Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Ежелгі Жерортатеңізі патшалықшасы



бет37/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»
pdf 20230424 230607 0000
Ежелгі Жерортатеңізі патшалықшасы.

Ежелгі Жерортатеңіздік патшалықша батыстағы Макаронезиядан бастау алып, барлық Жерорта теңізі аумағын, Азияның Орталық және Алдыңғы аудандары арқылы шығыстағы Монғолияға дейінгі орасан зор аумақты қамтиды. Бұл көлемді аумақта Макаронезияның ылғалды мәңгі жасыл ормандарынан Орталық Азияның шөлді аймақтарына дейін өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Алайда бұл аймақ флорасының даму тарихы кейбір ортақ белгілерімен сипатталады. Флорасы ежелгі Жерорта теңіздік – Тетис жағалауы бойымен қалыптасты, ежелгі жерорта теңіздік өсімдіктердің басым көпшілігінің шығу тегі Шығыс Азиялық. Тропикалық флораның өзгерген түрлері де оның құрамында елеулі орын алады, әсіресе Макаронезия және Сахара-Аравия облыстарында (лавр және пальма тұқымдасының өкілдері). Ежелгі жерорта теңіздік патшалықша 4 облысқа бөлінеді.
1.Макаронезия облысы
Алып жатқан аумағы: Африка жағалаулары, Еуропаның оңтүстік батыс шетіне жақын орналасқан Атлант мұхитының аралдары кіреді: Азор, Канар, Кабо-Верде, Мадейра және Сельваген ар-ры. Климаты тропиктік және субэкваторлық.


Эндемиктік түрлер (шамамен 30), оның жартысынан астамы Канар аралдарында өседі. Макаронезияның өсімдік жамылғысында Азор лаврынан мәңгі жасыл лавр орманы ерекше. Олар палеоботаниктер анықтауы бойынша, Европаның миоцинді және плиоценді ормандарына көбірек жақын.Осы областың эндемик өсімдіктеріне Канарлық финик пальмасы, айдахар ағашы жатады.
2. Жерорта теңіздік облысы
Алып жатқан аумағы: Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка жағалауы, Атлас тауларының солтүстігі, Израиль мен Ливан жағалауы. Субтропиктік құрғақ (жерорта теңіздік типті) климаттың таралу зонасы.
Эндемиктік түрлер саны онша жоғары емес, түр эндемизмі 50%-ға жетеді. Типтік эндемиктер немесе эндемиктік түрлер осы облыс өсімдігінің бейнесін айқындайды: лавр, платан, зәйтүн, еменнің қатты жапырақтары мәңгі жасыл ағаш түрлері, қарағай түрлері, қойбүлдірген ағашы, аршагүл түрлері, ладанник, фисташкиді де атап өту керек. Облыстың батыс бөлігіне діңгексіз пальма (Chamaerops humilis) эндемик тән. Солтүстік Африка мен Ливанда ливандық және атластық балқарағай түрлері таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет