Әлеуметтік психологияның әдістерін екі топқа бөліп қарастыруға болады



бет3/14
Дата08.02.2022
өлшемі29,73 Kb.
#119465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Әлеуметтік психология 3
1С.Зертханалык жұмыс 2, 1573539866, 57A1C931-FF9D-4811-9879-D9A7806DBA3F, салық есептер, prezentatsiya lektsii 10 arahnologiyaga kirispe
Анкеталық әдіс қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі.. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады

.
Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).
Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.
Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет