Емтихан билеті №1



бет11/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тіл және сөйлеу.

Жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты: біреу сөйлейді, екінші біреу тыңдайды, сөйтір өзара ұғынысады. Сөйлеудің мұндай жеңіл көрінуі-оның үйреншіліктігінде , Тереңірек ойласақ, сөйлеу актісі өте күрделі құбылыс. Тіл мен сөйлеу аарасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлігіне, дарындылығына ғана емес, одан әлдеқайда күрделі факторға ға байланысты. Ондай факторлар қатарына диалектілік ерекшеліктер, көршілес тілдердің әсері мен ықпалдары, сөйлеу тілі мен жазу тілі, әдеби тіл арасындағы өзгешеліктер, қоғамның, ой-сананың күрделене дамуы т.б. жатады.

  1. Тіл мен сөйлеудің бір еместігін, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеден-ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін ХІХ ғасырда өмір сүрген В.Гумбольд, Г.Штейнталь, Г.Шухард сияқты ғалымдар да айтқан. Бірақ тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыдан алғаш дәлелдеп берген ғалым деп, әдетте, Ф.де Соссюрді атайды.

Ф.де Соссюр тіл білімін тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасыдеп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы – негізгі, оның объектісі – сөйлеу әрекетінің индивидуалдық жағы, ол – таза психофизикалық пән, бұл екі пән өзара тығыз байланысты: тіл сөйлеу түсінікті болу үшін және өзінің барлық әрекетін жарыққа шығару үшін қажет, ал сөйлеу тіл қалыптасу үшін қажет деп біледі.
Ф.де Соссюр «сөйлеу әрекеті» деген терминді де қолданады. Оның пікірінше, тіл мен сөйлеу-сөйлеу әрекетінің екі саласы, екі жағы: Ол: «Тіл-сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі, рас, маңызды бөлшегі ғана» деп жазады. бірақ де Соссюр сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеу мағынасында да қолдана береді.

  1. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы. Тіл мен ой-сананың бір-бірімен қарым-қатысы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрынбасталған көне тақырып. содан бергі уаққыта бұл екеуінің байланысы жөнінде айтылмаған пікір қалған жоқ. Қазір бұл мәселені лингвистер де, логиктер де, психологтар дасөз етуде, бірақ тіл мен ойлаудың қарым-қатыстарын айқындауда бірізділік болған емес. Оларды негізінен үш түрлі көзқарастың төңірегіне топтауға болады:

    1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, бір-бірінен ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. бұл менталистік бағыт деп аталады.

    2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүниедейтін көзқарас. Бұл механистік бихевиористік бағыт деп аталады.

    3. Тіл мен ой-сананың қарым-қатысы жайлы үшінші көзқарас – бұлар өзара тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-теңдікбірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар диалектикалық бірлік дейтін марксистік көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатынасы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы үшінші бағыт.

Ойлау тілмен байланысты дегенде жалпы түрде, абстракт мәнде алынған тілмен емес, өзін қалыптастырған, жарыққа шығарған тілмен ғана байланысты болады. Тіл мен ойдың қарым-қатысын ғылым объектісі ететін де осы айтылған өзгешеліктер мен бірліктер. Бұл байланысты тіл білімінің менталингвистика деп аталатын саласы зерттейді.
Мента — ақыл, ой, ойлау деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Менталингвистика — экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет