«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе



бет4/20
Дата08.02.2022
өлшемі287 Kb.
#118218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе
Disser Oralbekova, жаратлс шғару, жаратлс шғару, 253785.pptx 3, 253785.pptx
Өзгертілген М.Windle сауалнамасы ата-аналарға арналған сұрақтардан тұрады. Бұл сауалнама арқылы келесідей темперамент ерекшеліктері анықталады: жалпы белсенділік, ұйқы кезіндегі белсенділік, икемділік, көңіл-күй, ұйқы қалыптылығы, тамақтану қалыптылығы, әдет қалыптылығы, алаңдаушылық пен зейін. Балалардың соңғы екі ерекшеліктін анықтауға бағытталған тапсырмалар біріктірілген.
Шет ел психологиясында ойын терапиясы диагностика мен түзету жұмыстарында кеңінен қолданысқа енген. Ойын терапиясы бала дамуын зерттеудегі психоаналитикалық тәжірибенің айырылмас бөлігі болып табылады /11/. Бала ойынын талдау әдісі көптеген ерте жастағы кірігу бағдарламаларында қолданылады.
Ерте жастағы балалардың дамуын бағалауға арналған басқада көптеген әдістерді атап өтуге болады. Балалардың қабілетін анықтауға арналған McCarthy Scales of Childrens шкалалар топтамасы алты шкаланы қамтиды: вербальдық, моторлық, сандық, естілім (перцептивті) іс-әрекет шкаласы, жалпы танымдық қабілет шкаласы, есте сақтау қабілеті шкаласы. Шкалалар бірінші сынып оқу жылының соңындағы бала біліміндегі жетістіктерді сипаттайды.
Г.В.Пантюхина, К.Л. Печора және Э.Л.Фрухт секілді ғалымдар 3 жастағы балалардың жүйкелік-психикалық дамуын зерттеуге бағытталған әдістеме өңдеген. Әдістеме баланың көру, есту және эмоциональдық бағдар реакцияларын, қол қимыл реакциаларын, белсенді сөйлеуге дайындық кезеңдерін, жалпы қимыл-қозғалысын, заттармен әрекеттесуін, түсінуі мен белсенді сөйлеуі, сөзді түсінуі мен белсенді сөйлеуінің даму деңгейін, сенсорикасы мен іс-қимыл дағдысы және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының даму барысын зерттейді. Даму тежелісінің шектері белгіленген.
Л.Г.Журба, Е.М.Мастюковалар бала өмірінің алғашқы жылындағы психомоторлы дамуының жастық ерекшеліктерін сандық бағалау әдісін ұсынады. Бұл әдіс даму деңгеін белсендіріп, тежелген қызмет түрлерін анықтайды . Әдіс кешенді қарқынды даму ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған. Даму барысындағы ауытқулардың төрт деңгейі анықталады: тәуекел тобы мен күрделі есту және көру мүмкіндіктерінің шектелуі, ауытқулар себептері мен емдік-түзету жұмыстарын анықтайды. Бағалау «негізгі қызмет түрлерін» жас ерекшелігіне қарай бақылауды қамтиды. Қарқынды бақылау барысында «қисық сандық бағалау» бағыты қолданылды.
Зерттеулер нәтижесінде Л.Т.Журба мен О.В.Тимонина ерте жастағы балалардың дамуын бағалауға арналған психомоторлық даму көрсеткіштерін сандық бағалау әдісін ұсынды. Әдіс бала дамуындағы әр түрлі қимыл-қозғалыс, тілдік және психикалық ауытқуларды анықтайды. Бұл әдіс арқылы тәуекел тобына жататын және мүмкіндіктері шектеулі балалардың санының артуының алдын алуға болады. Аталған әдіс бала дамуындағы психомоторлық ауытқуларды ерте жаста анықтап, құрылымын, күрделілігін және басқа қызметтік жүйелермен байланысын зерттейді .
О.В.Баженова бір жасар бала мінез-құлық түрлерін тіркей отырып, психикалық даму ерекшеліктерін зерттейтін әдіс ойлап тапты. Мінез-құлық ерекшеліктері психологиялық белсенділік кезеңдеріне байланысты зерттеледі /16/. Әдістің негізі «ерте жастағы даму онтогенезі бала қабылдауынан туындаған мақсатқа сай іс-әрекеттің қалыптасуына байланысты дамыйды» деген пікір болып табылады.
Е.О.Смирнова және басқа ғалымдар баланың туылғаннан үш жас аралығындағы психикалық даму ерекшеліктерін анықтайтын жаңа зерттеу бағытын ұсынды. Жаңа әдіс ерте жастағы бала дамуында ерекше орын алатын жалпы жеке тұлғалық даму барысын зерттейді. Әсіресе, ересекпен қарым-қатынасы, іс-әрекет ерекшеліктері анықталады .
Сонымен қатар бала өмірінің алғашқы жылындағы психикалық денсаулығын анықтайтын клинико-психологиялық зерттеу әдісіне жататын баланың нәрестелік кезі мен ерте жасында жүйкелік-психикалық зерттеу графигі - «ГНОМ» әдістемесі өңделді. Бұл әдістеменің көмегімен психикалық даму коэффициентін анықтауға болады. Яғни ерте жастағы баланың психикалық дамуындағы ауытқулар мен тәуекел тобы белгіленеді. Бұл арнайы психикалық аурудың алдын алу, психогигиеналық және емдеу мен педагогикалық түзету жұмыстарын ерте бастауға мүмкіндік береді.
90 жылдары ақыл-ой дамуында тежелістері бар ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісін өңдеп шығарды. Әдісті жасау барысында әр жас кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер, жетекші іс-әрекет түрі мен баланың жалпы іс-әрекет түрлерінің даму деңгейі ескерілген. Бұл әдіс бала дамуындағы ауытқуларды анықтап ғана қоймай, сонымен қтар оларды түзету жұмыс бағыттарын анықтайды. Әдістеме Ресей федерациясындағы әртүрлі аймақтық ПМПК жұмыстарына енгізілді.
Соңғы жылдары есту мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте анықтап, түзету жұмыстарын ұйымдастыру мен әдістемелік қамсыздандыру жүйесі төңірегінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Көптеген аудиолог мамандарының пікірінше есту қабілетін зерттеу әдістерінен тиімділері: есту мүмкіндіктерін тіркеу және отоакустикалық эмиссия әдістері болып табылады. Бұл әдістер скрининг өткізуге өте қолайлы. Ол сезімталдығымен ерекшеленеді, яғни жалған жағымды және жағымсыз нәтижелерді көрсетпейді, баланың есту мүмкіндігін субъективті бағалайды. Бұл әдістер АҚШ, Германия Ұлыбританияның кейбір аймақтары мен Белгия және т.б мемлекеттерде қолданылады.
Л.В.Фильчикова көру мүмкіндіктерін зерттеу үшін объективті әдіс болып табылатын клиникалық сипатты толық қамтыған арнайы көру мүмкіндіктерін тіркеу әдісін қолдану қажеттігін атап өткен. Себебі көптеген мінез-құлық реакцияларына негізделген психофизиологиялық зерттеу әдістері көру мүмкіндігі мен қырағылылықты толық анықтай алмайды, бұл түзету жұмыстарын жоспарлауда олқылық тудырады.
Ерте жастағы кірігудің маңыздылығының дәлелі ретінде соңғы кездегі шет елдердегі ерте жаста дамыту жүйесінің даму қарқынын атап өтуге болады. Ерте жастағы бала дамуы мәселесімен айналысатын көптеген мекемелер ашылуда. 90 жылдардың басында Ресейде арнайы білім беру жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатын дамуында ауытқуы бар балаларға ерте жаста қолдау көрсететін бөлімшелер ашыла бастады. Яғни арнайы білім беру ауытқуларды ерте жаста анықтау мен педагогикалық қызмет көрсетуді қамтуы тиіс. Бұл ауытқудың анықталуы мен арнайы қолдау барысының арасындағы алшақтықты болдырмайды. Сонымен қатар түзету жұмысына ата-ананы енгізу маңызды болып табылады.
Ерте жастағы балалардың есту мүмкіндіктерін анықтау және түзету жұмыстары туралы ғылыми зерттеулердің көптігінің арқасында Ресей ғалымдары есту мүмкіндіктері шектеулі ерте жастағы балаларды (жаңа туылғаннан бастап) анықтайтын бірегей жүйе өңдеді. Бұл жүйе Ресей елінде есту мүмкіндіктеріндегі шектеуліктерді анықтайтын міндеттті құрал ретінде қолданысқа енгізілді. Ерте жастағы балалардың есту мүмкіндіктеріндегі ауытқулар туу үйлері мен емханаларда және сурдологиялық кабинеттерде өткізілетін аудиологиялық скрининг нәтижесінде анықталады. Ресейдің әртүрлі аймақтарындағы есту мүмкіндіктері шектеулі жандар саны көрсеткішін салыстыру барысында есту ауытқуларының алдын алу мақсатында атқарылатын жүйелі анықтау жұмыстардың тиімділігі анықталды.

Дүниежүзілік тәжірибеде ерте жастағы кірігу бағдарламаларын арнайы білім беру, денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының құрылымы ретінде, сонымен қатар қоғамдық қорлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың атқарып жүрген іс-шаралары ретінде қарастырылады. Ерте жастағы кірігу бағдарламаларымен әртүрлі мекемелер жұмыс істейді: кеңес беру бөлімшелері, психолого-педагогикалық түзету кабинеттері, бейімдеу орталықтары, аралас мекемелер, үйде қызмет ету бөлімшелері, бейімдеу және оңалту топтары, уақытша болу және күту топтары, ата-аналар университеттері, ерте жаста көмек көрсету ұйымдары, күндізгі келу және медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету орталықтары, медициналық және ғылыми ұйымдардағы пәнаралық экспертизалар, ерте жастағы қоғамдық кірігу бағдарламалары, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ерте жастағы кірігу бағдарламалары, балалар үйлеріндегі бағдарламалар және т.б.


Мұндай қызмет көрсету бөлімшелері психофизикалық ауытқулары бар балаларды білім беру процессіне қосады. Оларды мүгедектер үйлеріне орналастырудан сақтап қалады. Бейімдеу топтары үйде қызмет көрсету мен бала бақша ортасындағы түйін болып табылады. Алғашқы кезеңде балаға үйде қызмет жасалып, біртіндеп оны қоғамға ендіреді. Бұл оның болашақты арнайы білім беру мекемелерінде оқуына септігін тигізеді. Соңғы жылдары Ресейде 50 ге тарта ерте жастағы балаларға қолдау көрсету орталықтары мен бөлімшелері ашылды. Сонымен қатар көптеген жоғары оқу орындары ерте жастағы балаға қолдау көрсету саласындағы мамандарды даярлай бастады.
Санкт-Петербург Институтында 1992 жылы Ресейдегі алғашқы ерте жастағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған «Нәрестелерді оңалту» бағдарламасы өңделді. Бұл бағдарлама туылғаннан үш жасқа дейінгі дамуында ауытқулары бар немесе «тәуекел» тобына жататын нәресетелерге қолдау көрсетуге бағытталған. ИРАВ мекемесінің бастауымен «Ресей мен Украин және Беларус елдеріндегі ерте жаста кірігу қызметін дамыту» және «физио-эрготерапевтер мен кәсіби көмекшілер және басқа ерте жастағы қолдау көрсету мамандарын даярлау» бағдарламалары жүзеге асырылды. Осы бағдарламалардың аясында Ресей және Украин мен Беларус елдерінің көптеген қалаларында балаларға ерте жаста көмек көрсету орталықтары мен түзету кабиенеттері ашылды. Бұл балаларға ерте жаста көмек көрсету мекемелерінде Швецияның лекотека және оңалту орталықтар моделдері қолданылады. Сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания және Норвегия мен Финляндия елдеріндегі ерте жаста кірігу бағдарламалары қолданылады.
2000 жылдан бастап әлеуметтік тәуекел тобына жататын отбасылардан (балалар үйі түлектері) шыққан балалар мен дағдарыс кезеңіндегі ата-аналарға арналған, мүгедек баласы бар отбасыларға арналған қолдау көрсету бағдарламалары өңделуде.
Ерте жастағы көрсетудің Отбасына жұмылдыру процессіне пәнаралық мамандар тобы қатысады. Олар: дәрігерлер, физиотерапевттер, көру және есту физиологтары, арнайы педагогтар, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер.
Санкт-Петербург қаласындағы «Аралас тәрбие беру орталығында» Ерте жаста көмек көрсету бөлімшелері ұйымдастырылды. Бұл бөлімшелер ерте жастағы (0 ден 3 жасқа дейінгі) балалар мен олардың отбасыларына қызмет көрсетумен айналысады. Бөлімшелер ерте жаста көмек көрсетуді жоғарыда аталған пәнаралаық және отбасына жұмылдыру бағыты бойынша ұйымдастырады.
Сонымен қатар Санкт-Петербург қаласында жаңа лекотека аймақтық қызмет түрі ашылды. Лекотека тәуекел тобына жататын балалар мен олардың отбасына қолдау көрсетумен айналысады. Бұл қызмет түрі де пәнаралық және отбасына жұмылдыру бағытын қолданады. Пәнаралық топ мамандары белгіленген қарым-қатынас жүйесімен бірге жұмыс істейді. Пәнаралық топқа мектепке дейінгі жастағы балалар педагогтары, психологтар, қимыл-қозғалысты дамыту мамандары мен неонатолог дәрігерлері жатады. Мамандардың бірлесіп жұмыс істеуі қатаң бақыланады .
Лекотека моделі өз бетінше бөлек және дамуында ауытқулары бар балалар мен олардың отбасыларына психолого-педагогикалық көмек көрсететін мекемелердің бөлігі ретінде жұмыс істей алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына дамыту ойыншықтары, дидактикалық материалдар мен арнайы құрал-жабдықтар, аудио-видео құралдар мен кітаптар беріледі. Лекотека жұмысының негізгі мақсаты бала дамуына қолайлы жағдай туғызу және оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру. Сонымен қатар ата-аналарды ауытқуларды зерттеу жұмыстарына, алдын алу іс-шараларына, түзету мен емдеу жұмыстарына тарту. Оларды ойын арқылы қарым-қатынас орнату әдістеріне үйрету және отбасын мүгедектікке бейімдеу.
Ресейде ерте жастағы балаларға қолдау көрсету бағдарламалары қарқынды дамуда. Әсіресе балалар үйлерінде тәрбиеленетін мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ерте жаста кірігу бағдарламалары өңделуде /35/. Жабық мекемелердегі кірігу жұмыс моделі пәнаралық қарым-қатынас принциптері мен әлеуметтік ортаны тұрақтандыру мен жақын ересек адамдардың бауырмалдығын арттыру мен әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу ұстанымдарына негізделген. Д.Н. Исаев бастаған зерттеушілер тобы әр түрлі ауытқулары бар жетім балаларға арналған жіктелген оңалту бағдарламаларын өңдеп шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет