English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)



бет9/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже
Гос сурактары терапия, solpr11 (3)
Екі буынды сын есімдердің біразы мен екіден көп буындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең) least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды
Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа қа нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Тіпті, «Более деген сөздің қазақша аудармасы қандай?» деген сұрақ туады. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.

Жай шырай
(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

important (маңызды)

more important

the most important

interesting (қызықты)

more interesting

the most interesting

difficult (қиын)

more difficult

the most difficult

careful (сақ, ұқыпты)

more careful

the most careful

Мысалы:
This task is more difficult than last one – Мына тапсырма соңғысынан (соңғысына қарағанда) қиынырақ.
The most careful man does not injure himself – Ең ұқыпты кісі өзін жараламайды.

Салыстармалы шырайда да асырмалы шырайда да ерекше жолмен жасалатын сын есімдер бар. Олардың салыстырмалы және асырмалы шырайлардағы түрлері негізгі (түбір) сын есімге (жай шырайдағы түріне) мүлдем ұқсамайды.

Жай шырай
(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

good (жақсы)

better

the best

bad (жаман)

worse

the worst

much, many (көп)

more

the most

little (кішкентай)

less

the least

far (алыс, қашық)

farther
further

the farthest
the furthest

Мұндағы farther және the farthest сөздері тек кеңістіктегі ара қашықтыққа (дистанция) қатысты қолданылады. Ал further және the furthest сөздері кеңістіктегі ара қашықтыққа қатысты және уақыттағы ара қашықтыққа (айырмашылық) қатысты да қолданыла береді. Мысалы: Furthest star system – Ең алыстағы жұлдыз жүйесі. The furthest time zome from Shymkent is Managua (capital of Nicaragua) – Шымкенттегі уақыт зонасынан ең қашық уақыт зонасы – Манагуа (Никарагуаның астанасы). Шымкент пен Манагуадағы уақыт айырмашылығы – 12 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет