Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, негізгі қызметтері мен міндеттері



бет7/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
TASK 1, 203682, Iv-то?сан бжб «Т??ым?уалаушылы? ж?не ?згергіштік» б?лімі бойынша
2.2 Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, негізгі қызметтері мен міндеттері

Әлеуметтік педагогиканың мақсаты. Әлеуметтік педагогика жеке тұлғаның өзгешеліктері мен ол өмір сүретін мемлекеттің (қоғамның) әлеуметтік мәдениетін ескере отырып, әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына жағдай жасауы қажет. Бұл ортаның және адамның жасы мен басқалардан өзгешеліктеріне қарай өзара әрекетін үйлестіруді жолға қояды. Басқалардан өзгешелік – бұл бір адамның басқа адамнан айырмашылығы. Бұл адамның ерік күші ерекшеліктерінен, жеке мүмкіндіктерінен (мысалы, мүмкіндіктері шектеулі, ерекше күтім қажет адамдар), қалыптасқан ұстанымдарынан, өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға деген көзқарастарынан көрінеді. Мұндай міндеттерді әлеуметтік педагогика топтар деңгейінде де шешеді.


Әлеуметтік педагогика әлеуметтік-мәдени ортаның жеке тұлғаға және топқа жасайтын ықпалын зерделеуге және ол ықпалдың оң және теріс салдарларын анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік педагогикадағы бұл бағыт орта педагогикасы деп аталады.
Әлеуметтік педагогика объектісі. Зерттеуші-педагогтар мыналарды анықтайды:
- әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі (әлеуметтік педагог жұмысының объектісі) – адам, жасына (балалар, жасөспірімдер, жастық, ересек, егде адамдар), сондай-ақ, тобына, отбасына тәуелсіз түрде;
- нақты әлеуметтік педагогика объектісі (әлеуметтік педагогика тікелей зерттейтін) – тиісті құбылыстар немесе үдерістер.
Әлеуметтік педагогиканың оқу пәні әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді, оны іске асырудың шарттарын, сондай-ақ, адамның, топтың, тұтастай қоғамның әлеуметтік қалыптасуына елеулі түрде әсер ететін ортаның (қауымның) факторларын анықтайтын зерттеудің мазмұны, нысаны мен әдістері болып табылады. Пәннің мазмұнды құрауышы әлеуметтік-педагогиканың бөлімімен анықталады.
Әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын оның міндеттері анықтайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нақтылы бағыттағы мазмұнына сәйкес ерекшелігін көрсетеді. Әлеуметтік-педагогиканың міндеттері оның мақсатын сипаттайды, мазмұнын түсінуге көмектеседі.
Зерттеушілер әлеуметтік-педагогиканың жалпыпедагогикалық (әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын білдіретін) және әлеуметтік-педагогиканың нақты әлеуметтік-педагогикалық міндеттерін айқындайды.
- Жалпыпедагогикалық міндеттерге мыналар кіреді:
- танымдық – әлеуметтік-педагогикалық қызметтің практикасын оның өкілетті өкілдерінің (әлеуметтік-педагогтардың, әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқарушы тұлғалардың) немесе арнаулы даярланған адамдардың (зерттеушілердің, аспиранттардың, докторанттардың) зерттеуі;
- түсіндіруші – әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды, олардың пайда болуы және қайта құрылу мүмкіндігін сипаттау және түсіндіру;
- ғылыми – әлеуметтік дамудың, адамның әлеуметтенуінің, оған орта (қауым) факторлары ықпалының заңдылықтарын зерттеу, әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың теориялық негіздерін жасау;
- диагностикалық (бағалаушы) – жеке тұлғаның әлеуметтенуіне, топтың әлеуметтік өзгешелігіне, диагностика жүргізу, сондай-ақ, мекеменің, жеке мамандардың құжаттарына, қызметіне, әлеуметтік социум факторларына және онда өтіп жатқан үдерістерге әлеуметтік-педагогикалық бағалауды (сараптаманы) іске асыру;
- болжалдаушы – ортаның (таяудағы және алыстағы) әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің даму келешегін, ондағы адамның, оның жеке қасиеттерінің танылуын, сондай-ақ, оларға (ортаға және адамға) мақсатқа сәйкес ықпал ету мүмкіндіктерін анықтау;
- қайта құрушы – әлеуметтік-педагогика нақтылы адамға, топқа, отбасына қатысты әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жетуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық болмысты, әлеуметтік-педагогикалық қатынастар мен оқу-тәрбие үдерісін қайта құруды көздейді;
- жұмылдырушы – мамандардың (әлеуметтік педагогтардың) адамның, топтың күшін әлеуметтік-педагогикалық мақсаттарға жету үшін белгілі бір әрекеттер мен қимылдарға белсенді жұмылдыруға бағытталған мақсатты қызмет;
- алдын алушы (сақтандырушы – алдын алушы) – әлеуметтік педагогика мамандарының қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның, отбасының түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан алдын-алу және жеңуіне мақсатты түрде бағытталған қызметі;
- басқарушы – жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, ұжымдағы, топтағы әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар үдерісін басқару бойынша мамандардың қызметі;
- білім беруші - әлеуметтік салаға арналған мамандарды даярлаудың мазмұнын, әдістемесі мен қамтамасыз етілуін зерттеу;
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтеріне нақты мыналар жатады:
- бейімдеуші – адамның ортаға немесе ортаның адамға бейімделуін оның жеке қасиеттерін (өзгешеліктерін) ескере отырып ынталандыруға бағытталған қызмет;
- әлеуметтік дамытушы – адамның әлеуметтік дамуын, оның әлеуметтік бейімділігі мен өзгешеліктерін, сондай-ақ, ортаның (әлеуметтік қауымның) жағдайларын ескере отырып, ынталандыру бағытындағы мақсатты әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
- әлеуметтендіруші – адамның әлеуметтік қалыптасуын, әлеуметтік құндылықтарды және рөлдерді, әлеуметтік мінез-құлық тәжірибесін меңгеруін, жасын, психикалық және әлеуметтік дамуын ескере отырып, ынталандыруға мақсатты бағытталған қызмет;
- түзетуші – балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму және тәрбиелену үдерістерін, ата-аналар мен тәрбиешілердің тәрбиелеу үдерістерін түзету бойынша мамандардың бағытталған қызметі;
- құқықтарын қалпына келтіруші – адамның дамуына, тәрбиеленуіне, кәсіптік қызметіне жеке мүмкіндіктерін қалпына келтіру бойынша мамандардың бағытты қызметі.
Әлеуметтік педагогиканың негізгі топтары – бұл оның маңызды құбылыстарын бейнелейтін неғұрлым жалпы және іргелі ұғымдар. Оған мыналар жатады: әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, әлеуметтік-педагогикалық қызмет, әлеуметтік даму, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік бейімделу және бейімсіздену, әлеуметтену және әлеуметсіздену – педагогикалық оңалту, әлеуметтік-педагогикалық түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету және басқалары (категорияның мәні оқулықтың тиісті тарауларында қаралады).
Әлеуметтік педагогиканың міндеттері жалпы (жалпытеориялық және практикалық) және жекеше (практикалық қызмет салалары бойынша) болып бөлінеді. Оларды әлеуметтік педагогиканы құрайтын негізгі топтамаларға бөліп, былайша қысқаша тізімдейміз:
Әлеуметтік педагогикадан туындайтын міндеттер:
- мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың, партиялардың, сондай-ақ, мекемелер мен ұжымдардың қызметіне әлеуметтік-педагогикалық баға (сараптама) жасау;
- ортаның өсу үстіндегі жеке адамға, топқа ықпалын зерттеу;
- адамның әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінде белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үшін ортаның факторларын пайдалану мүмкіндігі;
- жеке фактордың жеке тұлғаға (мысалы, отбасының, бұқаралық байланыс құралдарының) ықпалын зерттеу.
Әлеуметтік тәрбиеден туындайтын міндеттер:
- халықтың түрлі топтарының, адамдардың жеке топтарының, жекелеген тұлғалардың әлеуметтік тәрбиесін оңтайлы түрде қамтамасыз етудің мазмұны мен әдістерінің проблемаларын зерттеу;
- жеке тұлғаны отбасы, білім беру және арнаулы мекемелер жағдайында әлеуметтік тәрбиелеу проблемаларын зерттеу;
- түрлі үлгідегі отбасыларындағы, мекемелердегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесін зерттеу;
- әлеуметтік тәрбиенің шетелдік тәжірибесін және оны отандық жағдайларға т.б. бейімдеуді зерттеу.
Адамды әлеуметтік бірлік ретінде зерттеуден туындайтын міндеттер:
- адамның жеке тұлға ретінде әлеуметтік дамуының, әлеуметтенуінің ерекшеліктерін зерттеу;
- басқалардан өзгеше адамдардың әлеуметтік даму ерекшеліктерін зерттеу;
- адамның дамуы мен тәрбиеленуі үдерісіндегі әлеуметтік ауытқушылықтардың себептерін, олардың алдын алу мен жеңудің мүмкіндіктерін анықтау.
Адамның әлеуметтік жақтан өзін-өзі жетілдіруде жеке ұстанымы мен белсенділігінен туындайтын міндеттер:
- әлеуметтік тұрғыда адамның өзін-өзі жетілдірудегі рөлін анықтау;
- адамның түрлі жас сатыларында әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруін жандандыру мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеуші-педагогтардың жарияланымдарында «Әлеуметтік педагогика» және «Әлеуметтік жұмыс» ұғымдарының араласып кетуі кездеседі (В.Г. Бочарова, Ф.А. Мустаева және т.б.).
Мұның басты себептері мынадай:
Біріншіден, Еуропа мен Америкада әлеуметтік педагогика институты кеңінен даму алған жоқ. Шетелде оған – әлеуметтік жұмыстардың бір бөлігі ретінде, сол сияқты, Копенгагендегі (Дания) Халықаралық әлеуметтік педагогика ассоциациясы педагогикаға әлеуметтік қауым жағдайындағы (нашақорлармен, маскүнемдермен, көше балаларымен және т.б.) адаммен жүргізілетін теориялық және практикалық жұмыстар ретінде қарайды. Ресейде әлеуметтік жұмыстар теориясы шетел тәжірибесін қайта қорыту негізінде даму үстінде.
Екіншіден, Ресейде әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік педагогика институттары бір мезгілде құрылды. Әлеуметтік жұмыстар теоретигі Валентина Георгиевна Бочарова отандық әлеуметтік жұмыстардың американдықтардан айырмашылығы оның адамның өзінің әлеуметтік проблемаларын шешуі үшін өзін белсенді қатыстыруына маңыз беретіндігінде деп санады. Бұл ретте, әлеуметтік жұмыстардың педагогикасы - әлеуметтік педагогика болып табылады.
Үшіншіден, әлеуметтік педагогикаға әлеуметтік жұмыс ретінде қарайтын көзқарасты шетелдік мамандар қолдайды. Бұл - оларға түсінікті.
Әлеуметтік педагог өз қызметінде әлеуметтік жұмыстар проблемаларын жиі шешеді. Олай етпеген жағдайда әлеуметтік- педагогикалық қызметтің ұтымдылығына қол жеткізу мүлдем қиын. Мысалы, балада мазмұны жағынан әлеуметтік қызметкер шешуге тиісті проблема туындаса, әлеуметтік педагог та оны дербес шешуге құқылы.
Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогика қайсыбір жағдайларда өзара түйісіп, ұштасуы, қайсыбірінде ұштаспауы мүмкін. Олар өз мақсаттарын өз әдістері және құралдары арқылы іске асырады. Нақ сондықтан, оған әлеуметтік жұмыстар қызметтері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет