Еуропалық орта ғасыр әдебиеті



бет8/8
Дата05.02.2022
өлшемі120,89 Kb.
#2463
1   2   3   4   5   6   7   8
Қалалық әдебиет. ХІІІ ғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ортағасырлық мәдениет өзінің жоғары деңгейіне жетеді. Сол кезде саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында, адамның ақыл-ойында үлкен өзгерістер пайда болады. Философия және басқа ғылымдар да өркендейді.
ХІІ ғ. қалалар туралы әдеби шығармалар шыға бастады. Әдебиетте өмірмен бірте-бірте байланысын үзген рыцарьлар поэзиясымен қатар жаңа, қалалық әдебиет дамыды. Ол күнделікті өмірді, қоғамның барлық таптары өкілдерін, әсіресе, шаруаларды, бейнелеуді мақсат етті.
Қалалық әдебиет рыцарьлар әдебиетімен байланысты болса да, оған негіз болған халық ауыз әдебиеті. Қалалық әдебиетте кездесетін ең жақсы образдар мен сюжеттер фольклордан алынған.
Қалалық әдебиет рыцарьлар поэзиясының кейбір жанрларын пайдалып, өздерінің өзгерістерін енгізді. Қалалық әдебиеттің жанрлары: публицистикалық, сатиралық лирика, өлеңмен жазылған қысқа тұрмыстық әңгімелер, үлкен сатиралық және аллегориялық романдар, әртүрлі дидактикалық (өсиетті) шығармалар. Қалалық әдебиеттің стилі де өзгерді. Ол рыцарьлар поэзиясының сыпайылығына, әсемділігіне, нәзіктілігіне қарсы халық тіліне жақын болды.
Францияның қалалық әдебиеті. Ортағасырлық қала тұрғыны өлеңмен жазылған күлкілі қысқа әңгімелерді жақсы көрді. Оның басты кейіпкері көбіне епті әрі қу қала тұрғыны немесе жайдары, тапқыр шаруа болды. Олар үнемі өзінің жауларын – тәкаппар рыцарьларды және қомағай монахтарды келекеледі.
Францияда өлеңмен жазылған ұсақ әңгімелер – фаблио қалалық әдебиеттің (ішінде) кең тараған жанрларының бірі болды. Ол күнделікті өмірден алынған қызықты, ерсі оқиғалар туралы әңгімеледі.
Фаблио 3 топқа бөлінеді. Оның қарапайым түріне анекдоттар жатады.
Фаблионың 2-ші тобына әлеуметтік бағытта жазылған, сюжеті жақсы дамыған әңгімелер жатады. Бұларда рыцарьдан гөрі қала тұрғынына тән қасиеттер дәріптеледі: тапқырлық, ұқыптылық, ептілік т.б. Типтік фаблиоға «Шаруа – емші» атты әңгіме жатады. Осы фаблио ХVII ғ. драматург Ж.-Б.Мольердің «Амалсыз емші болған» шығармасына негіз болды.
Фаблионың 3-ші тобына қоғамның әртүрлі таптарына, соның ішінде, қала тұрғындарына тән кейбір кемшіліктер әшкерленетін шығармалар жатады. Бұл әлеуметтік сықақ ауқатты қала тұрғындарының сараңдылығына, рақымсыздығына, мейірімсіздігіне, қомағойлығына, дін қызметшілерінің әдепсіздігіне, екіжүзділігіне, рыцарьлардың ақылсыздығына, дөрекілігіне, кәсіпқой алдамшылардың қитұрқы қылықтарына қарсы бағытталған.
Фаблионың ортасында – қала тұрғындары, олардың сол кездегі сауда-саттыққа байланысты дамыған жаңа қарым-қатынастар, қалалықтардың типтік белгілері. Бірақ қала тұрғындары екі жақты суреттеледі: бір жағынан, олардың ептілігі, икемділігі авторды таңқалдырады, ал екінші жағынан, сол қасиеттер адамды тонау немесе қанау үшін пайдаланатын болса, олар қатты әшкереленеді. Бұл сол кездегі қарапайым халықтың, шаруаның, қала тұрғындарының көзқарасы болды.
Көптеген фаблиолардың сюжеттері өзге халықтардың ертегілері, новелла, өсиетті әңгімелеріне жақын.
Ортағасырлық фаблио кейінгі француз әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. Фаблионың сюжеттері Ф.Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романында, Ж.Б. Мольердің комедияларында, П.Лафонтеннің ертегілерінде, Ги де Мопассанның новеллаларында кездеседі. Фаблионы материал ретінде Д.Боккаччо және басқа да итальян жазушылары пайдаланған.
Франция қалаларында ондаған жылдар бойында мысалдар мен ертегілерден «Түлкі туралы роман» дастаны шығарылды. Дастанда аң бейнесінде жалқау ірі феодал – Аю, шіркеудің топас қызметкері Есек, жемтік іздеп шарқ ұрған жауыз рыцарь – Қасқыр (Изенгрим), ақылды, тапқыр қала тұрғыны – Түлкі көрсетіледі. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі жеңіп шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнесінде берілген кедейлерді ол жәбірлегенде оның өзі қиын жағдайға душар болады.
Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет