Эмоционалды интеллект және сыни ойлау



бет1/3
Дата11.04.2022
өлшемі87 Kb.
#138771
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Дұрыс эмоция
Документ (2), Отсканированные документы, pdfcoffee.com oeap-b1-sb-answer-keys-pdf-free

Түсінік хат

7-сынып оқушыларына арналған "Эмоционалды интеллект және сыни ойлау" элективті курсының бұл жұмыс бағдарламасы жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тапсырмасымен «Педагогика» кафедра-лабораториясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мекемелеріне арналған «Әдеп» таңдау курсы бағдарламасы, құрастырушы А.Қ. Данкенованың бағдарламасы негізінде жасалды.
Курстың функциялары оқушылардың эмоционалды тұрғыда дамуы мен өзін-өзі тануына, психология негіздерімен танысуға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты:
Оқушылардың өз-өзімен, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас негізін қалау және концептуалды тұрақты, позитивті бағдарланған және белсенді өмірлік ұстанымды ұстанатын тұлғаның дамуына ықпал ету.
Міндеттері:
* Эмоция және эмоцианалды интеллект туралы түсінік қалыптастыру;
* Оқушылардың өз эмоцияларын басқара білуді үйрету;
* Оқушыларды кез-келген мәселе мен болып жатқан оқиғаға сыни пікір айта білуге үйрету;
* Эмоционалды интеллект деңгейін бағалау;
* Оқушылардың позитивті ойлауын қалыптастыруға ықпал ету;
* Болашақ өзін-өзі табысты жүзеге асыруға көмектесу мақсатында оқушыларға өзін-өзі талдау және үнемі жұмыс жасау дағдыларын үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет