English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)



бет1/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже
Гос сурактары терапия, solpr11 (3)

English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)
Ағылшын тілінің алфавиті латын қарпіне негізделген. Алфавит 26 әріптен тұрады: 21 дауыссыз (Consonants (консэнэнтс)), 5 дауысты (Vowels (вауэлз)). Y және W әріптері кейде дауысты кейде дауыссыз бола алады.
Бас әріптер (үлкен әріптер) – upper case немесе capital letters, ал кіші әріптер – lower case немесе small letters деп аталады. Letter (летэр) – әріп.
Кестеде қызылмен жазылғандары – дауыстылар.

Мұндағы қос нүкте (:) қойылған әріп созылыңқы айтылады. Мысалы: bi:.
dʒ деген дж қосарлы әріптерін білдіреді. Сол сияқты:
ʒ – ж
tʃ – ч
ʃ – ш
j – и
ʌ – а (жуан)

English Grammar. Lesson 2: Articles (Артикльдер)


Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады.
Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.
Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.
The indefinite article: a (an)
A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр.
Мысалы:
I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.
This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.
Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет