Есебі 2016-2017 оқу жылы



бет1/7
Дата05.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#12986
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗККА АҚТАУ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ» ЖШС




Жарты жылдық іС-ШАРАЛАР
есебі


2016-2017 оқу жылы


М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі
2016-2017 оқу жылының І-ші жарты жылдығында тәрбие бағытында
атқарылған іс-шаралар есебі





Уақыты

Іс - шаралар

Жауапты

1

01.09.2016ж.

Ағымдағы жылдың 1-қыркүйек күні сағат 9-00 де М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің алаңында Білім күніне арналған, Қазақстан Республикасы Ата Заңының қабылданғанына 21 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты жиынға колледж әкімшілігі, оқытушылар, ата-аналар, 1 курс студенттері және арнайы шақырылған қонақтар Құрметті теміржолшы атағының иегері, Нұр Отан партиясының экономика және бюджет жөніндегі коммисиясының тұрақты мүшесі, облыстық Маслихат депутаты Амиров Табылды және Маңғыстау кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің басшысының міндетін атқарушы Жантекеева Кабира Қадырбекқызы қатысты.



ТІЖДО, ПГҰ, Топ жетекшілері

2

7-8.09.2016ж.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7,8 күндері колледж директоры Б.Ә.Досжановтың қатысуымен барлық топтар және топ жетекшілерімен жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: студенттердің колледж ережесін сақтауы, сабаққа уақытылы қатысуы.

ТІЖДО, ПГҰ



3

19.09.2016ж.

Ағымдағы жылы, қыркүйек айының 12-15 жұлдыздарының арасында Астана қаласында, ҚР техникалық және кәсіби білім беру колледждерінің студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan» республикалық ұлттық турнирі өтті. 15 критерия бойынша Республикамыздың барлық облыстарынан 145 қатысушы өз біліктіліктерін көрсетіп, колледж атынан 2 студентіміз «Тас қалау» сайысы бойынша Махамбетов Серик, ал «Тақта таспен қаптау» сайысы бойынша Арықбай Даурен қатысып, «Тақта таспен қаптау» сайысы бойынша Арықбай Даурен ІІ орынды қанжығысына байлады. Жүлделі орын алып, Маңғыстау облысының намысын қорғаған студенттерімізді Маңғышлақ вокзалынан колледж әкімшілігі мен студенттер күтіп алды.



ТІЖДО, ПГҰ

4

22.09.2016ж.

Биыл республика колледждері арасында «Сыбайлас жемқорллыққа қарсымыз!» атты студенттер марафон-эстафетасы ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушылардың бекітілген жоспары бойынша Ақтау көлік колледжі 2016 жылдың қыркүйек айының 22-сі күні өткізді. Осыған орай колледж студенттері арасында 4 ш/а теңіз жағалауында спорттық жарыстар (велосипед, скейтборд, арқан тарту, волейбол), флеш-моб ұйымдастырылып, бейне-таспаға түсіріліп марафон-эстафетаны «Ақтау Медициналық колледжіне» жолдаған болатын.

ТІЖДО, ПГҰ, Дене пәнінің оқытушысы

5

23.09.2016ж.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні колледжімізде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызы және Маңғыстау облысының маслихат депутаты Жусупов Бекмурат Кадырбайұлы, Мұнайлы ауданы «НұрОтан» партиясының қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық маслихат депутаты Әміров Табылды Маңғыстау облысы Білім басқармасының тәрбие жұмысы және балаларды қорғау құқығы бойынша директорының орынбасары А.Ж.Тұржанова Маңғыстау облысы Білім басқармасының ТиПО бөлімінің бастығы А.К.Сулейменова, «Каскор-ТрансСервис» АҚ, жүк және коммерциялық жұмыстары жөніндегі инженері Канаев С.С., «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ Маңғыстау вагон пайдалану депосы директорының орынбасары М.С.Камаловпен кездесу өткізілді. Колледжімізге келген қонақтар колледж ғимаратын аралып, мамандықтармен танысып, кабинеттерге кіріп студенттермен ашық түрде әңгімелесіп, оқытушылармен жиналыс өткізді.



ТІЖДО, ПГҰ

6

28.09.2016ж.

2016 жылдың қыркүйек айының 22-сі күні Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығының мамандары дәрігер-эпидемиолог Нургалиева Динара және дәрігер-эпидемиолог көмекшісі Утарбаев Абдрасын колледж студенттерімен кездесіп, ЖИТС-тің алдын-алу жолдарымен таныстырып, баяндама оқып, бейне-таспаларын көрсетті. Студенттер мамандарға өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қатысқан 50 студент, 4 оқытушы.



ТІЖДО, ПГҰ, колледж медбикесі

7

30.09.2016ж.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні «Ұстаздар күні» мерекесіне орай колледжімізідің Акт залында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешіміз колледж директорының құттықтауымен және жыл қорытындысы бойынша оқытушылар «Алғыс» хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, колледж студенттерінің оқытушыларға арнаған мерекелік концертімен жалғасты. Концертке барлық топ белсенділері қатысып өз өнерлерін көрсетті.

ТІЖДО, ПГҰ

8

04.10.2016ж.

04.10.2016жылы колледждегі ішкі тәртіпті қадағалау және құқық бұзушылықтың алды-алу мақсатында бір айды қорыта келе, барлық топтарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыста директордың ТІЖО Кезбаева Р.Т. қыркүйек айында сабаққа үнемі кешігіп келетін, киім үлгісін сақтамаған студенттерді атап, оларға ескерту берді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша: колледждегі ішкі тәртіп ережесі тағы бір мәрте оқылып, алдағы мерекелік шаралар бағдарламасымен таныстырылды.



ТІЖДО, ПГҰ

9

17.10.2016ж.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ағымдағы жылдың 17 қазан күні мәжіліс залында студенттер және «Жұмыспен қамту», «Эко Мангистау» орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты: бағдарламаны тереңінен түсіндіру.
Шақырылған мамандар «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» -оқыту, жұмысқа орналыстыру, өз ісін ашу және кеңейтуге көмектесуге арналған бағдарламаларды түсіндіріп, микрокредиттер туралы толық міліметтер берілді.
Қазіргі таңда мемлекеттің жастарға үлкен мүмкіндік беріп, жұмыссыздықты жою мақсатында осындай бағдарлама бар екенін түсіндірді. Студенттер бағдарлама бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.



ТІЖДО, оқу-өндірістік кешені

10

24.10.2016ж.

Ағымдағы жылдың қазан айының 24-і күні «Салауатты өмір салтын» насихаттау барысында колледжішілік таңғы жаттығулар өткізілді. Жаттығудың мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және студенттерді таңғы жаттығуға баулу. Таңғы жаттығуға 1 курс студенттері толықтай қатыстырылды.

ПГҰ, ДПО

11

27.10.2016ж.

Бүгіңгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін түрлі іс-шаралар өткізілуде. Сондықтанда әр студенттің санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Жасөспірімдердің колледждегі өмірі - тұлғаның қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осыған орай «Кәмелет жасқа толмаған жастар арасында құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау» мақсатында барлық топтарға колледжішілік профилактикалық тексеру жүргізілді. Тексеруге директордың ТІЖО Р.Т.,Кезбаева педагог-ұйымдастырушы Мұкаш Әсем
колледж психологы Токашова Ж., ішкі істер Басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды бөлімінің аға лейтенанты Е.Мұхамеджанов және лейтенант Б.Төлеміс қатысып, кәмелетке толмаған студенттер түнгі сағат 23-00 ден кейін ата-анасыз көшеге шығуға болмайтындығы туралы, колледж ішін және айналасын ластамау, колледж жанындағы тұрғын-үйлердің кіре берісінде топ болып тұрмау керектітін түсіндіріп айтып өтті.

ДТІЖО, ПГҰ

12

17.11.2016ж.

Ағымдағы жылдың 17-сі күні « Халықаралық Студенттер күні» мерекесіне орай «Ақтау көлік колледжінің ханзадасы мен ханшайымы - 2016» атты сайысы ұйымдастырылды. Мерекелік шара 2 бөлімнен тұрды:
1. Салтанатты түрде 1-курс студенттеріне сынақ кітапшаларын тапсыру рәсімі. Колледж директоры студенттерді мерекелерімен құттықтап 1 курс студенттеріне сынақ кітапшасы мен студенттік билеттерін табыстады. «АНТ» беріп директордың қолынан сынақ кітапшасы мен студенттік билетті алу ОДД-9/16-01 тобынан Орал Бексұлтан мен Р-ОПЖД-9/16-01 тобынан Каракулова Айжанға бұйырды. «АНТ» қабылданғаннан кейін барлық топ старосталары сахнаға шақырылып топтың сынақ кітапшалары тапсырылып, барлық студенттердің құрметіне ән-шашу айтылды.
2. Салтанатты рәсімнен соң кешіміз «АКК ханзадасы мен ханшайымы - 2016» сайысымен жалғасты. Сайысқа 7 топ қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушы топтар өнерлерімен бір-бірінен асып түсіп, дуэт болып ән шырқап, монолог оқып, топппен би билеп, театрландырылған көрініс көрсетті. Әділқазылар сайыскерлердің өнерлерін жоғары бағалап, әділ бағаларын берді.
Нәтижесінде: Бас жүлде – ОПЖД-11/16-01тобы, І-орын – АТС-11/16-01тобы, ІІ орын-ОДД/РОПЖД-9/16-01 топтары және ІІІ орынды – УиА/СЖД-9/16-01 топтары иеленді. Барлық сайыскерлер сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.



ДТІЖО, ПГҰ

13

21.11.2016ж.

Колледж фойесінде 1 және 4 курс студенттері мен оқытушыларға «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күн» атты мерекелік шараның ашылу салтанаты өтті. 25 күн бойы өткізілетін шаралар бағдарламасымен таныстырылды.



ДТІЖО, ПГҰ

14

22.11.2016ж.


Ағымдағы жылдың қараша айының 23-і күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыптық 25 жұлдызды күн жоспары бойынша, Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы коммуалдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен колледжде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас Ұлан» әскери-спорттық клубтарының облыстық жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаты: «Жас Ұлан» әскери-спорттық клубтарының жұмыстарын жандандырып, жастардың патриоттық сезімдерін ояту. Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан тарихын оқып тану және Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру, және Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекелерін жоғары деңгейде атап өту.

  • «Жас Ұлан» әскеи-спорттық клубтарының облыстық жарысының кезеңдері:

  1. «Сапта мықты – ұрыста күшті» операциясы

  2. «Мерген» операциясы;

  3. «Әскери іске дайын болу» операциясы;

  4. «Қорғау» операциясы;

Жарысқа қала бойынша барлық колледждер қатысып жоғарғы деңгейде қатысушылар өз шеберліктерін және дайындықтарын көрсетті. Қатысушылардың шеберліктерін көруге және бағалауға арнайы әскери комиссиараттар мен горнизондар өкілдері қатысты.







ДТІЖО, АӘД, ПГҰ, Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары

15

23.11.2016ж.

Ағымдағы жылдың 23-і күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «25 жұлдызды күн» аясында Ақтау көлік колледжінің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының директорының орынбасары Арыстанбек Рахман Нұрлыбекұлы, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы БАҚ бөлімінің бас маманы Мұрат Айбек Бекбатырұлы, Қарақия ауданы жастар ісі бөлімінің маманы Оразбекұлы Әлібек келген болатын. Келген қонақтарымыз колледж ішін аралап, білім беру және тәрбие беру бағытында жүргізіліп жатырған шаралармен танысып өтті. АӘД оқытушысы мен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы дайындаған студенттеріміз әскери-патриоттық қойылым көрсетіп, информатика пәнінің оқытушылары дайындаған студенттер арасында зияткерлік ойын-сабақ көрсетіліп, қоғамдық шараларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген студенттеріміздің жетістіктері туралы таныстырылды.



ДТІЖО, ПГҰ

16

24.11.2016ж.


Каталог: material -> news
material -> Сабақтың тақырыбы
material -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
material -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
material -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
material -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
news -> «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»
news -> Есебі 2016-2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет