Ер адам-парыз, ар-намыс, парасаттылық, пен тәртіп идеяларының көрінісі. Ер азаматқа тән қасиет



Дата07.04.2022
өлшемі18,03 Kb.
#138285
Байланысты:
Берік Советдинов-1



Ер адам-парыз, ар-намыс, парасаттылық , пен тәртіп идеяларының көрінісі. Ер азаматқа тән қасиет
Қазіргі бозбала – ертеңгі отағасы, жанұясының тірегі. Сол себепті өз-өзіңді тәрбиелеуді кейінге қалдыру дұрыс емес. Әдетте, адамдар өзінің кемшіліктерін түзеуді мейлінше созып, «ересек шағына» қалдырады.
Жастайынан өзіне жауапкершілік алып, мінезін тәрбиелеген жігіт ертең кез келген нәзік жандының арманындағы батырға айнала алады. Қоғамда «әйел адамның рөлі зор» деген пікір қалыптасқан. Ал, негізінде, ер адамдар өзінің рөлін, қоғамдағы орнын көп жағдайда жете түсінбейді. Нағыз ер жігіттің ең басты, маңызды деген қасиеттерін назарыңызға ұсынамыз:
1. Нағыз ерлер сөзіне, ісіне жауапты болады.
Өз-өзіне ие бола алмайтын, сөзіне толық жауап бере алмайтын ерлерді жиі кездестіреміз. Әдетте, ондай жігіттер өзінің жүрегін емес, эгосын тыңдауға бейім. Жұдырық ала жүгіретін қызуқанды жігіттер өзін баса білуді үйренгені дұрыс. Әркім өз сөзіне ие болса, төбелес, жанжалдың да қажеті болмайды.
Бұл әдетті жойып, одан арылмасаңыз, пайдасынан гөрі зиянын көбірек көресіз. Бұл қасиеттен арылу үшін өз-өзіңді тәрбиелеумен қатар сабырлы, байсалды болу керек.
Әр жауабыңызды жақсылап ойланып, таразылап бергеніңіз жөн. «Реакция» деген сылтауды қойып, «нағыз ер адам» сияқты әр сөзіңізге, ісіңізге жауапты болуды үйреніңіз.
2. Нағыз ер адамдар өзін мінсіз деп ойламайды.
Нағыз еркек өзінің кемшіліктерін, қателіктерін мойындауға дайын. Өз сезімдерін ашық түрде айта алады. Өзге біреудің кейпіне еніп, басын қатырмайды. Нағыз еркек ұрыс-керіске араласпауға тырысады. Ал жанжалға тап болса, оны тез арада шешудің амалын қарастырады.
3. Нағыз еркектің мақсаты бар.
Мақсат, ұмтылыс, арман. Нағыз ер адамның өмір жолында осы нәрселер басты рөл ойнайды. Өмірде өз орнын табу, махаббатын кезіктіру, мақсатқа жету – нағыз ер адамның ойында болуы керек дүниелер.
4. Нағыз еркек батыл болады.
Егер ісі оңға баспай, ойдағыдай болмаса, қол қусырып, өмірге ренжуге әдеттенген жігіттер бар. Өз эмоцияларыңызды билей аласыңыз, өзіңіз жайлы жақсы, оң пікір қалыптасатынына сенімді болыңыз.
Біз «темекіні қойғым келеді», «балаларыммен қарым-қатынасымды жақсартқым келеді», «әйеліммен бұрынғыдай қарым-қатынаста болғым келеді», «жаңа бизнесті бастағым келеді» деген сияқты сан түрлі арман-тілектерді жиі естиміз. Алайда, бүгін айтылған сөз келесі жылы қайтадан айтылуы ғажап емес. Себебі неде? Адамдарға батылдық жетіспейді. Ер адамдар өзінің табиғатына сәйкес батыл болуы керек. Нәзік жандылар сіздің бойыңыздан дәл осы қасиетті көруді қалайды.
Жоғарыда аталған қасиеттерді өз бойыңызға сіңірсеңіз, өмірде табысты адам бола аласыз.
Азаматтық парыз — адам мен қоғам үйлесімділігін білдіретін әлеум.-этикалық ұғым, жеке тұлғаның туған жерата мекен, Отан, халық алындағы парызы.[1] Қазыбек би “Алтын ұяң — Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат” деген. Адамзат пен Отанды сүю тек азаматтық парыз емес, сонымен бірге ар-намыспен де байланысты. “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді” деген осыған мегзейді. Азамат үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі — нағыз адам болу. Адамға өз ісін жетік білу де — азаматтық парыз Пайғамбар хадистерінде “үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім” деген ұлағатты сөздер бар. Азаматтық парыз адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Азамат өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезіну қажет. Азаматтық парыз азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және халықтың шынайы билігі бар жағдайларда толық жүзеге аса алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет