Ереже жалпы ережелер


Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады



бет9/9
Дата15.06.2020
өлшемі20,83 Kb.
#73552
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word

8.4. Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады.

8.4.1. Атқарушы директорды Төрағаның ұсынымы негізінде Республикалық Кеңес тағайындайды.

8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге асырады, Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есеп береді, олардың шешімін орындайды. Атқарушы директор ұйым алдында қызметінің нәтижесі мен заңдылығы бойынша жауапты.

8.4.3. Атқарушы директор құзіретіне:

- өз мүлкі аясында ұйым қызметіне қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;

- жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық құралдарды тарту;

- Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;

- бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатқа иелік ету;

- кадрлық мәселелерді шешу, орынбасарлары мен аппарат құрылымының жетекшілерін Кеңес Төрағасының келісімімен тағайындайды;

- ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олардың ауысуы мен жұмыстан шығу туралы бұйрық шығарады, атқарушы директорат құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлерге орындауға міндетті талаптар жасайды, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызметкерлерді қабылдайды;

- еңбекақы жүйесін анықтайды, сыйақы беру, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгіс жариялайды; 

- ұйым атынан келісім-шарт жасайды;  

  - Кеңестің және Құрылтайдың құзіретіне кірмейтін басқа да өкілеттікті жүргізеді.

8.4.4. Атқарушы директор өз уәкілдігін немесе бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.

8.4.5. Атқарушы директор өз қызметін жүзеге асыра алмағанда, оның қызметі жаңа директорды сайлағанға дейін орынбасарына жүктеледі.

8.4.6. Атқарушы директор қызметінен Кеңестің сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын босатылады.

   

9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ 

 

  9.1. «Жас Ұлан»  қызметі Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жас ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара әрекеттеседі.

  9.2. «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет