Ермексаз және менің СҮйіктікейіпкерлерім қабдолла Әдемі Мұратқызы №1 Егіндікөл орта мектебі



бет3/12
Дата28.01.2018
өлшемі1,09 Mb.
#34229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қоян- ақылды, мәдениетті, спортшы, тәртіпті, 20 ғасырдың үздік оқушысы ретінде бейнеленген.Сериал барысында ол өте мәдениетті , салауатты өмір салтын ұстанатын , үлгілі кейіпкер. Бұл кейіпкер де маған өзіндік ерекшеліктерімен ұнайды.Мысалы, қоғамдық орындарда өз-өзін ұстай алуы, тапқырлығы, спортқа әуестігі, әзілқойлылығы, көңілділігі.Әсіресе маған қоянның тапқырлығы ұнайды. Кез-кеген жағдаяттан жол тауып шығады.Дегенмен бұл кейіпкердің маған ұнамайтын жақтары да бар. Маған қоянның тек қана бір қатып қалған заңдылықпен жүретіні ұнамайды . Егер қоян менің заманымның кейіпкері болса, ол қазіргі өмірге тез бейімделе алмас еді деп ойлаймын.Мен осы кейіпкерлердің жақсы, керек қасиеттерін өзіме үлгі қылдым. Қасқыр мен қоян қанша жерден бір-біріне қарсы болса да, екеуі бір-бірін толықтырып тұрады. Қасқыр бұзықтығы болмаса қоянның сонша тапқыр болар ма еді? ! Қоғамдық жерде тәртіп бұзады, жол тәртібін бұзады, заң бұзушылығын ,дөрекілігін тоқтатпаса үлкен қауіп бар деп ойлаймын.Қоян қанша жерден тәртіпті

6

болғанымен, мәдениетті болғанымен, ол үкен дәрежеге жете алмайды депойлаймын, себебі онда бәсекелестік , өр мінезділігі жоқ. Тапқыр болғанымен шектен шықпайды.Орташа деңгейде өмір сүретін қызметкер. Ерекше бір ерлікке бара қоймас деп ойлаймын. Ал қасқыр ойланбастан кеме тесіліп суға толып бара жатқанда өз денесімен тесікті жапқан. Бұл да қасқырдың ерлік қасиетін қөрсетеді. Сонымен қатар қасқыр да, қоян да өте өнерлі деп ойлаймын . Екеуі де сериал барысында ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнайды.





7

Ермексаздан жапсырмалау тәсілдері.

Дөңгелек , бұны қолда немесе алақанда жапсырмалауда болады. Екінші тәсіл тиімдірек ,өйткені алақанда дөңгелектер формасы жақсы шығады. Дөңгелек бөлшегін көбінесе жануарлардың, құрт-құмырсқалардың басын дайындауда қолданады.Дөңгелекті былай жасауға болады:

1.Ермексаздың бір түйірін тақтайшаға қойып, пластик пышағымен керек мөлшерін кесіп алу керек.

2.Алақанды сулап алу керек.

3. Ермексазды алақандардың арасына қойып, кесіп алған бөліктің шеттерін

дөңгелете оң алақанымен бірнеше рет айналдырып қозғау керек.

4.Тақтайшаны дымқыл матамен сүртіп ,дайын болған бөлікті үстіне қою керек.

5. Дайын болған қалыпты тақтайшаның үстіне қойып оң алақанымен күш түсірмей үстінен басу керек.

8

6.Шардың формасын келтіре отырып, алақанмен дөңгелету керек.



Тамшы, алмұрт,бөшке.Тамшы формасы – шар формасынан жасалады.Тамшының жоғарғы бөлігі сүйір болып келеді. Дайын қалыптын сүйір бөлігін саусақпен басса, алмұрт формасы пайда болады.Бұндай бөліктерден жануарлар мен құстардың денесін дайындауға болады.

1.Жоғары да айтылғандай шар жапсырмалау.



2.Тақтайшаның үстіне шарды қойып,оң қолдың сұқ саусағымен шарды жартылай жабу керек.

3.Қалыптың шетінен саусақпен ақырындап басып,жоғары-төмен илеу керек.

9

4.Жапсырмалауды шар тамшы формасына айналғанда тоқтатасыз.



Алмұрт.

1.Тамшының сүйір бөлігін ақырындап дөңгелетіңіз.

2.Бөлікті жіңішке жағынан екі саусақтың ұшымен ,бірнеше рет айналдырыңыз.Сізде алмұрт пішіндес форма пайда болды.



10

Бөшке.



1.Тақтайшаның үстінде шарды шамалап дөңгелетіңіз.Жан-жақ бөлігіне цилиндр формасын бере отырып.

2.Цилиндрдің бір шетіне саусағыңызды қойып,қалыпты бірнеше рет айналдырыңыз.

3. Осылайша екінші шетін айналдырасыз.

4.Қалыптың шеттеріне дөңестеңіз.Сізде бөшке пайда болады.



11

Қорытынды

Адамға қойылатын басты талап- асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ,ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен , адалдығымен және әділеттігімен ардақты.Адамгершілік – адамның рухани арқауы екендігін біле отырып, өзіміз күнделікті көретін мультсериалдардан адамгершілік, қайырымдылық,тапқырлық, ақылдылық қасиеттерін үйреніп, бойымызға сіңіруге болады. Мен өзімнің бұл жұмысымда «Қап, бәлем!» мультсериалынан өзімнің сүйікті кейіпкерлерім Қасқыр мен Қоянның бойынан өзіме керек деген жақсы қасиеттерін көріп , соны ашып жазуға тырыстым. Әр бала мультсериалдарды көргенде өзіне тек жақсы қасиеттерді, жақсы ой, жақсы сезім алса деп ойлаймын. Болашақта осы кейіпкерлермен өзім мультфильм түсіру ойымда бар. Өзімнің сүйікті кейіпкерлерімнің ,өзім көрген жаңа қырларын көрсетіп, мына өлең шумақтарымен жеткізуді жөн көрдім.



«Ну погоди» мультфильм,

Жиырмасыншы ғасырғы

Ақымақ қылып қойыпты,

Көк бөрі, көкжал қасқырды.

Алдап соғар қасқырды

Қоянды қылған ақылды.

Қорқақ қоян ешқашан,

Болмаған ғой батылды.

Бүгінгі көзбен қарасаң ,

Әр ісін оның ақырын.

Мойымайтын қасқырың,

Көшбасшы болар батырың.

12

Осы жұмысымды жазғанда кездескен қиындықтар: бір кейіпкерлердің



бойындағы екі қарама –қайшы қасиеттерге баға беру қиынға түсті. Қасқыр бұзық болса да , қиын жағдайда ерлік көрсете алады. Ал қоян соншалықты тәртіпті болғанымен үлкен ерліктерге бара алмайды. Қоянның қулығы мен қорқақтығы бар.Өйткені ол табиғатынан қорқақ. Қиын жағдайда бірден от-суға түспейді. Сонымен қатар қазақша ермексаз туралы әдебиеттердің болмауы қиындық тудырды.

Осы жұмыста мені қызықтырғаны кейіпкерлерімді ермексаздан мүсіндей отырып, олардың сыртқы келбетінен ішкі дүниесін түсінгендей болдым.Соны мүсіндеуге тырыстым.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет