Ересек құрттар қоздыратын жылқылардың стронгилятоздары


Жылқы стронгилидтің ауыз қуысының құрылысы



бет4/12
Дата11.03.2022
өлшемі0,66 Mb.
#134998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Паразит Слайд (копия)

Жылқы стронгилидтің ауыз қуысының құрылысы

Жұмыртқасының құрылысы

Мекен - жайы


Ал, балаң құрттары дененің әр түрлі мүшелерін: қан тамырларын, шажырқай артериясын, көк еттің, шарбы-шажырқайын, ұйқы безін, ішектердің кілегей қабатын зақымдайды; 5-6 ай бойы сонда болып, стронгиляталардың балаң құрттары жеке дара ауруларды туындатады.
Ересек сатылары тақ тұяқтылардың бүйенінде, тоқ ішегінде мекендейді.

Даму айналымы

Стронгиляттар- геогельменттер, олар аралық иелерінің қатысуысыз, тікелей өсіп дамиды.

Имаго, еркек және ұрғашы сатылары ұрықтанады, ұрықтанған соң, аналық жынысты құрттар тоқ ішекте жұмыртқалайды. Жұмыртқалар сыртқы ортаға бөлінеді, 25-26 градус жылылықта келесі күні-ақ, жұмыртқадан дамуының бірінші сатысындағы майда ұрықтар қалыптасып, жұмыртқаның қабығынан шығады. Олар нәжістің ылғалымен азықтанып, денесіне қоректік заттар жинайды. 2-3 күннен соң балаң құрттардың қозғалысы баяулап, олар екі рет түлеп, екінші, үшінші балаң сатысына айналып, барлығы 6-7 күн ішінде инвазиялық сатыдағы балаң құртқа айналады. Сонымен, сыртқы ортадағы дамуы 7-10 күнде бітеді. Инвазиялық балаң құрттар шөп бойымен жоғары- төмен өрмедей алады, жем-шөппен, сумен малдың асқорыту жүйесіне түседі, ішектің қан тамырларына еніп, денені кезіп жүреді, малдың әр түрлі мүшелерге, стронгиляттардың түріне қарай, орын ауыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет