фактор ықпал етудің сыртқы және ішкі әдістерін анықтаушы маманның (мамандардың) әдісті қолданудағы субъектілігімен байланысты (егер әңгіме өзін-өзі жетілдіру әдістері туралы болса, мұндай әдіс «өзін» деп басталады).
Объектілік – мақсатқа байланысты өзара әрекет етуге тура келетін адам (топ). Бұл, бір жағынан. өзара бірлескен қызмет. өзара әрекет әдісі және басқа жағынан – тең әрекет.
Қызметтік – негізгі (басты, жетекші) және қамтамасыз етуші әдістердің белгіленуіне негізделеді.
Негізгі мақсат – бұл объектіні (адамды, топты) жетілдіретін, болжанған мақсаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін белгілі бір әрекет, қызметке жұмылдыратын нәрсе. Ол іске асырылатын іс-әрекеттің, қызметтің (практикалық әдістер) әдістерін анықтайды.
Қамтамасыз ететін мақсат – іс-әрекет әдісін іске асырудың тиімділігін және сапасын көтеруді қамтамасыз етеді. Ол адамның санасына, сезіміне, қызметті ұйымдастыруына, әрекетті ұмтылдыруға (тежеуге), өзін-өзі сендіруге, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі көтермелеуге, өзін-өзі мәжбүрлеуге, әсер ететін әдістерді анықтайды.
Пәндік – әдістің қызметтік мүмкіндіктерін іске асыру әдісімен байланысты.
Осы фактормен әдістерді топқа бөлудің шарты:
- іс-әрекеттер (практикалық әдістер) – жаттығулар, ойындар (ойын әдістері), үйренулер;
- ықпал етулер – иландыру әдістері, ақпараттық әдістер;
- қызметті ұйымдастыру – қызметтің белгілі бір сипаттарын анықтайтын жағдаяттық ортаны құру, қызметті басқару, бақылау әдістері;
- ұмтылдыру (тежеу) – әрекеттер мен қылықтардың белсенділігін ұмтылдыратын (тежейтін) көтермелеу, жарысу, мәжбүрлеу, бақылау, жағдаят туғызу әдістері.
Кейбір әдістер түрлі қызметтік топтарда орын алуы мүмкін. Мысалы, ойын әдістері, жағдаяттық ортаны құру әдістері.
Орталық – әлеуметтік-педагогикалық қызметті іске асырудың орнына байланысты.
Бұл ретте, әдіс өзінің осы ортада қолданылуы мүмкіндігімен және мақсатқа сай болуымен анықталады.
Әдістер кез-келген әлеуметтік-педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі болып табылады. Технологияның атауы кейде онда қолданылатын жетекші әдіс (әдістер тобындағы) бойынша анықталады. Жеке технологияның атауынан жетекші әдістердің бірі көрініс табуы мүмкін.
Құралдар – солар арқылы әдіс іске асырылатын құралдар. Құрал әдістің анықтаушы факторы болуы мүмкін. Сонымен қатар, құрал әлеуметтік-педагогикалық технологияның қолданылу факторы (мысалы: ойын, оқу, туризм), негізгі бастауы болуы мүмкін.
Педагогикалық әдебиетте бұл ұғымдарды шатастыру жиі кездеседі, яғни әдісті – құралдан, құралды – әдістен айыру қиын болады. Әдіс пен құрал ұғымдарының ұсынылып отырған нұсқасы оларды неғұрлым дәл ажыратуға және олардың өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық (әлеуметтік-педагогикалық) үдерістің құралдары мен педагогикалық (әлеуметтік-педагогикалық) қызметтің құралдарын бөліп атауға болады.
Педагогикалық үдеріс құралдары – маманның әлеуметтік-педагогикалық технологияны ендіру үдерісінде атқаратын қызметінің құрамдас бөлігі болып табылатын құралдар. Оларға мыналар жатады: оқу, еңбек, білім беру мекемесіндегі белгіленген мінез-құлық ережесі; режим (түзету колониялары үшін); мәдени-демалыс қызметі; денешынықтыру-сауықтыру, денешынықтыру-спорт қызметі; туризм; қоғамдық жұмыс.
Педагогикалық қызмет құралдары, бұлар – маманның әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде адамға, топқа ықпал ету үшін қолданатын құралдары. Көбінесе, бұл – әдістің құралдары. Оған сөз, әрекет, үлгі, кітап, техникалық құралдар жатады. Осылайша әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік педагогикада әлеуметтік-педагогикалық технологияның (жалпы және жекеше) ұйымдастыру жағын немесе әдісті нысан анықтайды. Қолданылатын саласына байланысты олар мыналарға бөлінеді:

  • әлеуметтік педагогика ортаның неге қарайтынын анықтайтын нысандар, бұл – орталықтың ұйымдастыруға қарастылығы: мемлекеттік (жалпы білім беретін, кәсіптік), салалық (әлеуметтік даму министрлігі), денсаулық сақтау министрлігі, ІІМ, діни, коммерциялық, қоғамдық;

- Әлеуметтік педагогика орталығының функционалдық міндетін анықтайтын нысандар, бұл – орталық жағдайында функционалдық міндеттерді шешудің өзіндік ерекшелігін анықтайтын ұйымдастырушы жүйе: оқыту, тәрбиелеу, педагогикалық түзету, түзеу, балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір топтарының педагогикалық құқықтарын қалпына келтіру;
- әлеуметтік-педагогикалық жүйе нысандары, бұл - әлеуметтік-педагогика орталығының қолданылуын ұйымдастыру нысандары: ынтымақтастық, авторитарлық, гуманитарлық, спорттық;
- педагогикалық үдеріс нысандары - әлеуметтік-педагогика орталығының педагогикалық үдерісін негіздеуші мазмұндық - ұйымдастырушы фактор: оқу, оқу-тәрбиелік, тәрбиелік, қайта тәрбиелеуші, еңбек оқу-еңбек спорттық, демалыстық;
- педагогикалық өзара әрекеттестік нысандары – кеңістік пен уақыт ішіндегі нақтылы педагогикалық әрекетті ұйымдастыру тәсілі. Олар: бұқаралық – мерекелер, кештер, ертеңгіліктер, диспуттар, жарыстар, жорықтар, экскурсиялар; топтық бірлескен қызмет қызығушылық бойынша клубтар, үйірмелер, театр қызметі; жеке даралық – көмек, сабақтар, тапсырмалар.
Сонымен, әлеуметтік-педагогика әдіснамасы түрлі: гносеологиялық, дүниетанымдық, ғылымтану, ғылыми-мазмұндық, технологиялық және ғылыми-әдістемелік деңгейлерде талдануы мүмкін. Осы деңгейлердің әрқайсысында әлеуметтік-педагогиканың түрлі элементтерін танып-білу іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет