Эссе Тақырыбы



Дата28.03.2022
өлшемі22,4 Kb.
#137014
Байланысты:
Шамуратова А эссе
ББМ12, гост, 499806ED-9483-480B-8364-1E8FD598A787

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Эссе
Тақырыбы: Формулярлық жүйе – дәрілік көмектің сапасын қамтамасызданды-руда және медицинада стандарттауды енгізу механизмі ретінде

Орындаған: Шамуратова А.


Тобы: В-ФҚА-01-18
Қабылдаған: Орынбаева А.Д.

2022 ж
Дүнежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық және медициналық көмек сапасымен (МКС) қамтамасыз ету және бақылауға сәйкес 4 негізгі қызмет түрлерін есепке алады: кәсіптік – емдеу-диагностикалық үрдістің технологиясын орындау; науқас үшін қауіпті жағдай, қорларды үйлесімді қолдану, науқастың талаптарын барлық медициналық қызмет түрлерімен қанағаттандыру.


«Медициналық көмек сапасы – бұл көрсетілетін медициналық көмекті денсаулық сақтаудың өмір сүріп отырған жүйесі мен нақты емдеу мекемесінің өмірлік жағдайларында медициналық ғылым мен технологияның заманауи деңгейіне сәйкестендіру шарасы».
БДҰ медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметтің міндеттері мен мазмұнын анықтау кезінде төрт құрамдасты бөліп көрсетеді:

  • кәсіптік функцияларды орындау (технологиялық сапа);

  • ресурстарды пайдалану (техникалық сапа);

  • тәуекел дәрежесін (медициналық араласушылықтар нәтижесінде жарақаттану немесе ауру туындау қауіптілігі) бақылау;

  • пациенттің медициналық қызмет көрсетуге қанағаттанушылығы.

Сапамен қамтамсыз етуді бағалаудың 3 жолына сәйкес (Донабедиан триадасы) медициналық көмек сапасының 3 компонентін ажыратады:

  • құрылымдық сапа (құрылымдық тәсіл);

  • технологиялық сапа (іс жүргізу тәсілі);

  • нәтижелік сапасы (нәтижелік тәсіл ).

Дәлелденген медицина - бұл медицина бөлімі, жалпы тұрғындардың дәлелденген алдын-алу медицина және науқастың клиникалық медицина мәселесін шешуде қолданатын, кең таралған нақты дәлелдемелерді қолданып, салыстыра жүргізе отыратын, үнемі іздеуде болатын медицина бөлімі.
ДМ принциптері тек клиникалық тәжірибеде ғана емес, денсаулық сақтау қызметтерінің барлық түрлерінде таралады.
ДМ концепциясы бүгінгі күнде бүкіл әлем мойындаған медицина тәжірибесінің негізгі әдістері, денсаулық сақтауды басқару және медициналық білім беру болып табылады.
Формулярлық жүйе қауіпсіз, тиімді, экономикалық тұрғыдан қолжетімді дәрілік заттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді.
Формулярлық жүйенің мақсаты тиімді, қауіпсіз, экономикалық тұрғыдан тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету; клиникалық және экономикалық тұрғыдан тиімді де қауіпсіз болып табылатын дәрілік заттар немесе емдеу протоколдарын (стандарттарын), мемлекеттік формулярды (анықтамалық), жергілікті формулярларды құрастырып енгізу; медициналық тәжірибеде дәрілік заттардың жанама әсерлерін алдын алу мақсатында дәрілік заттарды қолдануды бағалау мониторингтау; мамандармен дәрілік заттарды дұрыс қолдану туралы шаралар жүргізу.
Формулярлық жүйенің негізгі міндеттері: науқастарды сапалы еммен қамтамасыз ету; кең таралған аурулардың ұтымды фармациялық терапиясы бойынша мәселенің нәтижелі шешімін табуға бағытталған әдістерді анықтау; клиникалық және экономикалық тұрғыдан тиімді әрі қауіпсіз дәрілік заттарды анықтау; препараттарды орынды қолдану, сондай-ақ қолдану барысында кеткен қателіктерді түзету; денсаулық сақтау үрдісіне қатысты барлық мамандар арасында шынайы, ғылымға негізделген медициналық-фармацевтикалық ақпаратты кеңінен тарату; жүйелі кәсіби білім беру.
Медициналық мекемедегі формулярлық жүйенің негізгі құрама бөліктеріне: Формулярлық комиссия, Дәрілік формуляр (шектелген тізім), Формулярлық анықтамалық, Фармациялық терапия стандарттары және клиникалық хаттамалар, дәрілік заттардың жанама әсерлерін бағалау, мониторинг жүргізу жүйесі жатады.
Формулярлық комиссия үш деңгейден тұрады:

  • Мемлекеттік деңгейдегі Республикалық формулярлық комиссия.

  • Аумақтық деңгейдегі Облыстық формулярлық комиссия.

  • Жергілікті деңгейдегі медициналық мекемелердің формулярлық комиссиясы.

Формулярлық жүйенің басты қағидаты - «төменнен жоғарыға» жүйесі, яғни, Республикалық дәрілік формуляр аумақтық формулярдың негізінде, ал аумақтық формуляр жергілікті деңгейдегі медициналық мекемелердің формуляры негізінде құрастырылады

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет