Еуропалық орта ғасыр әдебиеті



бет2/8
Дата05.02.2022
өлшемі120,89 Kb.
#2463
1   2   3   4   5   6   7   8
Германдық эпос. Ежелгі германдық эпостың идеологиялық мазмұны сол кездегі барлық халықтарға тән. Батырлар жыры жауынгерлердің ерлігінің даңқын шығарады. Германдық эпоста кейіпкерлердің арасында жаңа қарым-қатынастар тағайындалады, бөлек-бөлек аңыздар циклдарға бірігеді.
Эпостық қаһарман ерекше күштің, сұлулықтың, батылдықтың өнегесі болып табылады. Әр түрлі адамдардың ерліктері бір эпостық қаһарманның ерлігі болып есептеледі.
Ежелгі германдық эпос арфаның қостауымен айтылған. Өлеңдерді (жырларды) орындаушы, шығарушылар және айтушылар – жасақшы – әншілер. Олар басқа жауынгерлермен бірге шайқастарға қатысып, солардың ерліктері туралы жырлаған. Сонымен қатар, жасақшы – әншілер ауыз әдебиетінде сақталған ескі, көне заманның оқиғалары туралы баяндаған. Жасақшы әншілер ерекше үлкен құрметке ие болған. Олар өздерінің айтқан немесе шығарған өлеңдері үшін бағалы сыйлықтарды алып тұрды (корольдің қазынасынан алтын сақиналар, білезіктер т.б.)
Ежелгі неміс әдебиеті пайда болғаннан бастап (VIII ғасыр) монастырлық оқу мен христиандық дінге қызмет етті.
Ежелгі германдық эпостың сақталған жалғыз ескерткіші – «Хильдебрант туралы өлеңнен» үзінді. Бұл өлең әкесі мен ұлының кездесуінен басталады. Мұндай сюжет басқа халықтардың эпосында кездеседі (мысалы, орыс былиналарда Илья Муромец пен Сокольниктің кездесуі, парсылар эпосында – Фирдоусидің «Шахнамесінде» – Рустам мен Сохрабтың кездесуі т.б.). Бұл аңыздарда қаһарманның ұлы басқа елде басқа әйелден туады (некесіз туған бала). Ол ер жетіп әкесін іздеуге кетеді. Көптеген сюжеттерде әкесі шайқаста ұлын жеңіп, оны танымастан бұрын өлтіреді.
Ежелгі германдық эпостың сақталған ескерткіштерінің бірі – англосакс тілінде жазылған «Беовульф туралы поэма». Англосакс тілі деп ежелгі ағылшын тілін айтады. Бұл тілде V ғ. Британияны басып алған германдық тайпалар сөйлеген. «Беовульф туралы поэма» біздерге дейін тек жалғыз қолжазба түрінде жетті. Ол Х ғасырдың басында жазылған ежелгі өлеңдер. Поэма 2 бөлімнен және оларға кірген 3000 өлеңнен тұрады. Сол 2 бөлімді біріктіретін бейне – Беовульф бейнесі. Беовульф тарихи адам емес, поэмада тарихи оқиғалар көрсетілгенмен, көптеген эпизодтары басқа халық ертегілерімен салыстырмалы. Ежелгі германдықтар өзінің поэзиясын өлең түрінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жалғастырды.
“Эдда” деген сөздің мағынасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. “Эдда” жинағына кірген батырлар туралы өлеңдердің көбі Зифгридке, Нибелунгтар өліміне, Эрманарик пен Сванхильдаға арналған. Бұл сюжеттер Германияда пайда болып, соңынан Норвегия арқылы Исландияға жетіп, қайта жөнделген.
IX – XIII ғғ. Норвегия мен Исландияда скальдтар өнері өркендейді. Скальд деп Скандинавияда жасақ көсемінің қарауындағы әншіні айтады. Скальдтар өздерінің заманы туралы және князьдар мен жасақшылардың ерлігін дәріптейтін өлеңдерді шығарды. Скальдтардың өлеңдері біздің уақытымызға дейін көбінесе үзінді түрде жетті.
Басқа ежелгі герман халықтарымен салыстырғанда исландықтардың өте бай прозалық әдебиеті болған. Бұл әдебиет ана тілінде шығарылған. Оны “сагалар” деп атайды. Бұл әдебиеттің негізінде Исландияның алғашқы тұрғындары туралы әңгімелер, рулық аңыздар жатады. Олардың көбі XII – XIII ғ аралығында жазылған.
Рулық сагалар тарихи фактілерді, адамдар мен қалалардың аттарын дәл көрсетеді. Әсіресе Исландия және Норвегияға байланысты оқиғаларды дәл көрсетеді. Рулық сагалар әдетінше бірнеше ұрпақтың тарихын, өмірін бейнелейді. Сагалар бас кейіпкердің өмірбаянынан басталады. Алдымен оның балалық шағы, алғашқы ерлігі туралы айтылады. Содан кейін оның теңіз саяхаттары, Норвегия королінің жасағына кіруі, теңіз жорықтарынан даңқы шығып, құрметпен еліне оралуы, үйленуі, бейбітшілікте өмір сүруі, атақты рулар арасындағы күндестігі мен өшпенділігі және солардың кесірінен тұған қанды шайқастар туралы баяндалады. Рулық сагаларда кейіпкерлер батырлар жырындағы қаһармандай дәріптелмейді.
Мифологиялық және қиял – ғажайып ирландық сагалармен салыстырғанда исландық рулық сагалар сол кездегі Скандинавия халықтарының тұрмысын, қоғамдық және жанұялық қарым – қатынастарды, әдет – ғұрыптары мен діншілдігін көрсетті. Исландық сагалар бұл жағынан германдықтардың этнографиясын зерттеу үшін таптырмайтын материал болып табылады.
Сансыз көп рулық сагалардың ішінде классикалық түрде жазылған және тарихи материалды дұрыс көрсеткен – “Эгил туралы сага”
Рулық және тарихи сагалармен қатар аңыздар мен фантастикаға негізделген сагалар да болды.

Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет