Есеп шығару алгоритмінің ӘРТҮрлі нұСҚаларын жазуды білімді бекітуде және тереңдетуде пайдалану



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі70,04 Kb.
#124386
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
ЕСЕП ШЫҒАРУ АЛГОРИТМІНІҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫН ЖАЗУД1
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
осы модель негізінде есепті шығару алгоритмін берілген екі сан үшін былайша жазуға болар еді (1 – суретті қараңыз).
Енді жаттығу ретінде мына тұрғыдағы тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйге беруге болады:
1. Осы алгоритмнің алгоритмдік тілдегі нұсқасын жазыңыз.
2. Берілген үш санның үлкенін (кішісін) табудың алгоритмін блок-схема және алгоритмдік тіл формаларында жазыңыз.
Тармақталынатын құрылымды алгоритмдердің ерекшеліктерін саналы түсінген оқушы болашақта өмірлік және практикалық есептерді компьютер көмегімен шешу кезінде жүргізілетін қажетті талдауларды, есеп моделін құруды, алгоритм және программаны тестілеуден өткізуді қиналмай ұйымдастыра алатын болады.
Мысалы, жоғарыдағы қарастырған есептерге ұқсас жарықшам (светафор) туралы есепті өз беттерінше жаттығуға ұсынуға болады. Мұнда бастапқы берілгендер ретінде JS айнымалысы мәндері (қызыл, сары, жасыл түстері) алынатын болады. Нәтиже (жауап) ретінде Z – тің мәні алынады. Есеп моделін былай құруға болады: JS= ‘қызыл’, JS= ‘сары’ және JS = ‘жасыл’ шарттарының орындалуын тексеру.
Осы есепті шығарудың алгоритмін блок-схема формасында жазуды

2 – сурет.
талдап және түсініп алғаннан кейін барып, оқушыларға мына тұрғыдағы тапсырмаларды өз беттерінше орындауға ұсынуға болады:
1. Осы алгоритмді жазудағы өз нұсқаңызды ұсынып көріңіз.
2. Блок-схема формасындағы алгоритмді алгоритмдік тілде жазыңыз.
3. Осы алгоритм негізінде есепті шығарудың программасын құрыңыз.
Келесі, мысалы, жоғарыдағы есептерге қарағанда математикалық тұрғыда сәл күрделірек, бірақ түсінуге жетімді – қарапайым микрокалькулятор жұмысын имитациялайтын есепті шығаруды ұсынуға болады. Бұл есепті шығару жолын талдауды (есептің қойылуын) былайша жүргізуге болар еді:
- бастапқы берілгендер ретінде а және b операндалары, арифметикалық амалдар таңбалары – ор (+, –, *, /) алынады;
- нәтиже ретінде у – тің мәні алынады;
- қосымша шарт ретінде бөлу амалы орындалатын кезде b операндасы мәнінің (бөлімінің) нөлге тең болмауын тексеруді енгізуге болады.
Есептің моделі ретінде y=a+b, y=a-b, y=a*b, y=a/b және b≠0 қатынастарын алуға болады.
Тиімді есептеу тізбегін былайша анықтаймыз: 1. y=a+b; 2. y=a-b; 3. y=a*b; төртінші – бөлу амалын орындау алдында b≠0 шартының орындалуын тексеруді қоямыз; 5. y=a/b.
Осы есептеу тізбегі негізінде есепті шығару алгоритмін жазуға болады. Біз алдымен есепті шығару алгоритмінің мына бір қарапайымдау нұсқасын келтірейік:

3 – сурет.
Осы алгоритмді алгоритмдік тілде мына төмендегі нұсқаларда жазуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет