Есеп шығару алгоритмінің ӘРТҮрлі нұСҚаларын жазуды білімді бекітуде және тереңдетуде пайдалану



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі70,04 Kb.
#124386
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
ЕСЕП ШЫҒАРУ АЛГОРИТМІНІҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫН ЖАЗУД1
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
алг Калькулятор(нақ a,b, лит op, нақ y, лит z)
арг a,b,op
нәт y, z
басы 
Таңдау ор
’+’ жағдайы: y:= a + b; 
’-’ жағдайы: y:= a – b; 
’*’ жағдайы: y:= a*b; 
’/’ жағдайы: y:= a/b;
 әйтпесе z:=’Амалдың таңбасы қате көрсетілген’
бітті
соңы
немесе
алг Калькулятор(нақ a,b, лит op, нақ y, лит z)
арг a,b,op
нәт y, z
басы 
егер ор=’+’
онда y:= a + b 
әйтпесе егер ор=’-’
онда y:= a - b 
әйтпесе егер ор=’*’
онда y:= a*b 
әйтпесе егер ор=’/’
онда y:= a/b 
әйтпесе z:=’Қате амал, түсінбеймін’
бітті
бітті
бітті
бітті
соңы
Осы жерде оқушылардың өз беттерінше үйде орындап келуіне мына тапсырмаларды ұсынуға болады:
- осы алгоритмнің блок-схема формасындағы басқаша бір нұсқасын жазып көріңіз;
- сол нұсқаға сәйкес оны алгоритмдік тілде жазыңыз;
- төмендегі келесі алгоритмдер және программалар нұсқаларын жазуды талдап және түсініп алғаннан кейін барып, өзіңіз жазған алгоритмдер негізіндегі программаны жазып жаттығыңыз.

4 – сурет
Есепті шығару алгоритмінің бірінші нұсқасына сәйкес оның программасының бір нұсқасын былайша жазуға болар еді:
program Саlc;
uses crt;
var
a,b,y:real;
op:char;
begin
clrscr;
writeln('a, b мәндерін енгіз:');
readln(a,b);
writeln(' op – орындалатын амал таңбасын енгіз:');
readln(op);
сase op of {Арифметикалық амалды таңдау}
‘+’: y:=a+b;
‘-‘: y:=a-b;
‘*’: y:=a*b;
‘/’: y:=a/b; 
end;
writeln('Нәтиже =', y:6:3);
readln
end.
Өзіндік жұмысқа тапсырма: осы программаны жоғарыдағы жазылған алгоритмге тура сәйкестендіре отырып және оның қайталанатындай бөлігі бар нұсқасын жазыңыздар. Мысалы, ондай нұсқаның бірін былайша жазуға болар еді:
program Саlc;
uses crt;
var
a,b,y:real;
op:char;
stop: Boolean; {Қате таңба болғанның және тоқтау белгісі }
begin
clrscr;
stop:= false;
Repeat {Қайталауды ұйымдастыру}
writeln;
writeln('a, b мәндерін енгіз:');
readln(a,b);
writeln(' op – орындалатын амал таңбасын енгіз:');
readln(op);
сase op of
‘+’: y:=a+b;
‘-‘: y:=a-b;
‘*’: y:=a*b;
‘/’: y:=a/b; 
еlse stop:= true;
end;
if not stop then writeln('Нәтиже =', y:6:3);
until stop;
readln
end.
Осы нұсқаға асықпай талдау жүргізе отырып, жақсылап түсініп алуға тырысыңыз.
Енді мына мазмұндағы тапсырмаларды жаттығу ретінде оқушылардың өз беттерінше орындауларына ұсынуға болады:
1.Осы программаны тармақталыну командасын (алгоритмдік тілдегі екінші нұсқасына сәйкес) пайдаланып жазыңыз.
2. Жоғарыдағы жазылған алгоритмдер және программаларға b≠0 шартын тексеруді қай жерден және қалайша қосуға болады, соны жазыңыз, мысалы, мына структураны:

5 – сурет
3. Осы келтірілген есепті шығару алгоритмінің тағы да қандай басқаша нұсқаларын жазуға болады? Көрсетіңіз, жазыңыз.
Жоғарыдағы жазылған алгоритмдердің және программалардың келтірілген нұсқаларын жақсылап түсініп алғаннан кейін барып, басқа да ұқсас нұсқаларын жазып жаттығудың өзінің оң тиімділігі едеуір. Мұндай жаттығулар жүргізу, практикалық машықтану оқушыға көп мәселелерді (кейбір ұқсастықтарды, заңдылықтарды, тәсілдерді, типтес ережелерді, т.с.с.) байқауға және оларды сенімдірек түсінуге, келешекте жаңа алгоритмдер және программаларды жазуда оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан оқушыларға жоғарыдағы көрсетілген тұрғылардағы тапсырмаларды, өздерінше өз нұсқаларын жазуды жүйелі түрде ұсынып отырған олардың алгоритмдеу негіздерін сенімді саналы түрғыда сапалы меңгерулеріне мүмкіндік береді.
Информатика және математика курстарын оқытуда осындай тұрғыдағы тәсілдерді жүйелі қолдану (әсіресе алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып-үйренуде) – ұқсастық, типтік, заңдылық, негізгі ережелерді қайтара пайдалану – оқулық материал мазмұнын тереңірек түсінуге, саналы бекітуге тиімді көмектеседі. Оқушылар алгоритм және программалардың әртүрлі ұқсас өз нұсқаларын жазып машықтанады, олар материалды сенімді түсіне түскен сайын қанағаттанарлық сезіммен арықарата қызығып өз беттерінше жұмыс істеулерін жалғастыратын болады.
Оқыту үрдісінде мұндай әдістерді және тәсілдерді жүйелі пайдаланып отыру оқушылардың күрделі тақырыптарды оқуға, білуге деген ынталарын қолдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады, мотивациялық жағдайлар тудырады.
Әдебиеттер
1. Ершов А.П. және басқалар. Информатика және есептеуіш техникасы негіздері. – Алматы, 1986
2. Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – М.: ACADEMA, 2003

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет