Есеп шығару алгоритмінің ӘРТҮрлі нұСҚаларын жазуды білімді бекітуде және тереңдетуде пайдалану



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі70,04 Kb.
#124386
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
ЕСЕП ШЫҒАРУ АЛГОРИТМІНІҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫН ЖАЗУД1
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

ЕСЕП ШЫҒАРУ АЛГОРИТМІНІҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫН ЖАЗУДЫ
БІЛІМДІ БЕКІТУДЕ ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕТУДЕ ПАЙДАЛАНУ
Б.Мүсілімов, ф-м.ғ.к., доцент
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз, Қазақстан
Информатика курсын оқытуда тармақталыну және циклдық құрылымды алгоритмдер және программалар тақырыптарын оқып-үйренуде біраз күрделіліктер туындайды. Нәтижесінде оқушылардың көбісі бұл тақырыптарды жеткілікті деңгейде меңгермейді, шала түсініп шығады.
Жалпы, тармақталынған құрылымды алгоритмдер мазмұнын және маңызын оқушылар жете түсінуі үшін сабақ үстінде өмірден алынған мысалдарды (мысалы,екі объектіні салыстыру алгоритмі, таңертең үйден ауа-райына сәйкес киініп шығу алгоритмі, кофе немесе шай дайындау алгоритмі, күні бойы іске асырылатын жұмыстарды орындау алгоритмі, көшеден өтуге светафорды пайдалану ережесі алгоритмі, т.с.с.) көптеп келтіруге және сол бағытта оларға жеке тапсырмаларды үйге өз беттерінше орындауға беруге (ұсынуға) болады. Ондай бір-біріне ұқсас мысалдарға арнап алгоритм құру барысында оқушылар тармақталынған құрылымды (структуралы) алгоритмдер мазмұнын жете саналы түсіне бастайды, оларды жазуға машықтанады және олардың ерекшелігін, маңыздылығын терең түсінетін болады. Мысалы, берілген екі санның үлкенін (кішісін) табу есебін қарастырғаннан кейін бірден үйге үш санның үлкенін (кішісін) табуды жаттығу есебі ретінде берген жөн, тиімді.
Мұндай есептерді шығаруда бастапқыда басты назарды есептің қойылуына және оның моделін жазуға, содан кейін барып оқушыларға есепті шығарудың алгоритмінің әртүрлі нұсқаларын жаздыртуға назар аударған жөн. Егерде оқушылар есепті шығарудың алгоритмінің әртүрлі нұсқаларын өз беттерінше жазып жатса, онда олар тақырыпты және оқулық материалды дұрыс түсініп отыр деген қорытынды жасауға болады.

1 – сурет
Мысалы, берілген екі санның және үш санның үлкенін табудағы сәйкес ұқсастықтарға назар аударалық:
- есептің қойылуы:
а) бастапқы берілгендер – a, b және a, b,c;
б) аралық нәтиже – жоқ және max;
в) нәтиже (шешім) – екі жағдайда да max.
- есеп моделі: a>b және max=a, max

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет