Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі



Дата16.12.2016
өлшемі28,72 Kb.
#4028
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Менің отбасымның салт-дәстүрлері.

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Жанұя ортасына қарап шағын әңгіме құрауға үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Отбасы мүшелерін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Отбасы мүшелері туралы бейнетаспа.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

1. Жылылық лебізі

Армысың, алтын күнім!

Жарқырап нұрын шашқан.

Армысың, көк аспаным!

Көгіңе самғап ұшсам.

Армысың, жер-анам!

Құшағын бізге ашқан.

Армысыңдар, достарым!

Әрқашан бірге жүріп, бірге ойнаған.


Балалар тәрбиешімен бірге айнала тұрып, өлең жолдарын қимылмен көрсете отыра айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балалардың назарын теледидарға аударып, әңгімелеседі.

-Мынау-отбасы мүшелері.

-Мынау ана, ол үйде не істейді?

-Ал мынау, әке, ол үйде не істейді?

-Әкесі қайсы, көрсетші. Анасы қайсы?

-Қане, көрсетші, кім киімді үтіктеді? Кім еденді сыпырды?

-Отбасы мүшелерін атайықшы?

-Қыз анасына кім болып келеді? (қызы)

-Баласы анасына кім болады? (ұлы)

-Ұл бала қыз балаға кім болып келеді? (ағасы).

Тәрбиеші отбасы мүшелері туралы мағлұмат беріп, әңгімелейді.

-Сендер өз жақындарыңа қалай көмектесесіңдер?

-Ағасы мен інісі, әпкесі мен сіңлісі өзара ешқашан сөз таластырмайды. Ұрыспайды. Олар бір-бірін сыйлайды.

-Балалар, әр отбасының өз салт-дәстүрлері болады.

Кейбір отбасылар демалыс күндері барлығы қала сыртына серуенге баруды үрдіс етіеді.

Енді біреулері әр мерекені толық отбасы болып қарсы алады.

Кейбіреулері балаларын әр демалыс сайын циркке, театрға, саябаққа апаруды үрдіс етеді.


  • Балалар, сендердің отбастарыңда қандай салт-дәстүрлер бар екенін айтыңдаршы?



Балалар өз жанұя мүшелері туралы қысқаша әңгіме құрастырады. «Мынау менің әкем. Ал мынау анам. Менің қасымдағы ағам. Бұл менің отбасым. Мен отбасымды жақсы көремін...»

Балалар,өздерінің отбастарыңда қандай салт-дәстүрлер бар екенін әңгімелейді.


Рефлексивті-түзетушілік

«Еркелетіп айт» ойыны

Тәрбиеші алдын-ала отбасы мүшелерінің (ата, әже, ана, әке) еркелеткен сөздерін үнтаспаға жазып алады.



Үнтаспадағы отбасы мүшелерінің жылы сөздерін естіп, балалар кімнің еркелетіп айтқанын тауып айтады. Дұрыс тапқан баланы мадақтап, қол шапалақтайды.


Балалар өздерін отбасында қалай еркелететінін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Не білуі керек: Отбасы туралы түсінік.

Нені игереді: Жанұя туралы шағын әңгіме құрауды.

Не үйренді: Отбасы тірегін сыйлау керектігін.
Каталог: uploads -> doc -> 0462
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0462 -> Сабақ түрі: Жаңа сабақ Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, сұрақ-жауап, аудару, түсіндіру, әңгімелеу т б


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет