Әлихан Бөкейханов – қайраткер, ғалым жоспар


Ә.Бөкейханов өлім жазасына кесу туралы және үйін тінту туралы ордер қағаздар (көшірмелері)



бет3/3
Дата15.10.2023
өлшемі6,03 Mb.
#185594
1   2   3
Байланысты:
Әлихан Бөкейханов - қайраткер, ғалым презентациясы

Ә.Бөкейханов өлім жазасына кесу туралы және үйін тінту туралы ордер қағаздар (көшірмелері)
  •  XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысқал ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланған. Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.
  • 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері осындай көп еңбектенудің арқасында өз ұлты туралы көп нәрсеге көзі жетеді.
  • Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған.
  • Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
  • Ә.Бөкейхановтың
  • саяси көзқарастары, шығармашлығы, ғылыми ізденістері жайлы жазылған еңбектер.
  • Әлихан Бөкейханов - саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қарақан басының қамынан гөрі ұлтының тағдырын биік қойған, халқының келешегін ойлаған, әрі сол жолда басын бәйгеге тіккен аяулы тұлға. Бір емес бірнеше ғылым саласын бірге алып жүрген ғұлама дарын. Қазақ әдебиеті тарихында, жалпы қазақ тарихында Әлиханның алатын орны әрқашан да ерекше, шоқтығы биік болмақ! Әлихан Бөкейханов – қазақтың ұлтының нағыз жанашыры, Алаштың арысы!
  • ҚОРЫТЫНДЫ:
  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  •  1.Әшкеев Н. «Ә.Бөкейхановтың ұлттық мемлекет құрудағы ұстанған негізгі принциптері» Ақиқат , 2002 , №3, 50 -55 б.
  • 2. Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы» Алматы, Санат, 1995, 23-28 б.
  • 3.Нұрпейісов К. «Алаш Һәм Алашорда» Алматы , Ататек, 1995, 156 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет