Әулиекөл ауданыдық мәслихатының 2011 жылғы «4» ақпандағы сессиясының №217 шешімімен бекітілген



бет4/10
Дата24.03.2018
өлшемі2,07 Mb.
#39608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мектепке дейінгі білім беру

Ауданда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 2013 жылдың 1 қазан айына : 7 балабақша,34-шағын-орталық, 2010-2013 жылдары кезеңде мектепке дейінгі саны 2 (4,7%) азайды, Бірлік ОМ және Дұзбай БМ жабылуына байланысты, және осы уақытта 1 мектепке дейінгі мекеме (Құсмұрын п. балабақша) іске қосылды.

Ауданда балабақшаға баратын балалардың жалпы саны 7,7% және 1417адамға қысқартылды..

Ауданда 0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 2013 жылдың 1 қазанына 3762, оның ішінде мектепке дейінгі мекеме 7 және шағын орталық 34 бар, 1417 бала тәрбиеленуде:соның ішінде бала бақшада-674, шағын орталықта-743 бала, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және қамтиды оқыту 92% құрайды. Екі балабақшада оқу қазақ тілінде жүреді, бес топ мемлекеттік тілде оқытылады.Олардың 26,4%-ын (369) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды. Шағын-орталықтарда 35,4% қазақ балалары қамтиды.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту қамыту ұлғайту мақсатында 2013 жылы Әулиекөл ауданының «Айгөлек» «Ақбота» балабақшаларында екі қосымша 50 орынды топ ашылды.

Сонымен қатар ауданда балабақшаларда орын тапшылығының мәселесі қалып тұр.

2013 жылдың 1 қазанына балабақшаға кезектегі бала саны 964- 56,8% құрайды, 2010 жылғы кезеңдегі жоғары ұқсас.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында ауданда балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен қызметкерлермен қамтамасыз етілуі мектепке дейінгі тәрбие деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, мектепке дейінгі тәрбиемен айналысатын кадрлардың жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына компьютерлер, спорт және музыка залдары сияқты мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.



Күшті жақтары

-аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары желісінің кеңеюі;

-аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары педагогикалық құрамының жалпы құрылымында жоғары білімді мұғалімдер үлесінің ұлғаюы.

Әлсіз жақтары

- мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын ның жеткіліксіз желісі;

- мектепке дейінгі тәрбиемен айналысатын кадрлардың жинақталуы.

Қауіп-қатерлер:

бюджеттен бөлінетін қаражаттардың шектілігі аудандағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының нашар материалдық-техникалық базасын негіздейді, атап айтқанда мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары қатарында спорт залдарының, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.



Мүмкіндіктер:

мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;

Ұсынымдар:

-мектепке дейінгі тәрбие мекемелері желісін, әсіресе Әулиекөл селосы мен Құсмұрын поселкесінде кеңейту

Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

-Шағын-орталықтарды толық күнге келуге жайлап ауыстыру.

Білім берудің арнайы түзету ұйымдары

Түзету сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 2010 жылы 407, 2011 жылы -471, 2012 жылы – 592, 2013 жылы – 493 құрайды.Соматикалық аурумен төмендеу саны ауратын балаларды тізімнен алып тасталуымен түсіндіріледі.Ауданның мектептерінде жалпы білім беру мектептеріндегі бағдарламасы бойынша оңтайлы жеке ДМШ бағдарламасы бойынша – 220 бала, ақыл ойы бұзылған балалар үшін қосалқы бағдарламасы бойынша – 115 бала. 2010 жылы 17 түзеті сыныптары іске қосылды ауданның 4 мектебінде 83 балаларды қамтиды. 2013 жылы екі мектепте Әулиекөл ОМ Сьянов атындағы және Островский атындағы Аманқарағай ОМ 9 түзету сыныптарында 28 бала оқытылады. Дамуында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар санынан – 30, оның ішінде 19 мүгедек балалар үйде оқытылуда.. 10 – мүгедек бала, техникалық-бағдарлама құралымен қамтылып үйде оқытылуда. 6 мектепте 131 балалар үшін мұғалім-логопед кәсіби көмектерін көрсетуде.

Барлық уақыт ішінде ауданда дамуында жетіспеушіліктері бар балаларға көмектің тиімді жүйесін дамытудың оң серпіні, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты проблемаларды шешу байқалып отыр.

Балаларға білікті көмек көрсетудің сапасын жоғарылатудағы аса маңызды мәселелердің бірі мамандардың білім алуы және олардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Қолда бар кадрлар қартаюда, ал жоғарғы оқу орындарының кадрларды шығаруы мен даярлауы маманданған түзету ұйымдарына жеткіліксіз болып отыр.

Педогогика-психологиялық кабинетін қажет құралдармен жабдықтау қажет.

Күшті жақтары

МДБҰ және мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жастарында сөйлеу ақауларының жойылуында оң нәтижелер байқалып отыр;

білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

Әлсіз жақтары

жалпы білім беру мектептеріне түзету сыныптарының жүйесін дамуы жеткіліксіз ата-аналардың түзету сыныптарына балаларын оқытуға бермеуіне байланысты.

жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;

Қауіп-қатерлері

педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар);

ауданның арнайы түзету сыныптарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктері

мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ашуға, педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;



Ұсынымдар

мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, оның ішінде қазақша оқытуды ашуға, әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;



  • арнайы білім берудің түзету ұйымдарын оқулықтармен , оқу-әдістемелік жиынтықтармен қамтамасыз ету;

  • арнайы білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

2013 жылдың 1 қаңтарына ауданда бүгінгі күні 119 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала.Осы қатардан 104 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 15 бала – жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде. 2011 жылы 1 қаңтарына осы санатын балалар саны 123 адамға өсті. 2012 жылы 1 қаңтарда осы көрсеткіш қайтадан өсті және 13 баланы құрады. 2013 жылы 1 қаңтарына жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала 124 балаға қысқартылды, соның ішінде 115- бала қамқорға алынды, 14- жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде. 2013 жылғы 9 айында ауданда 109 жетім бала және және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала немесе жалпы жаңа туғандардан 18 жасқа дейінгі балалардың1%-ы. Осы қатардан 95 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 14 бала – жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 25 бала 5 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

Қамқорлық тәрбиелеуді дамыту әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды іске асыру бағыттарының бірі болып саналады және

Күшті жақтары


  • құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының

қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

  • ата-анасының қамқорынан айырылған және жетім балаларды қамтамасыз етуге қамқорсыз қалған балаларға материалдық жәрдем ақы төлеу түрінде көмек көрсету.

Әлсіз жақтары

-кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқықтарынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

- Өз балаларын қамтамасыз етуге жне тәрбиелеуден бас тартатын ата-аналарға әлсіз тежегіштің ықпалы.

Мүмкіндіктері

-қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының құқықтық құзыретінінің деңгейін жоғарылату үшін бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз ету;

-отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

Қауіп-қатерлер

-Ата-аналарынан қамқорсыз қалған балаларды және жетім балаларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету мехнизімінің қабылданбауы.



Ұсынымдар

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдарының мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету.



Техникалық және кәсіби білім

Әулиекөл ауданында 2013 жылы 1 қазанында Әулиекөл ауданыныда «Қостанай болысы әкімдігінің ауыл шаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қызмет етеді, білм алушыларының жалпы саны 485 адамды қамтиды.

Ауыл шаруашылық колледжінде мамандар даярлау 6 мамандық бойынша бойынша жүргізіледі.

2013-2014 оқу жылына колледжде – 135 адам, техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды қабылдауға және дайындауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс орналастырылды: Білім алушылардың еңбек нарығына қажет мамандықтарға ие болуы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін ұстап тұру.

Ауыл шаруашылық колледжінде үлгілік ғимаратта орналасқан, практикалық тәжірибелер жинау және жаңа технологияларды үйрету үшін оқу шаруашылықтары ұйымдастырылған, 1,5 мың гектар жер бар.

Ауданда алыс елді мекендерде тұратындарға және оқу үшін жағдайлар жасалған. 2013-2014 оқу жылының басында 80 орындық жатақхана қызмет етеді.

Ауыл шаруашылық колледжі қызметкерлердің кәсіби даярлық және оқуына мемлекеттік стандандартар талаптарына сәйкес жаңа оңтайлы жүйені енізуге талпынады.

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қажет кадрлар даярлығында оларды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, түлектерін жұмысқа орналастыру жыл сайын шамамен 97%.

Облыс және республика деңгейіндегі білім алушылар, ұстаздар, өндірістік оқу шеберлері арасында «Мамандық үздігі» жыл сайынғы конкурстарының нәтижелері білім алушыларды дайындаудың жеткілікті деңгейін, олардың ұстаздарының кәсібилігінің жоғырылығын көрсетеді.

Білікті кадрлар жұмыскерлерін дайындау мәселесі бойынша колледж мемлекеттік және жеке құрлымдармен қызметтестік жасайды.Әлеуметтік серіктестік бағыт бойынша іске асырылады: білікті мамандарды дайындау қажеттілігін болжау, кәсіби тәжірбиелерді ұйымдастыру.2013 жылы кәсіпорындармен және әлеуметтік серіктестік туралы ұйымдармен ұзақ мерзімді 7 шарт жасалды. Базалық кәсіпорындарды таңдау кезде ұйымдар матералдық-базаның жағдайына егістік алаңдарының барына көңіл бөледі. Өндірістік тәжірбиенің өткізуі бақылауы өндірістік оқыту мастерлерімен және колледж басшыларымен жүзеге асырылады.

Жалпы онда оқитындардың санында көрсетілген зерттелетін сала дамуының оң қарқыны байқалып отыр.

Күшті жақтары


  • Кәсіби лицейдің мықты материалдық-техникалық базасы;

  • Басқа елді мекендерден келгендерге жатақханалар бар болуы;

-Педагог кадрлармен толық жинақталуы.

Әлсіз жақтары

Жатақханаларда орын аздығы;

Компъютермен заманауи құрал-жабдықпен жабдықталуы деңгейі жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатерлер

- өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді

- бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі

Мүмкіндіктері

жатақханалар жөндеу мен қосымша салуды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

Кәсіби лицейдің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

білікті кадрлардың ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;

Ұсынымдар

Жұмыс берушілермен кәсіби лицейдің ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

Жұмыспен берушілерді Кәсіби лицейдің оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.
Денсаулық сақтау

2013 жылдың 1 қаңтарында басында аудан 3 стационарлық ұйым, (1 ОАА, 1СА, 1 РПТБ) және 33 амбулаторлық емхана ұйымы және АМСК (6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшер-акушерлік пункт, және 22мединалық пункт).

Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2007-2013 жылдары 1 бiрлiкке қысқарды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымының жаңа мемлекеттік нормативтік жүйесіне сәйкес ауданның АМСК бар жүйесін қайта жасақтауы жүргізілді: 1 дәрігерлік амбулатория медициналық пунктке қайта жасақталды.

Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына. Туу 2007 жылы 12,1, 2012 жылы, 11,7 төмендеді, жалпы өлім 2007 жылы 12,1, 2012 жылға дейін 10,4 төмендеді.

Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде ауданда 2007 жылдан бастап оң табиғи өсiм (2007 жыл +0,7; 2012 жыл – +1,3;) байқалып отыр.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

2008 жылы облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша тiрi және өлi туу өлшемдері енгізілді. Әрбір ана өлiмінiң және 5-жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг және талдау жүргiзiледi. Балалардың тууының барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жиналады, сонымен бiрге «Мединформға» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптасады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлерге бөлу қағидалары сақталады.

Ауданның дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2012 жыл өсті 27,3құрады, абсолюттік саны -15 бала, 2007 жылы осы көрсеткіш 9,8 құрады. Областық нәресте өлiм-жiтiм көрсеткіші 14,9.

Ауданда нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жекелеген жағдайы болып табылады.

Нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткішін әрі қарай жақсарту үшін медициналық көмектің сапасын үнемі бақылау қажет және АМСК патронаждық қызмет жетілдіру жолымен негізгі қауіп тобында тұрған балалар, жаңа туған балаларды бір жасқа дейін амбулаторлық-емхана деңгейінде диспансерлік бақылау.

Көрсеткіштің төмендеуі неонатологтердi, бала дәрiгерлерi, акушер-гинекологтарды қайта даярлау сапасының жақсаруымен, дәрiгерлiк ұйымдардың осы заманғы дәрiгерлiк жабдықтармен жарақтандырылуымен және дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуімен негізделіп отыр. Сонымен қатар әйелдердің денсаулығы төмен индексін жоғарлату, ол нәрестелiк өлiм-жiтiмге әсер тигізеді.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында нормадан тыс -30% (148 жағдайға), қайғылы жағдайлар, өлтiру, өздiн өзі өлтiру, тағы да басқа сыртқы жағдайлар , қатерлi жаңа түзiлiмдер төртінші орында тұр.

2012 жылы 8354 тексеруге жатады, тексерілді 100%, анықталды 682, «Д» есепке 656 алынды. Тұтастық топта жатыр мойынының обыры анықтауға тексеруге 1714 жатады, тексерілді 166-97,2%, обыр және обыр алды 5, анықталды «Д» есепке 3 алынды. Емшек бездер обырын анықтауға тексеруге 1555 жатты, тексерілді 100%, анықталғаны жоқ.Балалар және жеткеншектерді медициналық алдын алу тексерісі өтті.Тексеруге өтті 10193, тексерілді 9298-92%, анықталған аурулар 2154, сауықтандырылды 1490-69,2%. Бала күтімі контингентін медициналық тексеру алдын алу – 100% жүргізілді. АОЕ емханасында 17 маман қабылдау жүргізеді. Ауданның МҰ 2012 жылы келу саны – 145216, 2011 жылмен 9% төмен-158890.Емхананың жоспарлы қуаты 200 ауысымда 200 келу, нақты 173.

Аудан аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауруды және аурулардан өлiм-жiтiмдi төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ерте анықтау үшін тұрғындарды алдын ала қарау жүргiзiледi.

Жасалған жұмыс нәтижесінде 100 000 тұрғынға шаққанда 3 жылда төмендеді 2,2 есеге 492,1, 226,7-ге дейін 2012 жылы ҚЖА өлiм-жiтiмі 37,8%-ға азайды және 492,1 құрады. Облыс бойынша ҚЖА өлім-жітім 289,4 құрады.

2013 жылғы 1 қаңтарға онколог дәрігердің диспансерлік есебінде 470 ауру тұр (2011ж-485 ауру). диспанскерлік есепке Жаңадан қатерлi жаңа түзiлiмдер 127 ауру алынды, онкологиялық ауру көрсеткіші 2012 жылы 272,0 құрады, 2007 жылғымен салыстырғанда онкологиялық ауру 1,3 есе ұлғайды, (216,6) құрады. Облыстық ауру көрсеткіші 291,6 құрады.

2012 жылы ертерек онкопотология І-ІІ сатындағы диогностикасы төмендеді 38,7 құрады, (2011 жыл -42,5) облыстық ертерек диагностика көрсеткішінен жоғары 45,9 құрады.

Қатерлі ісіктердің таралған формасының үлес салмағы 2012 жылы 21%-ға (2007 жылы -29,0%), дейін төмендегені облыстық көрсеткіш 20,5 байқалып отыр.

Тері ісігі арасында аса асқынған 7 ауры есепке алынды, 3 ауру +ІV сатында (43 асқынған). Асқазан обыры; 16 ауры есепке алынды, 5 адам ІV асқыну сатында (асқынған 36%).

Онколог ауруы өлімінің көрсеткіші жақсарды. Қатерлi жаңа түзiлiмдер – 2012 жылы - 32 ауру, өлім көрсеткіші сәйкес 68,5 құрады, бұл облыстық көрсеткіштен төмен 108,9 құрады. Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарының ресурстық жабдықталуы, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.

Ауруларды шарайнада тексеруін ұйымдастыру. Ол үшін осы заманғы емдеу-диагностикалық аппараттарды алу қажет.

Көрсеткіштің төмендеуі неонатологтердi, бала дәрiгерлерi, акушер-гинекологтарды қайта даярлау сапасының жақсаруымен, дәрiгерлiк ұйымдардың осы заманғы дәрiгерлiк жабдықтармен жарақтандырылуымен және дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуімен негізделіп отыр. Ауданда нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жекелеген жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады. Ауданда 7 жыл ішінде нәрестелiк өлiм-жiтiм болған жоқ.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында, қайғылы жағдайлар, өлтiру, өздiн өзі өлтiру, тағы да басқа сыртқы жағдайлар екінші орында, қатерлi жаңа түзiлiмдер үшiншi орында тұр.

Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауруды және аурулардан өлiм-жiтiмдi төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ерте анықтау үшін тұрғындарды алдын ала қарау жүргiзiледi.

Жасалған жұмыс нәтижесінде 2007 жылмен (769,6) салыстырғанда 2009 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда ҚЖА өлiм-жiтiмі 37,8%-ға азайды және 492,1 құрады.

Ауданда соңғы 3 жылда (2007-2009 жылдар) қатерлi ісіктермен ауру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда).

Қатерлі ісіктермен аурудың жыл сайын аздап төмендеуіне қарамастан (2007 жылы – 218,4; 2008 жылы – 225,5; 2009 жылы – 186,4, бұл көрсеткіш орташа облыстық көрсеткіштен тұрақты түрде төмен (2007 жыл – 258,4; 2008 жыл – 254; 2009 жыл – 247,1). Қатерлі ісіктердің таралған формасының үлес салмағы 2009 жылы 21,4% дейін төмендегені (2007 жыл – 29%, 2008 жыл – 22,9%; орташа облыстық : 2007 жыл – 24,6%; 2008 жыл – 20,5%; 2009 жыл – 19,9%) байқалып отыр. Қатерлі ісіктерден қайту жалпы жалпы қайтыс болу себептерінің құрылымында үшінші позицияға ие (11,2%). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарының ресурстық жабдықталуы, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.

Өткізілген профилактикалық тексерулер, ауруды басталған кезінен ақ анықтау және медициналық ұйымдардың осы заманғы емдеу-диагностикалық мүмкіндіктерін жақсарту нәтижесінде 2009 жылы қатерлі ісіктерден қайтыс болудың көрсеткіші 2007 жылға қарағанда (2007 жыл – 12,1; 2008 жыл – 11,4; 2009 жыл – 9,7) 2,4 пайызға, яғни төмендеді.

Өткен екі жылда аудан бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда жалпы туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр ( 2008 жыл – 132,4; 2009 жыл – 104,7).

Аудан бойынша 2007 жылы 94,4, 2012 жылы 66,4-ке дейін туберкулез ауруының төмендеуі байқалады. Облыстық көрсеткіш 103,0. 31 жаңа жағдайдан , үлкендер 25 адам (80,6%), балалар 2 (6,9%) және жеткеншектер 4 (12,9%).

Жеткеншектер арасында туберкулез ауруы өсіп тұр.

2012 жылы 31 жаңа жағдайдан, 10 ауру анықталды БК(+) бацилло шығарушы бұл 34,5% және 21 ауру БК (-), бұл 65,5%. Оның ішінде бактериоскопикалық әдісі 7-22,5% ауру анықталды.Айнадан 11-35,4% ауру анықталды, басқа әдіспен 13-41,9% ауру.

2012 жылы 31 жаңа жағдайдан, жұмыс істейтінде 3-9,7%, жұмыс істемейтіндер 16-51,6%., зейнеткерлер 3-9,7%., жеткеншектер 4-12,9%, балалар 2-6,5%.

2007 жылы- 271,4, 2012 жылы -155,6-ға туберкулез ауруының көрсеткіші төмендеуі байқклып отыр. 2007 жылы -14,5, 2012 жылы 8,6-ға туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші төмендеді. 2012 жылы туберкулезден 4 ауру қайтыс болды. Облыс бойынша өлім көрсеткіші 10,2 құрайды.

Аудан көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр. Эпидемиологиялық бақылаудың өзекті мәселесі болып туберкулездің тарауы, дәрінің нық дамуы және туберкулезден қайтыс болу болып тұр.

АҚТҚ -инфекциясы ауруымен ауратындар төмендемей тұр, 2012 жылы 2 жағдай тіркелді. Барлық АҚТҚ –инфекциясын таратулар 100 000 тұрғынға шаққанда 34,3 (21 жағдай) құрайды. Облыстық көрсеткіш 118,0 құрайды.

АҚТҚ -инфекциясы эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ауданда 2009 жылы телемедицина енгізілді. Бұл жергілікті жерлерде ауруларға қажеті көлемде медициналық көмек беруге мүмкіндік береді.

Халық денсаулығының төмен деңгейде болу себебі ол ауруларды алдын-алу бойынша ақпараттық жұмыстың жеткіліксіздігі сияқты халықтың салауатты өмір салтын сақтау мәселелеріндегі төмен уәждеме және дұрыс тамақтанудың төмендігі салдарынан болады. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымдарының мәліметтеріне сүйенсек адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүре білуіне байланысты. Көптеген созылмалы жұқпалы аурулардың пайда болып таралуы оның өмір салтына байланысты. Жоғары деңгейде қатердің мінез-құлықтық факторларының таралуы: темекі шегу (22,2%), алкогольді ішімдікті пайдалану (35%) дене шынықтыру және спортпен халық жеткіліксіз айналысуы (23%) деуге болады. Осыған байланысты Ауданда тұрғындарында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықты дене шынықтыруға баулу маңызды болып саналады. Осы мақсатпен облыста «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» салалық бағдарламасын орындау жөнінде Азаматтардың, бірінші кезекте балалардың физикалық белсенділігі бойынша шаралар іске асып жатыр. Әлеуметтік тапсырысты орналастырудың арқасында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтіліп жатыр. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында стратегия қабылдау жоспарлануда. Салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру саласында шараларды іске асыру мүдделі органдар мен ұйымдар арасында, әсіресе алкогольді және темекі өнімдерін шығаруды шектеу, жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелері жөніндегі сектораралық өзара әрекетті күшейтуге әсерін тигізеді. Нәтижесінде, өмір сүрудің орташа ұзақтығының ұлғаюы, аурудың ауыртпалығы және мінез-құлықтық тәуекел факторларының азаюы күтіліп отыр.

Медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдардың деңгейінде ішкі тексеріс енгізілді.

2010 жылы ауданның денсаулық сақтау субъектісі мекемесін куәландыратын медициналық қызмет стандартарына сәйкес аккредитациялау тәртібі жүргізілді, АОА төрт жылдық мерзімге аккредитацияланды.

2013 жылдың 1 қаңтарына ауданда 71 дәрігер және 288 орташа медицина қызметкерлері, оның ішінде АОА – 48 дәрігер және 151 орташа медицина қызметкері, АТА-2 дәрігер және 13 орташа медицина қызметкері, СА-10 дәрігер және 41 орташа медицина қызметкері жұмыс істейді.

2012 жылы ауданда 100 000 тұрғынға шаққанда дәрігерлерді қамтамасыз етуге 15,2, орташа медицина қызметкері 61,6 құрады. Дәрігерлік кадрда тапшылық бар. Аудан бойынша дәрігерлік кадрда 8 дәрігерге қажеттілік бар, оның ішінде АОА окулист, инфекционист, нонатолог, тубауруханада-фтизиатр, Құсмұрында СА-хирург, ВОП, ЛОР, окулист.

Дәрігерлердің және орташа медицина қызметкерлерінің мамандығын жоғарлату бойынша үнемі жұмыс өткізіледі. Өткен жылы 10 дәрігер 28 орташа медицина қызметкері мамандықтарын жоғарлдатудан өтті.Дәрігерлер -21, орташа медицна қызметкерлері - 160 адамда санаттары бар.

Кәзіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша 3 студент, Қарағанды Медицина Универстиетінде -2, Ақтөбе Мидицина Университетінде-1.

2012 жылы АОБ 8 жас маман жұмысқа алынды (5 дәрігер, 3 орта медицина қызметкері). Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін әрдайым бақылайды, 2013 жылы

3 маманға жәрдемақы және тұрғын-үй алу үшін 1 бюджеттік несие төленді.

Медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында 2012 жылы АОА-55,7%, дәрігерлік амбулатория бойынша -42,1%, фельдшерлік-акушер пункті бойынша -43,8%, медицина пункті бойынша -52,3%.

Телефон байланысы барлық ДА,ФАП, және МП бар.

Автокөлік барлық 4-ФАП және 2 –МП, 6 дәрігерлік амбулаторияда бар.

2012 жылы МП үшін 2100,7 мың теңге сомасына тұраулы құрал-сайман алынды. Медицина инструментері 1608,2 мың. теңге сомасына алынды. 2012 жылы компьютер және ұйымдастыру техникасы 412,6 мың теңге сомасына алынды.

2012 жылы 13017,6 мың теңге сомасына жөндеу өткізілді (лаборатория, дәріхана, шыны өтпелі, және акті залы).

Барлық медицина пунктерінде және дәрігерлік амбулаторияларда ағымды жөндеу өтті.
Халықты әлеуметтік қорғау
Әулиекөл ауданы статистика басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдан 2013 жылғы шекті ауданда экономикалық белсенді тұрғындардың саны 7636-ден 30850 адамнан 23214 адамға азайды.Жұмыспен қамту деңгейі 96,3%-дан 47,0%-ға азайды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2007-2013 жылдары 1,5 пайызға, 2007 жылғы 5,6%-дан 2013 жылы 7,1% өсті.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 1 қазанға 0,3% құрады Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың 150 адам қоғамдық жұмысқа қатысты.2013 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың саны 79 адам болды. Жұмыссыздардың құрамында 67 адам немесе 84,8%-әйелдер құрайды.

Экономика саласы бойынша жұмыс істейтіндердің саны басымы ауыл шаруашылығы-44,7%, өнеркәсіпте-3,4%, саудада-35,5%.

Жұмыс істейтіндер санының төмендеуінің негізі тұрғындардың экономикалық белсенділерінің ішкі көші-қоны.

Аудан аграрлық бағытталған.Ауданның негізгі мәселесі еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі. Еңбек рыногында өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы мен ,инвестициялық бағыттағы Жол картасы оң көрініс берді.

Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік Стратегиясын іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу пайдаланылады,жұмыссыздарды және тұрғындардың мақсатты тобының басқалай өкілдерін оқыту,қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру атқарылады.Жұмыспен қамту нәтижелі болуы үшін қоғамдық жұмыстар,әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылып,бос орын-жәрмеңкесі өткізіледі,кепілді әлеуметтік төлемдер қамтылып және қарттарға, мүгедектерге және басқаларына әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2012 жылы ауданда 389 жұмыс орны ашылды. Қоғамдық жұмыстарға 130 жұмыссыз қатысты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына және Жастар практиксына 73 адам орналасты.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендер үшін бос жұмыс орындарының жетіспеуі қиын мәселе болып қала береді.

Кәсіби оқытуға 11 жұмыссыз жіберілді,оның ішінде Жол картасы бағдарламасы бойынша -42 адам. Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарда жұмысқа орналастыруды жақсартуға бос орындардың шағын-жәрмеңкесін өткізу жәрдемдеседі.

Жол картасының басты мақсаттарының бірі – жұмыссыздықтың елеулі өсуіне жол бермеуге, бүгінгі күні қол жеткізілді.

Аудан тұрғындарының табысы кедейшілік деңгейінен төмендері үлесі 2009 жылы 2007 жылға (0,9%) қарағанда 0,2%-ға азайды.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды басымдылығы ана мен баланы қорғау болатын және солай болып қалады.2006 жылы балалы отбасыларын қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді,18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. (1 айлық есептік көрсеткіш).2013 жылы 2051 балаға 23,8 млн.теңге сомасына жәрдемақы тағайындалды.2013жылғы бюджет балаға жәрдемақыны, тұрғын үй көмегін және басқалай әлеуметтік көмектерді көбейтіп, аз қамтылған отбасыларын молынан қамтуды көздейді. Мысалға, мемлекеттік балалар жәрдемақысы -29,2 млн.теңге,тұрғын үй көмегі-8,9 млн.теңге бөлінді.Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2013 жылы 1,8%- ұлғайды, 2010жылы 17,0 млн. теңге қарастырылды.

Әлеуметтік бағдарламаны іске асыру мақсатында 64,9 млн. теңге 1,4 2010 жылғымен салыстырғанда 1,4 есе көп (46,5 млн. теңге).

Тұрғындардың табысы 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда (14749 теңге) 38,8% артық және 1 адамға 24111 теңгені құрады. 2012 жылы орташа айлық еңбек ақы 64116 теңгені құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе 26,2 % артық. 2013 жылы 9 айында орташа айлық еңбек ақы 67550 теңгені құрады.

2013 жылы аудандағы ең төменгi күнкөрiс 17567 теңгенi құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 1,9 есе өстi.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

кедейлiктен шығу бойынша белсендi шаралардың төмен тиiмдiлiгi;

кедейлiк пен теңсiздiктiң сақталуы;

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басымдылығы;

әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Осындай жағдайда ең төмен бекітілген табыстан төмен табысы бар халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.

Күштi жақтары

Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық қосуға және тартуға мүмкiндiк береді.



Әлсiз жақтары

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:

мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер көрсетілмейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;

медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялары мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектің жүгінуіне қарай әзірленеді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген жеке оңалту бағдарламасы мерзiмінде орындалмайды.



Мүмкiндiктер

Жұмыс орындарын жасау, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларын iске асырудың бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.



Қауiп-қатерлер

Бүркемелі жұмыспен қамту.

Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді).

Арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiн беру саласында үкіметтік емес ұйымдар құру бойынша ынталы топтардың болмауы.

Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.


Мәдениет және тілдерді дамыту
Мәдинет

Ауданда мәдениет желілері 2007 жылдан бері өзгеріссіз қалды.

Ауданда 45 мәдениет объектілері (41 – мемлекеттік ), оның ішінде 29 кітапхана (29 – мемлекеттік), 16 клуб (12 – мемлекеттік), Тарихи және мәдени маңызы бар республикалық маңызды емес 59 ескерткіш бар.

Соңғы жылдары мәдениет ұйымдарына қаражат салу елеулі өсті.

ауданның мәдинет саласында қаржыландыру 2011 жылмен салыстырғанда 29,5 млн. теңге өсті және 2012 жылы 112, млн. теңге құрады.

Аудандық бюджет қаражатынан материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2011 жылы -2924,2 мың. теңге бөлінді 2012 жылы ауданда «Тың-целина 2012» спартакиадасы өтті, онда 12729,0 мың. теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Әулиекөл селосындағы Мәдениет Үйі 62 млн.теңге сомасына жөнделді. Мәдениет Үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 22 млн.теңге сомасында жұмсалды. 2010 жылы Әулиекөл селосындағы кітапхана 18млн.теңгеге жөнделді.Шаруашылық субъектілерінің қолдауымен. Лесное, Диев, Москалев, Қарақалпақ селоларындағы ескерткіштер жөндеуден өтті.

2007 жылы кітап қорын ұлғайыту мақсатында 2,3 млн.теңгеге 6326 кітап сатып алынды, 2012 жылы 10216 дана кітап 5,3 млн. теңге сомасына түсті, өсім 62% құрады. 2007 жылы клуб мекемелері 1565 шара өткізді, оған 164464 адам барды, 2012 жылы 1814 шара өткізді, оған 197329 адам барды.2007 жылы мәдени бұқаралық іс-шараларды 615 мың. теңге, 2012 жылы 1 млн. 241 мың. теңге өткізілді. Қаражаттандыру 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайды.



Күшті жақтары

Мәдениет саласында қызмет көрсету қажеттілігінің өсуі байқалады;

Тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерді сақтау,дамыту мен насихаттау бойынша жұмыс жүйеленген.

Әлсіз жақтары

Тұрғындардың мәдениет ұйымдарының қызмет көрсетуіне қоллл жеткізуінің бірдей еместігі

мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын деңгейінің әлсіздігі, кәсіби кадрлардың жетіспеуі

Мүмкіндіктері

-мәдениет мекемелері желісін кеңейту

Ауданның тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерін сақтау мен дамыту

Жұмыстың жаңа түрлерін енгізу арқылы клуб мекемелері мен кітапханалардың жұмысын жетілдіру;

Шығармашылық ұжымдардың санын көбейту.

Қауіп-қатерлер

Табиғат-климаттың тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерге жағымсыз әсері;

Кәсіби мамандардың кетуі

мәдениет нысандарын материалдық-техникалық жабдықтаудың шамалылығы.



Тілдер дамыту

Ауданның тілдер саясаты ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Мемлеттік тілді және ағылшын тілін үйрету үшін 2012 жылдың сәуір айында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылды. 2007 жылы мемлекеттік тілді оқыту 180 аса адам қамтылды (аптасына 1 сағат); 2012 жылы -129 адам, 6 топ (қазақ тілі аптасына 4 сағат әр топта), 22 адам сертификат алды.

Ұлттық сана мен қалыптасуды сақтау тәсілдерінің бірі ретінде барлық тілдің қызмет етуі және дамуы үшін жағдайлар жасалды. Мемлекеттік тілді насихаттау мен мәртебесін жоғарлату, Қазақстан халқының тілін дамыту мен сақтау.

Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлесінің көлемі 2012 жылы 86,6%, 2007 жылмен салыстырғанда 6,6% ұлғайды.

Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет.

Ауданда қазақ тілі игеретін деңгейі тұтас әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша «Тұрғындардың қажеттілігі тілдерді оқыу және үйрену» 55,8 % (2013 жыл) құрады.

Мемлекеттік тілдің дамтудың негізгі проблемалары:

қоғамда мемлекеттік тілді мегерудің тұрақсыз деңгейі;

өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі;мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандырудың болмауы.

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде маңызды фактор коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолданудың мерейін арттыру және насихаттау.

Бұл ретте іскер қарым-қатынас, бизнес, ғылым сияқты халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.


Дене тәрбиесі және спорт, туризм

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 86 объектіні құрады (2007 жылға қарағанда 106,1%).

2012 жылы «Болашақ» спорт кешені қайта қалпына келтірді, облыстық бюджеттен әкімшілік тұрмыстық кешенін жөндеуге - 24 млн. теңге.Ангар, спорт залдары, спорт алаңын, доп шайбасы алаңын, кіреберіс тобын, ағаштарды отырғызу, гүлдер, футбол алаңын жабу, аймақтарды қоршап жөндеуге 60 млн. теңге қаражат тартылды.Сонымен қатар Әулиекөл селосында баскетбол және волейбол алаңын қайта қалпына келтірілді. Сұлтан Баймағамбет атындағы гимназия мектепбі базасында тартылған қаражат есебінен жасанды жабдықпен жабылған мини-футбол үшін алаң құрылды. Барлық жалпы білім беру мекемелерінің спортзалдарында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындар саны 12592 адам, 2011 жылы салыстырғанда ұлғаю 105% құрады.

Дене шынықтыру ұжымының саны (бірлік) 2012 жылы 62 бірлікті құрады, 2007 жылы 108,7% деңгейінен көп (57 бірлік).

2012 жылы 966 спорт іс-шаралары өткізілді, оған 15735 адам қатысты. Спорт мектебінде жалпы білім беру мектептері оқушыларының 8,9%-ы спорт сабақтармен қамтылды, жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың саны немесе 512 бала. Дене шынықтыру сабақтарын 70 штат жұмыскерлері өткізеді. Аудан бойынша жалпы мүгедектер саны -1307 адам, оның ішінде дене шынықтыру және спортпен – 129 адам айналысады.

2012 жылы дайындалды: 2 спорт мастері, 1 спорт шеберіне кандидат, 20-спортсмен – ІІ-разрядшы, 45 спртсмен –ІІІ разрядшы, 1 санаттағы 4 жаттықтырушылар даярланды.

Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар осы секторлар мекемелерінің құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады. Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Күшті жақтары

спорт шараларының санын ұлғайту;

спорт шараларымен қамтылған азаматтар санын көбейту 2012 жылы адам) 2007 жылмен (12527)салыстырғанда 125%-ке немесе 3208 адамға артық.

Әлсіз жақтары

Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.

Мүмкіндіктері

Ауданның инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).



Қауіп-қатерлер

Республикалық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.

Жүргізілген талдау негізінде ауданда дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1.Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың жетіспеуі;

3. селолық округтердің көбінде спорт залдары 70-жылдары салынған, стандартқа сай емес, ауданның кейбір елді мекендерінде тек жапсарлас салынған спорт залдары бар, бұл аудандағы балалардың қыста жаттығуын шектейді. Ауданда 2 ғана спорт әдіскері бар.



Туризм

Туризмді дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарының бірі аудан аумағында аң аулау және балық аулау туризімін ұйымдастыру үшін табиғаттың және су қорларының бар болуын. Қонақ үйлердің болмауы, әлсіз инфрақұрылым туризм саласының тиімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда туристік ұйымдардың жұмысы ұйымдастырылған жоқ.

Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:



Күшті жақтары

Қолайлы географиялық орналасуы, аудан облыстың 6 ауданымен шектеседі, Челябинск-Астана трассасының бойында орналасқан, үлкен транзиттік әлеуеті бар. Аң аулау және балық аулау туризімін ұйымдастыру үшін ауданның биологиялық мүмкіндігі зор.



Әлсіз жақтары

Туризмнің инфрақұрылымының болмауы.

Қонақ үй сервисінің болмауы.

Ауданның туристік қорларының елімізде және шет елде нашар танылуы.



Мүмкіндіктер

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын ашу.

Туристік инфрақұрылымды дамыту.

Сырттан келген және ішкі туризм бойынша туристік ағындарды көбейту.



Қауіп-қатерлер

Инвестициялық белсенділіктер деңгейінің төмендігі;

Туризмнің инфрақұрылымының болмауы;

Тарихи-мәдени орындар бойынша насихаттың және туристік маршруттарды жылжытудың әлсіздігі;

Ауданның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпараттың болмауы.
Ішкі саясат

Ауданда 7 қоғамдық ұйымдар тіркелген оның ішінде: ауылдық медбикелердің «Милосердие» бірлескен қоғамы, Әулиекөл ауданының ардагерлер ұйымы «ҚР Ардагерлер кеңесі» қоғамы, Әулиекөл ауданының аңшылар мен балықшылар бірікен қоғамы, Әулиекөл ауданының «Жастардың салауаттылығы орталығы» қоғамдық қоры, «Әулиекөл ауданының жастар бастамасы» қоғамдық қоры, «Отбасы» бірлескен қоғам.

2 – саяси партиялар уәкілеттілігі қызмет жасайды: «Нұр Отан» және Қазақстанның Комунистік партиясы.

Ауданда 7 діни имарат тіркелген, оның ішінде: 2012 жылы 2 -мешіт, 2 православиелік, 1- «Надежда» евангель христиан баптистерінің шіркеуі,1- 7 күн адвентистер шіркеуі, 1-«Жатва» христиан шіркеуі. Олар өздерінің Жарғыларымен және ҚР заңдарына сәйкес жұмыс істейді.

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы өткізген Әлеуметтік зерттеу мәліметтерінің тақырыбы бойынша «Аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай» мәліметтеріне сәкес ауданның 77,6 % тұрғыны этникааралық қатынасты жақсы, деп бағалайды.

Ауданда Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының Жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының құрамы қалыптасуда. Ауданда жаппай ақпараттандыру үшін мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен тұратын 97 мүшелерді біріктіретін 17 ақпараттық-насихаттау тобының құрылды. Қоғамдық ұйымдардың басшылары, саяси кеңесшілер, БАҚ. НАТ басшылары болып аудан әкімінің орынбасарлары. НАТ селолық аймақ бойынша шығу кестелері әзірленген.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша мемлекеттiк тапсырыстың жалпы сомасы 2800 мың теңгені құрады.

Жастар ҮЕҰ саны 1 ден-3 ке дейін өсті.

2012 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын іске асыру бойынша қаражат бөлінді.

Аудан аумағында «Әулиекөл» гәзеті шығарылады. Кезеңді шығарылу аптасына бір рет бейсенбі сайын. Гәзет ауданның қоғамдық-саяси өмірін хабарлайды, ақпараттық, аналитикалық, жарнамалық мінездеме береді, әкімшіліктің қаулысын, мәслихаттың шешімін басып шығарады. 2013 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру үшін 2800 мың теңге бөлінді.

2009 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында аудан аумағында көрсететін облыстық телеарналармен әріптестікке қол жеткізілді. Аудан аумағында спутниктік желімен «Қазақстан-Қостанай»желісі жаңалықтар бағдарламасы көрсетіледі. Сонымен қатар аудан аумағында ерекше «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері облыстық «Костанайские новости», «Қостанай таңы», «Костанай-Агро» және басқалары сұранысқа ие.

Интернет-ресурстармен жұмыс кеңейді.Аудан әкімінің сайтында «Ішкі саясат», «Жастар», «Үкіметтік емес сектор» айдарлары ашылды, онда Қазақстан Президентінің Жолдауының мәтіні, анықтамалық материалдармен әдістемелік ұсыныстар бар,Жолдауға арналған шаралар туралы үнемі аұпарат беріледі.

Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 10718 жас бар, бұл жалпы тұрғындар санының 22 %.

«Жастардың салауаттылығы орталығы» қоғамдық қоры келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

Жастарды тазалыққа және санитарлық дайындыққа тәрбиелеу, өз денсаулығына қарауды қалыптастыру, денсаулықты сақтау мен нығайту әдеттерін қалыптастыру.

Ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруда жастардың қызығушылығы мен қажеттiлікктерiн iске асыруды, мемлекеттік органдардың, жастар ҮЕҰ-ның және бизнес-құрылымдарының іс-әрекетін біріктіруді қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-әрекетін үйлестiру мақсатында әкімдік жанында Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс iстейдi.

Есепті мерзімде облыста педагогикалық және дәрiгерлiк мамандықтар бойынша оқуға «Қостанай облысы әкімінің гранттары мен стипендиялары» жобалары іске асырылды. Облыс әкiмiнің гранттары бойынша барлығы 8 адам, оның ішінде 3-педагогтық, 5-медицина мамандығы бойынша, аудан әкiмiнің гранттары бойынша барлығы 6адам, оның ішінде 4-педагогтық, 2-медицина мамандығы бойынша..

Күштi жақтары

Мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды iске асыруға тартылған үкіметтік емес ұйымдар сандық және сапалы өсуi үшiн жағдайлар жасалған.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін ресурстық орталық ашылды және белсене жұмыс iстейдi.

Жоғары және орта оқу орындары студенттерiнің шыққан дарынды жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.



Әлсiз жақтары

Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.

Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарына сай кәсіпқой-мамандардың тиiстi санының жоқтығы.

Салалық және аумақтық белгi бойынша әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету процессінде ауылдық жастар үкіметтік емес ұйымдарының жеткiлiксiз тартылғандығы.

Өңірлік деңгейдегi мемлекеттiк жастар саясатын орталықтандырылған басқарудың жоқтығы.

Мүмкiндiктер

Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесiнде, заңнамалық нормативтiк-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.

Мемлекеттiк ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.

Мемлекеттiк жастар саясатын табысты iске асыру үшiн жас буынның отан сүйгiштiк сезiмін, азаматтық жауапкершілiгін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларын қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған тиімді модель әзірлеу қажет.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Соңғы жылдары ауданда қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

Үш жыл бойы қылмыстың өсу деңгейі байқалмайды. (2007 жылы-197, 2009 жылы 198 қылмыс) жасаудың төмендегені байқалып отыр. Тіркелген ұрлық саны 5 есе,ұрлық – 3,8% (106-дан 102-ге) қысқарды.

2010 жылы негізгі бөлігін мүліктік түрлері құрайтын тіркелген қылмыстар қатарының өсу қарқыны байқалып отыр.

Жалпы айтқанда қылмыстардың ашылуы жоғары деңгейде тұрақты болып қалады. Қылмыстарды ашу деңгейі 2008 жылғы – 90,4% қарағанда 2009 жылы 89,5% құрады (0,9% төмендеу).

Қабылданатын шаралардың арқасында соңғы жеті жыл ішінде жас өспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеу қарқыны сақталып отыр. Жасөспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы 2007 жылғы 12,9%-дан 2009 жылы 12,4%-ға төмендеді.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің жартысынан көбісі мектеп, лицей, гимназия оқушылары. Бұл ретте олардың жасаған қылмыстарының маңызды бөлігі ауыр қылмыстар және өте ауыр қылмыстар санатына жатады.

Осыған байланысты полицияның «мектеп» инспекторларын дамытуды жалғастыру қажет. Полиция инспекторы әрбір қала және ірі ауылдық мектептерде болу қажет деген болжамдар бар. Бұл оқушылардың арасында құқық бұзушылықтардың ертерек алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары ауданда көлік апаты жағдайлары негізгі көрсеткіштерінің жоғары қалу қарқыны байқалады. Жол-көлігі апаттарының деңгейі (пайдаланатын көліктің 10 мыңына) 2009 жылғы 14,7-ден 2010 жылы – 11,9-ге дейін, жол-көлігі апаттарынан қайтыс болғандардың деңгейі (100 жарақат алғандарға шаққанда) – 14,7-ден 9,9-ға дейін, жол-көлігі апаттарында жарақат алғандардың деңгейі (10 мың адамға шаққанда) – 7,09 ден 8,8 дейін.

Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобильдер парктерінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Көптеген жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.

Жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібі, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібі төмен болып отыр. Жүргізушілердің дайындық жүйелерін жақсарту талап етіледі.

Осы және басқа да себептердің кешені жол-көлігі жағдайларының өте ауырлығын алдын ала анықтап отыр.

Бірнеше жылдар бойы қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі азаяр емес (10-10,9%). Анықталған есірткі сату фактілерінің саны да кемитін емес.

Жыл сайын заңсыз айналымнан орташа есеппен 2007 жылы 7кг 2009 жылы 5кг есірткі заттары,алынады.

Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейде қала бермек. Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет