Есептеуіш техника кабинетінде техника қауіпсіздік және тәртіп ережелері. Алгоритм және оның қасиеттарі



бет3/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,18 Mb.
#34222
1   2   3   4   5   6

Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:

Т И П Т Е Р

Қ А Р А П А Й Ы М




К Ү Р Д Е Л І

Бүтін сан

(integer)



Нақты сан

(Real)


Символдық шама

(Char)


Логикалық шама

(Logocal)



Мәтіндік шама

(Text)


Жиымдар

(Array)


Файлдар

(File)


Жазбалар

(Record)


жиындар

(set)


Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.

2. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:

tеype <тип атауы> = <тип мәні>;

мысалы: oryn=(soljak, orta, onjak)



  1. Сандардың типтері.

    Бүтін сан типтері

    Нақты сан типтері

    Byte

    0 – 255

    Real

    ±1.7E38

    Shortint

    -127 - +127

    Single

    ±3.4E38

    Integer

    -32768 - +32768

    Double

    ±1.7E308

    Word

    0 – 65535

    Extendet

    ±1.1E4932

    longint

    ±2147483648

    Copm

    -2E63-1 ... 2E1063+1

  2. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).

Мысал: var x:bolean;

  1. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.

var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.

Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.

Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.


  1. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:

атау=(1-идентиф, 2-идентиф,...,n-идентиф );

kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, ..., ‘жексембі’);

ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,..., ‘желтоқсан’);

6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:

apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …



7. Жиі қолданылатын стандартты функциялар.

Функция

chr(x)

round(x)

truns(x)

odd(x)

ord(x)

sqr(x)

Түсіндіру

Х-санын символға аударады

Санды дөңгелек-тейді

Нақты санның бүтін бөлігі

X-тың тақ екенін тексереді.

Х-символының рет нөмірін береді

x-тің кв.түбірін шығарады

Мысал:

Chr(53)=5, chr(73)=I

round(5,7)=6

truns(5,7)=5

X=5 (true)

X=6 (false)



ord(?)=63

ord(‘5’)=53




sqr(81)=9




Функция

sqrt(x)

frac(x)

int(x)

abc(x)

pi

Қалғандарын қажетіне қарай алдағы сабақтарда қолданамыз.

Түсіндіру

Х-тің квадараты

Х-санының бөлшек бөлігі

Х-санының бүтін бөлігі

Х-тің абсалют шамасы

ПИ саны

3.14159265358979



Мысал:

sqrt()

frac(15.89)=0.89

int (15.89)=15

abc(9)=9

abc(-9)=9



write(pi);

3.14159265358979





IV. Сабақты бекіту: (8мин)

1. Стандартты типтерді талдау.

2. Пайдаланушының типтеріне мысалдар келтіру.

3. Сандардың типтерін талдау, мысалдар келтіру.

4. Саналатын және диапазондық типтерге сабақта қарастырылғаннан басқамысалдар келтіру.
V. Үйге (3мин)

§2-4,6,7


7 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программасының құрылымы.
Мақсаты: оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Жауапкершілікті сезіну.


І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ
Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.
Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.



1. тақырып




program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі






Var типтері көрсетілген айнымалылар;







begin

3. операторлар бөлімі




Операторлар;







end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.


Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.



Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
ІІ.Сабақты бекіту:
Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:

Математикалық моделі

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.


program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;


write(‘көбейтінді = ‘,z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.


ІІІ. Сынып жұмысы

Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:

тапсырма: №1 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп,

№2 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп,

№3 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.
ІV. Үйге тапсырма.

1. Жоғарыдағы программаны екі санға барлық арифметикалық амалдарды қолданып, нәтижелерін экранға шығаратындай етіп өзгертіңіз.

2. §3.1, §2.2 оқу.

8сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Енгізу-шығару операторы, сызықтық программалар.

Мақсаты:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдар қалыптастыру;

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер.



Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

  • Журнал толтыру;

  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • 10-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?



1. Шамаларды сипаттау бөлімі

Жетінші сабақтағы программа құрылымын еске түсірейік.



1. тақырып




program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі






Var типтері көрсетілген айнымалылар;







begin

3. операторлар бөлімі




Операторлар;







end.

Мұндағы шамаларды сипаттау бөлімінде үш түрлі шаманың сипатталуын қарастырамыз.

1. Белгілерді сипаттау. Программадағы операторды символдармен (әріптер, сандар, аралас символдар) белгіп қоюға болады. Сонда Паскаль программаның кез-келген жерінен осы операторға оралып оны кезектен тыс орындай берді. Белгіні сипаттау бөлімінде былай көрсетеді:



label: 10, 200, aaa, bbb, 500; Мұнда label түйінді сөзінен кейін программа ішінде кездесетін белгілер көрсетілген. Белгісі бар гоператорға өту үшін goto түйіндес сөзі қолданылады. Мысалы: goto 200; 200-деген белгісі бар операторға өтеді. Бұл оператор (200) программаның қай бөлігінде (ортасы, соңы, бас жағы) тұрса да бәрі-бір.

  1. Тұрақтыларды сипаттау. Программада тұрақтылар өз мәнімен (5, 14, 13.5...) немесе оған қойылған атау арқылы беріледі. Осы атау арқылы оны программаның кез-келген жерінде қолдана береміз. Сипаттау бөлімінде тұрақтылар const түйіндес сөзімен беріледі. Жазылу түрі:

Const atay1=мән, atay2=мән2, atay3=мән,...

Const p=3.14, e=1.6E-19, max=10000,...

3. Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.

Жазылу түрі (пішімі):

var айнымалылар тізімі: типі;

мысалы: var i, j, k:integer;

x, y:real; name: string; т.с.с.

2. Операторлар бөлімі

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Жазылу түрі: program атау (input, output); Кез-келген программада кіріс (input) – шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.

Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті.



1. тақырып

program атау;

2. сипаттау бөлімі

var айнымалылар: тип;

3. операторлар бөлімі

begin

операторлар;

end.


3. Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m); Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.



4. Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек. Мысалы: x –айнымалы болсын,

read(x); Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп -ді басамыз.

5. Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол

ретпен атқарылатын программалар.



ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.

program esep01;

var x,y:integer;

begin

write(‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’);

read(x,y);

write(x,’+’,y,’=’,x+y);

end.

ІV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)

осы есептің программасын жазыңыз. Мұндағы m, x бүтін сандар. Төмендегі схеманы пайдаланыңыз.

prog… esep02;

var …,…:integer

…:real;


be…

w……


r……

y=….


w…

readln;


e….

V. Үйге (3мин)

§3.2, 3.4.2, 3.4.4, 3.4.5 №5, 9, 10 есептер (74бет).



10 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Шартты программалау және тармақтаушы операторлар.

Мақсаты:

Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Программалау ұғымын дамыту;

Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.



Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер, тест-программа.



Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

  • Журнал толтыру;

  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет).),

  • 11-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.

Компьютер-оқушының сұқбаты:

Экрандағы ақпарат

Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? ...

Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады.



Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ). Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді.

.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет