Еуропалық орта ғасыр әдебиеті



бет3/8
Дата05.02.2022
өлшемі120,89 Kb.
#2463
1   2   3   4   5   6   7   8
Халық поэзиясы. Қоғамның түрлі жеңілдіктерін пайдаланушы таптар өздерінің мүдделері мен көзқарастарын рыцарлық және клерикалық әдебиеттен тапты. ХІІ ғ. бастап қалалардың ролі күшейіп, олар өздерінің ерекше қалалық әдебиетін шығарды. Ал жазу білмеген бұқара халық өз шығармашылығын орта ғасырлардың ортасына дейін тек қана ауызша жалғастырды.
Ортағасырлық әдебиеттің негізгі бағыттарының әлеуметтік тегі әртүрлі болса да, олар бір-бірімен байланысты болды. Халық ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне өте бай материал беріп, оны өзінің сюжеттері мен бейнелерімен түрлендіріп, қамтамасыз етті. Халық поэзиясы өте бай және өз бетімен дамыған әдебиет болса да, ол ауызша дамығанның кесірінен тек XIV-XV ғғ. дейін өркендеді.
Халық өмірі туралы өлеңдердің авторы болған кәсіби әншілер. Оларды Францияда жонглерлер, Испанияда – хугларлар, Германияда – шпильмандар деп атаған. Жонглерлер ортағасырлық қоғамның барлық топтарына танымал болған. Олар жүргінші жолдармен жиһан кезіп, жолында кездескен қамалдарға, қалаларға және селоларға кірді. Жонглерлер сол кездегі жаңалықтарды жинап таратушы болды. Олар өз заманының барлық оқиғаларына үн қосты. Оларсыз ешбір сарай салтанаты, жәрмеңке, діни я халық мейрамы өтпейтін болды.
Халық поэзиясының барлық түрлерінен ең жақсы сақталған батырлар жыры. Бұл жанр Ирландияда жақсы дамыған. Оның негізінде рулық және жергілікті аңыздар жатады. Батырлар жырын орындайтын ақын жыршыларды бард деп атаған. Бард әнін музыкамен (сазбен) қостап, әртүрлі тарихи және аңыздарға айналған оқиғалар туралы, әр түрлі батырлар мен князьдардың құрметіне арналған өлеңдерді айтты.

Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет