Әліппемен қоштасу I- бөлім Мұғалім



Дата15.02.2022
өлшемі20,65 Kb.
#131838
Байланысты:
Әліппе (1)



Әліппемен қоштасу


I- бөлім


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар. Бүгінгі қуанышты күн «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді: Қош келдіңіздер.
Мұғалім: Мерекеміз болып жатыр, ал оқушылар қараңыздар құрметті қонағымыз келе жатыр
-Кім екен?
— Әліппе
Бәрі: Әліппе, әліппе,біз сені күтіп тұрмыз
Әліппе: Менің атым әліппе
Мені аққудай дәріпте,
Мені оқып, ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлікте,
Өсті міне, бойларың,
Өсті міне, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсың тойларың!
Балалар өзіммен бірге досым Ана тілдіде ерте келдім!
Сендер мені оқып тауыстындар. Енді менімен қоштасып, мына «Ана тілі»оқулығымен достасасыңдар.Оны да жақсы оқыңдар. Сабақтарынды жақсы оқып, ата аталарыңды, ұстаздарынды қуанышқа бөлей беріңдер.


Ақзер: Құрметті стаздар мен ата аналар
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар,


Марат:Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әріптермен.


Еркежан: Ең алғаш қолға алған Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
Хор «Әліппе».


Қыз-жігіт айтысы(екі топқа бөлінген ұлдар мен қыздар «Әріптер сөйлейді» айтысына қатысады.



А- әрпі. Ақзер
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа,ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?


Н -әрпі. Нурикамал
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы іріптен басталған
Соңғы әрпінеде қарашы.


Ғ- әрпі Алихан
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестеткөз алдына,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?


Р -әрпі Алинұр
Қырларда құр деші,
Жайылып жүр- деші
Ал енді өзін –ақ
Р- Р- Р- Р- деші,


О- әрпі Нұржан
О кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.


М- әрпі Бекарыс
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С- әрпі Жібек
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?

Ы -әрпі Ербол


Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?


Ж- әрпі Азамат
Түн шымылдық ашқаннан
Жымындайтын аспаннан
Көк шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған?


І -әріп Кәусар
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?


И- әрпі Айару
Үш шырпыдан қайсы әріп
Шығады екен құралып
Ал шырпыны төгіңдер
Құрастырып көріңдер.


З -әрпі Диас
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ө- әрпі Абухайыр
Өрік те сөздің басында
Бөрік те б ның қасында
Бұл қай әріп көріңдер
Енді айтып беріңдер.


Г- әрпі Гаухар
Егіз десе екінші
Сегіз десе үшінші
Бұл қай әріп екенің
Өзің қарап түсінші.


У- әрпі Раяна
Үйрек десе бірінш і,
Бүйрек десе екінші
Бұл қай әріп екенің
Біреу айтып берсінші.


В -әрпі Дінмұхаммед
Қосылса 13арасы
Қандай әріп қарашы?


П- әрпі Айя
Ата анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен?


Ф- әрпі Жансұлу
Қос бүйірін таянып
Тұратын ол қай әріп.



Жүргізуші:Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік. Қазір қандай мезгіл балалар?
-Қыс
Жүргізуші: Олай болса суреттегі қар қиыршықтарына жазылған адасқан буындардан сөздер құрап оқимыз!
Оқу білім бұлағы, білім оқу шырағы.
-Балалар! Бізге мектеп салған
Оқулықтармен қамтыған
Орта білім берген Отанымызға не айтамыз?
-Рахмет, рахмет,рахмет


«Отан» әні (хор)
Мұғалім: Сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларына ата аналарын, әжелерін де қосқан үлесі мол. Қане бәріміз рақмет айтайық.


Мұғалім: Қымбатты ,балалар, мектептегі алғашқы жемістеріңмен құттықтаймын «Әліппе»сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсың.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет