Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі Білім алушы білу керек



бет3/18
Дата28.03.2022
өлшемі0,8 Mb.
#137016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
№10 Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі
10-зерт Нұршат Оразкелді, 10-зерт Нұршат Оразкелді, 190768, СРСП КУАНЫШКАЛИЕВА А ДФ301
Иісті газбен улану
Иісті газдан улау – адам организміне ену салдарына дамитын патологиялық жедел жағдай. Ауада отынның толық жанбауы кезінде иісті газ пайда болады. Пештегі түтін шығу жолдарын алдын ала жабу кезінде пайда болады. Яғни, химиялық тұрғыдан қарағанда көміртек (IV) оксиді көмірмен қайтадан әрекеттеседі, себебі оттегі жеткіліксіз. Осының арқасында көміртек (II) оксиді пайда болады:
2C + CO= 2CO↑
Улы газдың аса қауіптілігі – иісі мен түсінің жоқтығы. Улану белгілерін анықтау қиын.
Клиникалық белгілері. Көзден жас ағу, бас ауруы және бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, құрғақ жөтел, сананың шатасуы, құрғақ жөтел, көру есту елестерінің болуы, терінің гиперемиясы, миоз, анизокория, тұншығу, салдану, жүрек қызметінің күрт нашарлауы, команың дамуы. Улану симптомдарын сезінген кезде дереу сыртқа шығару кажет. Ауыр жағдайларда жүректің тоқтауы ықтимал. Зардап шегушіні дереу ауруханаға жеткізу керек.
Алғашқы көмек.
1.Иісті газ көп жиналған жайдан жапа шеккен адамды алып шығу,киімінен босату.
2.Мүсәтір спиртін аз уақытқа иіскету (спиртті тампон мұрынға 1см артық жақындатылмайды, тампонды мұрын тұсына желпілдеткен дұрыс, бұл өте маңызды, себебі мүсәтір спиртін өте жақын иіскегенде тыныс жолдарының параличі болуы мүмкін).
3.Денені ысқылау, аяғына жылытқыш қою.
4.Науқас ессіз жағдайда болса,жүрек-өкпе реанимациясын жүргізеді. 5.Уланудың барлық түрінде науқасты госпитализациялау керек, өйткені біраз уақыттан кейін өкпе мен нерв жүйесінде асқынулар болуы мүмкін. Иісті газбен орташа және ауыр деңгейде уланған, әсіресе ессіз жатқан науқастарды емдеудің таңдаулы әдісі – гипербариялық оксигенация ГБО.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет