Ереже жалпы ережелер



бет6/9
Дата15.06.2020
өлшемі20,83 Kb.
#73552
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word

7. ҚҰРЫЛЫМЫ

 

7.1. «Жас Ұлан»  негізі  «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы  болып табылады.

7.2. Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.

7.3. «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады. 

7.4. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп  есептеледі.

7.5. «Жас Ұлан»  көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.

7.6. Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер,  ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан)  Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан»  аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді. 

7.7. Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

7.8. Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

7.9. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

7.10. Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет