Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы Шолпан Мендигалиева



бет2/3
Дата09.08.2017
өлшемі375,21 Kb.
#23040
1   2   3

Кіріспе

Сыныпты топқа бөлу. Оқушыларға карточкалар таратылады.




1. Формулалармен-

2. Физикалық шамалар- импульс,энергия, масса,жылдамдық, уақыт

3. Өлшем бірліктер-Дж, кг, м/с, Н, кг*м/с


Үй жұмысы

Сұрақ-жауап әдісі

1. Реактивті қозғалыс қай заңға негізделген?

2. Реактивті қозғалыс принципі бойынша қандай жәндіктер қозғалады?

3. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?

4. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?

Физикалық диктант

1) Дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі________

2) Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ___________деп аталады.

3) Сыртқы күштердің әсері болмаған кезде ішкі күштердің әсері болатын жүйе_________деп аталады.



4) Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым _____________басталады десек болады.

5) Тұңғыш жасанды Жер серігі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан __________ ұшырылған болатын.

6) Қазіргі заманғы зымырандардың қозғалтқыштары отын түрлерін пайдалану бойынша ______ және_____ болып ажыратылады.

7) Реактивті қозғалыс________________________



8) Қатты отынды зымыранда _________арнайы түрі қолданылады.

9) Сұйық отынды зымыранда __________ қолданылады.

10)Зымыранның Жерге қайтып оралуы жоспарланған болса, онда үшінші саты қосылардың алдында ғарыш кемесі ______бұрылады.

  1. Дене импульсі

  2. күш импульсі

  3. тұйық жүйе

  4. Циолковский

  5. 1957 жылы

  6. сұйық және қатты отын

  7. Дененің бір бөлігінің қандай да жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы

  8. оқ дәрі

  9. керосин, спирт, сұйық сутегі, оттегі, азот қышқылы

  10. 1800

Бағдаршам арқылы бір- бірін бағалау.

Жасыл түс-барлығына дұрыс орындағандар

Сары түс-2-3 қате жібергендер



Қызыл түс-4 қатеден көп жібергендер



Тұсаукесер

Талқылау үшін сұрақтар беріледі

"Дене күйі", "күй" деген сөздерді қалай түсінеміз?

Энергия дегеніміз не?

Энергияның қандай түрлері бар?

Кинетикалық энергияны есептеу формуласы қандай?

Потенциалық энергиялардың формуласы қалай өрнектеледі?



Жаңа сабақ

Топтық жұмыс "Галерея"

1. Эксперименттік тапсырма

Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысының олардың массаларына тәуелділігін тәжірибе жасап пайымдай аламыз. Мысалы, бірдей h биіктіктен массалары әр түрлі m1>m2 екі болат шар көлбеу жазықтықпен домалап, ағаш білеушемен соқтығыссын. Сонда массасы кіші шардың соққысына қарағанда массасы үлкен шардың соққысынан білеушенің үлкен аралыққа l1>l2 жылжығанын көреміз. Бұдан массасы үлкен дененің кіші денеге қарағанда жұмыс істеу қабілетінің де үлкен болатынын көреміз. Сөйтіп қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді деген қорытынды жасаймыз.

2. Эксперименттік тапсырма Дененің істеген жұмысы сол дененің жылдамдығына да тәуелді болады. Оған көз жеткізу үшін массасы өзгермейтін бір шарды әр түрлі биіктіктен домалатып, ағаш білеушемен тағы да соқтығыстырайық. Сонда үлкен биіктіктен құлаған шардың соққысына ұшыраған білеуше l1, ал сол шар кіші h2 биіктіктен құласа, оның соққысынан білеуше l2 жол жүреді. Оның себебі: шар кіші биіктіктен құлағанда үлкен жылдамдыққа ие бола алмайды. Ал ие бола алмайды. Ал үлкен биіктіктен құлағанда оның қозғалыс жылдамдығы да үлкен болады. Шардың жылдамдығы жоғары болған сайын , білеушенің орын ауыстыру аралығы да ұзара береді.

3. Эксперименттік тапсырма. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Серіппенің қалыпты күйі көрсетілген. Координатаның бас нүктесі ретінде деформацияланбаған серіппенің бос ұшындағы О нүктесін аламыз. Серіппені қалыпты күйден шығарып, х1 аралығына дейін созайық, сонда оған F1 серпімді күші әрекет етеді. Серпімді күштің әрекетінен серіппенің бекітілмеген ұшындағы А нүктесі А1 күйінен А2 күйіне дейін орын ауыстырсын, осы кезде оның F2 серпімді күші әрекет етеді. Сонда А нүктесінің орын ауыстыруы

l=x1-x2 шамасына тең болады. Мұндағы х1-серіппенің бастапқы ұзаруы, х2-соңғы ұзаруы. Серпімділік күші серіппенің х ұзаруына (біздің жағдайда х шамасына) тәуелді болғандықтан, ұдайы өзгеріп отыратын айнымалы шама болып табылады., яғни:

F1=kx1; F2=kx2;

Сондықтан серпімділік күшінің жұмысын анықтау үшін оның орташа мәнін аламыз:

Fорт=(F1+F2)

Сонда серпімділік күшінің істеген жұмысы мынаған тең болады.

A=-





Топтар бір-бірін сэндвич әдісімен бағалайды.




Бекіту

Есептер шығару.

І топ-19 жаттығу тең болып шықты.

№ 4. Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 400 Н-ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады. Ол 400Н-ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады.?

ІІ топ-20 жаттығу № 3

Зеңбіректен ату кезінде 280 м/с бастапқы жылдамдық алған снаряд тік жоғары ұшады. ату орнынан қандай биіктікте снарядтың кинетикалық энергиясы оның потенциалдық энергиясына теңеледі?

ІІІ топ-20 жаттығу №5

Массасы 400 г дене қатаңдығы 100 Н/м сығылған серіппеге бекітілген.Серіппені босатқаннан кейін, дене ең үлкен ұзаруы 10 см болатындай тербеліс жасайды. Тербеліп тұрған дененің ең үлкен жылдамдығы қандай?


Бағалау

Критерий арқылы бағалау, бірін-бірі бағалау. Бағалау бетшесін толтыру

Кері байланыс

SMS әдісі Ойларын жазады.

А) Бүгінгі сабақта білдім,үйрендім? (қызыл телефонға жазу)

Б) ұсыныстар (қара телефонға)


Үйге тапсырма


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет