Альфортиоз. Сірі қабықтар сыртынан қызғылт, ақ иіріліп жатқан балаң құрттар көрінеді. Ағзаны тіліп жібергенде, іші қанға толы, кішігірім қуыстар байқалады
Стронгилез. Ұйқы безінің аумағы ұлғаяды, без жолдары қабынып, ішінен балаң құрттар табылады.
Трихонематоз. Ішектің кілегей қабатында түйіншектер, қанталаулар бар. Олардың ішінен тоғышарларды сығып алуға болады.
Емі
Ішекте орналасқан ересек сатыларына қарсы, яғни имагиналды стронгиляттарға қарсы, көптеген антигельминттиктерді қолданады.
Төрт хлорлы көміртегі- 8-40мл малдың жасына қарай, 18 сағаттық аштықтан соң береді. Дәріні желатина капсула түрінде немесе танау- кеңсірік, жұтқыншақ, өңеш зонд арқылы береді.
Фенотиазин- 0,1 г/кг мөлшерінде, ылғалданған сұлу немесе басқа құрама азыққа қосады.
Панакур(фенбендазол)- 0,045 г/кг мөлшерінде, бір рет қана береді.
Мебенвет-гранулят 10% дық -0,25 г/кг мөлшерінде, құрама жеммен 1:10:15 қатынасында беріледі.