Әлеуметтік психологияның әдістерін екі топқа бөліп қарастыруға болады



бет4/14
Дата08.02.2022
өлшемі29,73 Kb.
#119465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Әлеуметтік психология 3
1С.Зертханалык жұмыс 2, 1573539866, 57A1C931-FF9D-4811-9879-D9A7806DBA3F, салық есептер, prezentatsiya lektsii 10 arahnologiyaga kirispe
Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.
Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады.

Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар. 



Әңгімелесу— пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі

. Педагогикадағы әңгімелесу — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.
2. Психологиядағы әңгімелесу — белгілі жоспар бойынша, бақылауға алынған адамның ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар арқылы жүргізіледі. Зерттелінушіге күдік тудырмау үшін әңгімелесукөбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады. Әңгімелесу әдісі әлеуметтік медицина, бала психологиясы тағы басқа салаларда жиі қолданылады. Мұны “тәжірибеге кіріспе”, не “психотерапиялық әдіс” деп те атайды.
Әңгімелесу (выступление) - 1960 жылдың басында теледидардан жиі көрінетін жанрлардың ең карапайым түрлерінің бірі. Алғашқы жылдары Қазақ теледидары эфирге тікелей шығатын. Хабар кейіпкерлері ақпаратты көбінесе қағаз бетіне қарап оқитын. Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша теледидар ақпараты "әңгімелесу" хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен.



3.3


Контент-анализ - [ағылш. Contents - мазмұны] - халықаралық қатынастарды зерттеудің экспикативті әдістерінің бірі. Ең алғаш контент анализ XVIII ғасырда қолданды, Швецияда кітаптағы мәтіннің жиілік өлшемімен қызмет етті.
Бірақ, контент анализ әдісінің нақты пайда болуы XX ғасырдың 30 жылдары. Контент-анализ – бұл құжаттардың сандық-сапалық талдауы, екі талдау бірлігін ажыратудан басталады: мазмұндық және сандық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет