Әож 37. 016 Ааминдер тақырыбын оқыту әдістемесі



Дата05.06.2017
өлшемі151,84 Kb.
ӘОЖ 37.016
ААМИНДЕР ТАҚЫРЫБЫН АМИНДЕР ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Битемирова А., Битемір Н., Ирискулова Л.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан



Резюме

В статье излагается о формировании творческой способности учащегося с помощью творческие старания преподавателя. А творческие способности осуществляются через творческие образы и мышление. Несомненно ясно, что творческое мышление, скорость , ловкость и находчивость учащегося формируется во время каждого урока с преподавателем.

Summary

The article describes the formation of the creative ability of the student with the help of creative efforts of the teacher. And creative abilities are realized through creative images and thinking. It is certainly clear that the creative thinking, speed, agility and resourcefulness of the student is formed during each lesson with teacher.


Әрбір оқытушының негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білім алушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.[1] Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр оқытушы, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс [2].

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-оқушылардың қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Оқытушының шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Оқытушының осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол оқытушының әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Химияның негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдары да қарастырылады. Мұндай тапсырмалар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға химия заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді. Бұл үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.

Аминдер. Аминдердің химиялық қасиеттері тақырыбына мынандай қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындауға болады.

Сабақ мақсаттары


  • Аминдерді тани білу және жіктей алу

  • Аминдерге тән физикалық – химиялық қасиеттерді танып өз болжамдарын ұсына алу

Ынтымақтастық сабақта негізгі құндылық ретінде саналады. Аминдердің нуклеофильді орынбасу механизмі кезінде реагенттердің өз ара әрекеттесуін осы құндылықты дарыту есебінен эффективті нәтижеге қол жеткізуге болады.

Пәнаралық байланыстар: Фармацевтика. Химиялық өндіріс.

Оқу мақсаты:

- аминдердің жіктелуін және олардың Брэнстед-Лоуридің теориясына сәйкес негіздер болып табылатындығын білу

-аммиак, біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдердің негіздік күшін салыстыру, түсіндіре білу

- галогеналкандардың нуклеофильді орынбасуы арқылы аминдердің түзілу механизмдерін түсіну:

- Аминдерді тани алу; - жіктелуін ұғыну; - механизмдерін жаза алу.

Осы әрекеттен кейін назар білім беру құндылықтарына аударылады

Оқушыларға оқу мақсаттары және оған жетудегі міндеттер түсіндірілген соң, олармен ақылдасып бағалау критерийлері келісіліп алынады.

Осы іс – әрекеттер орындалғаннан кейін, сабақтың теориялық мазмұнына назар аударылып, сабаққа кірісіледі;



Аминдермолекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді.Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады. Аминдер радикалдық санына байланысты бірінші, екінші және үшінші аминдер деп бөлінеді. Қарапайым алифатты аминдер (метиламин, этиламин, диметиламин) газ тәрізді заттар, суда жақсы ериді. Иістері аммиактың иісіне ұқсас. Ортаңғы аминдер сұйық заттар, иістері балықтың иісін еске түсіреді. Құрамында көміртек атомы көп аминдер — иіссіз, қатты заттар. Аминдер органикалық, еріткіштерде (бензол, т.б.) жақсы ериді. Анилин түссіз май тәрізді, улы зат. Суда нашар ериді, ал органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Ауада тотығып, қоңыр түске айналады.



Реакция жүру механизмдері:

1 саты:

2 саты:


Тақырыпты мұғалім түсіндіріп болғаннан соң, оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындауға кіріседі. Сабақтың соңында оқу мақсаттарына қайта оралып, оқушылардың қаншалықты түсінгендіктері сұралады және келесі сабаққа үй тапсырмасы беріледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Нені білдім, нені үйрендім

Нені толық түсінбедім

Немен жұмысты жалғастыру қажет










Барлық оқушылар – Аминдерді таниды және жіктей алады. Реакция механизмдерін жаза алады.

Көптеген оқушылар – Жасаған әрекеттерін жазбаша көрсетумен қатар, ауызша сипаттап кең спектрлі анықтама бере алады

Кейбір оқушылар Жоғарыдағы іс – әрекеттерді қоса отыра, аминдердің негіздік қасиеттері және циклді аминдерді кіріктіре анықтама бере алады.

Бағалау Оқушылар бұл жаңа сабақ туралы алған білімдерін жұп болып және топ болып талқылайды, постерлерде өз идеяларын қорғайды. Сол үдерістерді бақылау арқылы бағалау үдерісі алып барылады. Сондай-ақ сабақтың бекіту кезеңінде сұрақ-жауаптар түрінде де бағалау мүмкін.

Әрбір сабақтан соң оқытушы рефлексия жүргізу арқылы нәтижеге жетуге мүмкіндігі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Оқытушы үздіксіз іздену, өзін-өзі жетілдіру арқылы ғана білімін шыңдап отырады. Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.



2. Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет