Эмбриология


Витальды және суправитальды бояу



Pdf көрінісі
бет14/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Витальды және суправитальды бояу. 
Жасушаларды және тіндерді виталь- 
ды (тірі кезінде) бояу барысында бояуды жануардың организміне енгізеді, ол 
белгілі жасушаларды, олардың органеллаларын немесе жасуша аралык затты 
ғана тандап бояйды. Мысалы, трипанды көктін немесе литийлі карминнің 
көмегімен фагоциттер аныкталады, ал ализариннің көмегімен сүйектің 
жаңадан пайда болтан матриксі аныкталады.
Организмнен бөлініп алынған тірі жасушаларды бояу 
суправиталды
бояу 
деп аталады. Осы әдіс аркылы эритроциттердің жас формасын — каннын 
ретикулоциттерін (бриллиантты крезилді көгілдір бояуы), жасушалардағы 
митохондрияларды (жасыл янус бояуы), лизосомаларды (нейтралды кызыл 
бояуы) аныктайды.
Тірі жасушаларды және тіндерді культурада 
(in vitro)
зерттеу. 
Бүл әдіс өте кең 
тараған әдістердің біріне жатады. Адамның немесе жануардың организімінен 
бөлініп алынған жасушаларды, тіндердің немесе мүшелердің кішкентай 
үлгілерін ішінде арнайы коректендіруші орталар — қанның плазмасы, 
эмбрионалдық экстракт, сондай-ак, жасанды орталары — бар шыны немесе 
пластмассадан жасалған ыдыска орналастырады.
Суспензиялык (жасушалар ортада калкып жүреді), тіндік, мүшелік және 
монокабаттык (эксплантацияланған жасушалар әйнекте тұтас кабат түзейді) 
культураларды ажыратады. Ортаның стерильділігі, дененің кызуына сәйкес 
температура камтамасыз етіледі. Бүл жағдайда жасушалар ұзак уакыт бойы 
тіршіліктің негізгі көрсеткіштерін — өсу, көбею, бөліну, қозғалу кабілеттілігін 
сактайды. Мұндай культуралар, егер культивация ортасын жаңартып және 
тіршілігі мүмкін жасушаларды баска ыдыстарға ауыстырып отырса, көптеген 
күндер, айлар, тіпті жылдар бойы өмір сүруі мүмкін. Жасушалардың кейбір 
түрлері, олардын геномдарындағы өзгерістердін салдарынан, культурада 
сакталынуы және көбеюі аркылы үзіліссіз жасушалык катарларды түзейді. Жа­
сушаларды және тіндерді культивациялау әдісіне А. А. Максимов, А. В. Румян­
цев, Н.Г. Хлопин, А. Д. Тимофеевский, Ф. М. Лазаренколар үлкен үлестерін 
косты. Қазіргі кезде фибробласттардың, миоциттердің, эпителиоциттердің, 
макрофагтардың көптеген жылдар бойы сакталынып келе жаткан жасушалык 
катарлары алынды.
Культивациялау әдісін колдану жасушалардың саралануының, жасуша- 
лардын катерлі өзгерістерге ұшырауының, жасушалардың вирустармен және 
микробтармен әрекеттесуінің біркатар зандылыктарын аныктауға мүмкіндік 
берді. Тіндерді культивациялау әдісі эксперименталдык бакылаулар үшін өте 
маңызды болып келеді. Адам организмінен пункция немесе биопсия кезінде 
алынған жасушалар тіндердін культурасында адамның жынысын ажыратуға,


2.3. Tipi жасушалар мен тіндерді зерттеу әдістері
33
түкы м к у ал ай ты н ауруларды , катерл і кай та кұралул арды , б ір к атар улы зат- 
та р д ы ң ә с е р л ер ін а н ы к тау ға к о л д ан ы л у ы м үм кін.
Ж асу ш ал ар культурасы о л ар д ы ң ги б ри д телуін ж үргізу үш ін де к ең ін ен
кол д ан ы л ад ы .
Тіндерді жасушаларға бөлудін әдістері ашылып, жеке жасушалардын түрлерін 
бөлектеу және оларды культивациялау әдістері жасалған. Бастапкыда тінді, жа- 
суша аралык байланыстарды және жасушадан тыс матриксті протеолитикалык 
ферменттердің (трипсин, коллагеназа) және Са2+ байланыстыратын косылымдардың 
көмегімен (ЭДТА — этилендиаминтетраацетаттын көмегімен) күйрету аркылы, жа- 
сушалардан тұратын суспензияға айналдырады. Әрі карай алынған суспензияны 
жасушалардын әр түрлі фракцияларына центрифуганың көмегімен бөледі, ол женіл 
жасушалардан олардан гөрі ауырларын, үлкендерін кішілерінен айыруға мүмкіндік 
береді немесе жасушалардын шыныға немесе пластмассағажабысуы аркылы ажыратуға 
жағдай жасайды, бұл кабілет әр түрлі жасушаларда әркилы болып келеді.
Жасушалардын ш ынының үстіне өзіне тән ерекшелікпен жабысуы үшін, олардын 
бір түрімен ғана айрыкша байланысатын, антиденелерді колданады. Жабыскан жасу- 
шаларды матриксті ферменттермен бүзу аркылы бөліп алады, осының нәтижесінде 
біртекті жасушалардын жүзіндісі (сүйыктык ішіндегі жасушалар) калыптасады. Бұдан 
гөрі нәзік бөлу әдісі флюоресцияланатын бояулармен байланыскан антиденелер- 
мен белгілеу болып табылады. Белгіленген жасушалар белгіленбеген жасушалардан 
сортердін (электронды флюоресцентті-белсендірілетін жасушалык талдауыштын) 
көмегімен бөлу болып табылады. Жасушалык талдауыш 1 секундта 5000 жуык жасу- 
шаларды сүрыптайды. Бөлінген жасушаларды культивациялау жағдайында зерттеуге 
болады.
Жасушаларды культивациялау әдісі олардын тіршілігін, көбеюін, саралануын, 
баска жасушалармен әрекеттесуін зерттеуге мүмкіндік жасайды.
Әдетте, культураларды жоғарыда сипатталған тіңдерді диссонианиялау әдістерімен 
алынған жасушалар суспензиясынан дайындайды. Жасушалардын көпшілігі суспен- 
зияда өсе алмайды, оларға катты негіз (бет) кажет, бұл катты беттің кызметін пласт- 
массадан жасалған культура өсіретін тостағаншанын, кейде жасушадан тыс матрикстің 
компоненті, мысалы коллаген кұйылған ыдыс аткарады. Бірінші реттік культура деп 
тікелей жасушаларды фракциялаудын бірінші сатысынан кейін дайындалған культу­
раларды атайды, ал екіншілік деп бірінші реттік культуралардан жана культивациялау 
ортасына ауыстырылған жасушалар культурасы аталады. Жасушаларды дәйекті түрде 
апталар және айлар бойы кайта-кайта ауыстырып өсіруге болады, бұл кезде жасуша­
лар өздеріне тән гистогенетикалык белгілерін (мысалы, эпителий кабаттар кұрайды) 
сактайды. Жасушалык культуралар үшін бастапкы материал болып эмбрионалдык 
тіндер және нәрестелердің тіндері пайдаланылады.
Қоректендіруші орталар ретінде тұздардың, амин кышкылдардың, дәрумендердің, 
кан сарысуының, тауык эмбрионы экстрактісінің, эмбрионалдык сарысудың және 
т.б. коспалары колданылады. Қазіргі кезде әр түрлі жасушаларды культивациялау 
максатында арнайы орталар жасалған. Олардың кұрамында жасушалардын тіршілігіне 
және көбеюіне кажет бір немесе бірнеше өсу факторлары болады. Мысалы, жүйке 
жасушаларының өсуі үшін жүйкенің өсу факторы керек.
Жасушалардын көпшілігінде культурада өтетін бөлінудін сандары накты болып 
(50—100), одан кейін жасушалар опат болады. Кейде культурада шексіз бөліне алатын 
және жасушалык тізбектерді кұрайтын (фибробласттар, эпителиоциттер, миобласттар 
және т.б.) мутантты жасушалар пайда болады. Мутантты жасушалардын, токтаусыз


34
2-Тарау. Гистология, цитология және эмбриологияның зерттеу әдістері
бөліне алатын рак жасушаларынан айырмашылыктары болады, олар к а п ы беткей- 
ге бекімей-ак өседі. Культурада аныкталатын рак жасушалары, кәдімгі карапайым 
жасушаларға карағанда, тығыздау популяцияны түзейді. Осындай касиеперді экспе­
римент жағдайында калыпты жасушаларда калыптастыруға болады, бұл үшін оларды 
ісіктекті вирустармен немесе химиялык коспалармен трансформациялау кажет, сонын 
салдарынан неопластикалык трансформацияланған жасушалык тізбектер катары 
түзеледі. Трансформацияланбаған және трансформацияланған жасушалар тізбегін 
томен температура (—70 °С) жағдайында үзак мерзімге сактауға болады. Жасушалардын 
генетикалык біртектілігін клондаумен арпы рады , бүл жағдайда бір жасушаның дәйекті 
бөлінуінің нәтижесінде біртекті жасушалардың үлкен колониясын алады. Клон — бір 
ғана жасуша-ізашардан дамыған жасушалар популяциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   383




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет