«Эволюциялық ілім» пәні бойынша 050113-



бет3/6
Дата09.12.2016
өлшемі2,02 Mb.
#3546
1   2   3   4   5   6

Тестілік –сауалнама


1.Теология ғылымына қарсы шыққан ғылым.

А) ламарк

Б) Дарвин.

С) Анаксимандр.

Д) Бекон.

Е) Демокрит.

2.Тірі табиғатын өлшем бірлігі.

А) Туыс


Б) Түр

С) Тұқымдас.

Д) Отряд.

3.Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардыңбар екенің жайлы бастауды ұсынған ғалым.

А) Бекон

Б) Аристотель

С) Линней

Д) Ламарк.

4.“Зоология философиясы” кімнің еңбегі.

А) Бекон


Б) Аристотель

С) Линней

Д) Ламарк.

5.“Эволюция” қай тілден алынған.

А) латынша

Б) грек


С) ағылшын

Д) орыс тілі.

6.Дарвин Эндибурк университетінде қай жылы түсті.

А) 1809


Б) 1810

С) 1811


Е) 1812

7. Сұрыптаудың қанша формасы бар.

А) 2

Б) 3


С) 4

Д) 8


8.Қолдан сұрыптау және табиғи сұрыптау нәтижесінде ата –тегі ортақ организмдердің айырмашылығы пайда болуы.

А) Дивергенция.

Б) Конвергенция.

С) Кореаливтік

Д) Компенсациялық
Реферат

1.Табиғи сұрыптаудың мәңісі.

2. Табиғи сұрыпталумен қолдан сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар.

3.Табиғи сұрыптау және бейімділіктің салыстырмалығы.

4.Жануарлармен өсімдіктердің түрлі бейімдіктері.

ОБСӨЖ № 9.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Табиғи түрлердің өзгергіштігі мен алуан түрлілігі

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Өзгергіштік туралы түсінік.

2.Жеке өзгергіштік.

3.Топтық өзгергіштік.



4.Тұқым қуалайтын және тұқым қуалайтын өзгергіштік.
3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Т ұ қ ы м қуалайтын өзгергіштікке организмде пайда болғаннан кейін оның келесі ұрпақтарында сақталып отыратын және жыныстық жолмен көбейгенде сақталып отыратын қасиеттер жатады. Өсімдіктердің немесе жануарлардың бір түрлерінен белгілі бір орталыққа генетикалық бейімделген особьтар топтарын бөліп алып көрсетуге болады. Өсімдіктерде сондай топтардың болатынын бірінші байқаған Г. Турессон, ол түр ішіндегі сондай экологиялық формаларды э к о т и п деп атауды ұсынды. Бұл автордың ұғымында, экотиптерге тән сипат олардың әрқайсы белгілі экологиялық жағдайларда өмір сүреді және оның өзіне тән.

Сөйтіп, мұнда түқым қуалайтын экологиялық өзгергіштік болатыны байқалады. Бұған Турессон сипаттаған Оңтүстік Швециядағы шатырша ястребинка мысал болады. Өсімдіктің бұл түрі теңіздің құмды жағалауларында өседі, оның жіңішке, бетін түк басқан жапырағы, ұзын төселмелі өркендері болады. Құзды жағалауларда басқа формасы өседі. Бүл келте өркенді, жалпақ тегіс бетті, түксіз жапырақты болады. Үшінші формасы Швецияның орталық аймағынан алынып сипатталды, ол биік тік сабақты, жапырақ пішіні де өзгеше, кеш гүлдейді.

Тұқым қуалайтын езгергіштіктерден өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктер модификация немесе флюктуация деп аталады. Бұл организмнің онтогенез процесінде сыртқы орта жағдайларының әсерімен пайда болады және жынысты жолмен көбейгенде ондай өзгерістер келесі ұрпақтарына берілмейді. Осындай модификациялар болатындығын қарапайым тәжірибемен-ақ дәлелдеуге болады. Осы мақсатта

өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею қабілеті пайдаланылады. Сондай қабілетті өсімдік бірнешеге бөлініп, түқым қуалау қасиеттері бірдей бір топ индивидуум алынады. Бір особьтан вегетативті жолмен алынған ұрпақтардың бүкіл тобы клон делінеді. Бір клонның особьтарын әр түрлі орта жағдайларына орналастырып, олар түрліше экологиялық факторлардың талқысына түсіріледі. Калифорнияда Дж. Клаузеннің жүргізген осындай тәжірибесі ойпат жерден альп шалғындықтарына апарылып өсірілген өсімдіктің өзгеретінін көрсетті, ал оны тау етегіндегі алқапқа қайта апарып өсіргенде, оның бастапқы қасиеттері қайтадан өз қалпына келді.
5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары


1.Өзгергіштік туралы түсінік.

2.Жеке өзгергіштік.

3.Топтық өзгергіштік.

4.Тұқым қуалайтын және тұқым қуалайтын өзгергіштік.


ОБСӨЖ №10.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары

2.ОБСӨЖ жоспары :

1.Тіршілік үшін күрес туралы түсінік.

2.Тіршілік үшін күрестің формалары.

3.Элиминация.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мазмұны:

Тіршілік үшін күрес – дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторна және басқа тірі организмдерге тәуелділігі, сон дай-ақ, рсобьтардың “өзіне ұрпақ қалдырып” отыру қабілеті. Осы жайында шөлді жерде өсетін өсімдіктерді қуаңшылықпен күреседі деп. айтуға болар еді, “бұдан гөрі олар ылғалдылыққа тәуелді деген дұрысырақ”. Бұл тәуелділіктер өте күрделі бір-бірімен тығыз байланысып, шырмалып жатыр. Олардың бірі организмге қолайлы, оның дұрыс тіршілік етуіне себе болады, екіншілері, керісінше түрдің дамып келе жатқан особьтарына теріс әсер етюді, олардың санының көбеюіне бөгет болады.

Түрлер санының реттелуі жөнінде климат маңызды роль атқарады, сірә, өте зор бөгеу болса керек. 1854-1855 жж қысында Дарвин өз аймағындағы құстардың 4/5 қырылып қалғандығын атайды. Егер адамда кездесетін інде аурудан 10% қазаны көп деп. танысақ, аталған қырғын шын мәнінде төтенше екенін түсіну қиын емес. Климаттың қолайсыз жағдайлары осы жөнінде аталған қатты суықтар, организмге тікелей әсер етіп қана қоймай оның азық қорын азарту арқылы жанама да әсерін тигізеді.

Дарвин бірге мекендеуші организмдердің арасындағы қарым-қатынастың күрделіңлігі жайында көптеген мысалдар келтірді. Өсімдіктердің өскіндерін әр түрлі жануарлар көптеп құртып отырады. Дарвиннің еебі бойынша 0,5 м2 көлеміндегі жерде пайда болған 357 өскіннің 295-ін моллюскалар мен насекомдар жойып жіберген.

Тіршілік үшін күрес түсінігіне Дарвин организмнің қоршаған абиотикалық та, биотикалық та факторлармен арақатынасын кіргізеді. Организмдер арасындағы қатынасты түрішілік және түраралық деп бөлуге болады. Дарвин тіршілік үшін күрестің айқындылығын табиғатты бағдарлап қана қоймай, эксперимент арқылы да көрді және дәлелдеді. Мысалы, бір тәжірибесінде ол өсімдіктер шыдамдылығының температураға байланыстылығын көрсетті. Бұршақтардың 390 көшетінен кейін түнгім суықтан кейін 12-сі ғана тірі қалғанын көрді. 4 күн өткеннен кейін қайта болған түнгі суықтан кейін ол қалған 12-нен 3-еуі ғана аман қалды.

Табиғатта пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп-өне алмайды.

Элиминация ортаның әртүрлі факторларына байланысты.Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау фактылары дәлел болады. Осы кезде құстарда болатын элиминация біршама толық анықталған. Мысалы: топ құстарға жыртқыштар шабуыл жасағанда ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шамалы бір топ торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайды соқыр жағынан келіп Остап алған. Екінші бір жағдайда осы түрге жататын жыртқыш құс 20көкшіл торғайдан жарақаттанған біреуін, 100 шымшықтан әлсіздеу біреуін ұстаған. Осы сияқты талғамдылық көптеген басқа жыртқыштарда да байқалады. Бұл аталып өткен фактылар, құстардағы элиминация түр үшін бағасы кем особьтарда болатындығына дәлел.
5.Студенттің орындайтын тапсырмасы .

Тест

1.Өткен ғасырда 30 жылдарында биология ғылымда қандай оқиға себеп болды.

А) 3

Б) 5


С) 2

Д) 4


Е) 6

2.Биология ғылымда қандай жаңа сала қалыптасты.

А) Жануарлардың даму тарихы

Б) Клетка теориясы.

С) Салыстырмалы эмбрология.

Д) Салыстырмалы зоология.

3.Органикалық дүние дамуы Рулье неше кезеңге бөлді.

А) 2


Б) 4

С) 3


Д) 6

4.Органикалық дүниенің дамуына Рулье 3 кезеңге бөлдді соның 1-ші кезеңің ата?

А) Жануарлардың пайда болуы.

Б) Гүлді өсімсдіктер.

С) Тіршіліктің теңізде пайда болуы және дамуы.

Е) Өсімдік дүниесінің пайда болуы.

5.Ламарк материяны және табиғатты кім жаратты деп түсіндірді?

А) Адам


Б) Жануар

С) Құдай


Е) Өздігінен

6.Тірі табиғаттың дамуы немесе эволюция жайлы түсініктер неше кезеңге бөлінеді?

А) 2

Б) 3


С) 4

Д) 5


Е) 6

7.Ион философиялық мектебінің ірі өкілдері кімдер?

А) Аристотель

Б) Бекон


С) Анексимандр.

Д) Демокрит.

Е) Дарвин.

8..Космостық алғашқы элементтеріне не жатады?

А) ештене жатпайды.

Б) су,тас, құм

С) су, жер, ауа, от.

Д) жер, от, жарық

Е) ауа. От, жарық.

Бақылау сұрақтары.

Тіршілік үшін күрес ұғымы.

Табиғи сұрыптау немесе бейімдіректердің тіршілік етіп қалуы.

Элиминация.

Тіршілік үшін күрестің маңызы.
ОБСӨЖ № 11.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Ч.Дарвиннің өмір жолы және еңбектері

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Дарвинның жастық шағы.

2.Дарвинның жасаған саяхаты.

3.Дарвинның еңбектері.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Чарльз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан “Табиғат храмы” атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады.

1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да, одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ, Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды. Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында геологияны зерттеп экскурсияларға шығады.

Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы Дарвин университетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен “Бигль” (“Исшіл ит”) кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына аттанады.

Дарвин “Бигл” кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады. Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру болатын. Бұдан басқа “Бигль” экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып шығу саяхаты жасалды.

1835 жылы 5 сентябрьде “Бигль” Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38 галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері. Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері кездеседі.



Галапагос аралдарынан “Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын аралап шығады. 1836 жылы 1 апрельде Суматрадан 600 миль қашықтықта жатқан Үнді мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған . Дарвин осы аралдардың тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады.
5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Глоссарий.

Бигль


Фауна

Флора


Эндимизм.

Монография.

Архипелаг.
ОБСӨЖ 12.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Эволюциялық ілімнің Дарвиннен кейінгі дамуы

2.ОБСӨЖ жоспары :

1.Прогресшіл биологтардың Дарвинизмді насихаттауы және қорғауы.

2.Биология пәннің дамуына Дарвин идеяларына тигізетін ықпалы.

3.Биологиядағы антидарвинистік ағымдар мен күрес.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мазмұны:

Дарвинизмнен кейінгі кезен биологияның тез дамуымен сипатталады.Тірі табиғаты зерттеуіне Дарвинизм тарихи зерттеу принципін енгізді және осының арқасында барлық биология ғылымдар жүйелері қайта құрылды.Эволюцияның көптеген бағыттағы қалыптасқан. Эволюциялық морфология, физиология, полонтология, генетика жалпы қазіргі қөз-қарастардың қалыптасуына эволюция ілімінің әсері зор болды.Оның барлық жағынан дәлелдеу үшін, эволюциялық процестің генетикалық және эволюциялық негіздерін және жалпы заңдылықтардан терең зерттеу қажет болды. Эволюцияның жалпы заңдылықтардан және генетикалық экологиялық факторлардан зерттеу жолдардан биология дамуы эволюция ілімінің жеке ғылым реттінде қалыптасуына әсер етті.

Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В.О.Ковалевский болып саналады. Оның еңбегінің құндылығы - ол бірінші рет палеонтологияда тарихи әдісті қолданып және оны дамытты.В.О.Ковалевский тұяқтылардың филогениясы саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын дәлелдеді. Осы зерттеулер бірсыпыра қорытынды тудырып, эволюциялық палеонтологияның әрі қарай дамуына септігін тигізді. В.О.Ковалевский Агассицтің және басқа Кьювені жақтаушылардың Дарвин теориясына қарсы қойған негізгі жағдайларын жоққа шығарды. Олар қазба қалдық түрлермен қазіргі кездегі түрлердің арасында аралық формалар жоқ деп білетін. В.О.Ковалевский үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.

5.Студенттің орындайтын тапсырмасы

Тест

1.Даму процесі дегеніміз ?

А) Күрделіден қарапайымға өтуі.

Б) 1 орынан 2 орынға ауысу.

С) организдердің орын ауыстыруы.

Д) 1 жағдайдан 2-ші жағдайға өту тек қарна жаңа қасиеттер мен сонымен қатар ежелггі органың ерекшеліктерінің сақталуы.

2.Биологиялық эволюция дегеніміз?

А) Қайта оралмайтын процес

Б) Ұрпақтар жалғастығына негізделген

С) Биологиялық пайдалы белгілердің өзгеруі.

Д) жаңа элементтердің бұрынғы организдерге үлесімді енуі.

3.Андрей Цезалпин өсімдіктерді қандай белгілеріне қарап екі топқа бөлді.

А) Тік өсетін және жатаған.

Б) Жеміс және жидек.

В) Кіндік және шашақ тамыр.

Г) Гүлді және гүлсіз.

Д) Дұталы және шөптесін.

4. К. Линей өсімдіктерді қанша класқа бөлді.

А) 13

Б) 12


В) 24

Г) 23


Д) 19

5. Жануарлар дүниесін класқа бөлуде, Линей қандай ерекшеліктерін негізге алды.

А) Қимыл системасындағы.

Б) Ас қарыту системасындағы.

В) Мінез құлқына.

Г) Түсіне.

Д) Қан тамырлар және тыныс алу.

6.К. Линей жануарларды қанша класқа бөлді.

А) 6

Б) 5


В) 9

Г) 14


Д) 4

7.В. Ломоносовтың “Жер қабаттары туралы” трактаты қай жылы жазылды.

А) 1749

Б) 1759


В) 1755

Г) 1760


Д) 1745

8.Антил аралын ашқан кім.

А) Афансий Никитин.

Б) Америго Веспуч

В) Хистофор Колуий

Г) Васкода Гаша


Д) Фернан Мегаллан

Бақылау сұрақтары


Батыс пен Ресейде эволюциялық идея үшін күрес.

Полионтологиядағы тарихи әдіс.

Эволюциялық эмбрологияның дамуы.

Тимирязевтің ғылым мен практикалық одағы жайында .

Антидарвинистік ағымдардың шығу себепт ері.

Элеуметтік Дарвинизм.



ОБСӨЖ № 13.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: 1-кезең. Дарвинизмнің қалыптасуы

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Эволюция ілімінің негізгі даму кезеңдері.

2.Тенслидің еңбектері.

3.Ресейде Дарвинизм ілімінің таралуы.

4.Дарвинизмге қарсы оппозициялар.

3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Дарвинизмнен кейін эволция ілімінің дамуы 4 негізгі кезеңге бөлінді.

1. 1859 жылы 1900ж Дарвинизмнің қалыптасуы.Эволюция идеясының жемісі. Эволюция

идеясының жеңіп шығуына Дарвинизмнің “Түрлерінің тегі”. Эволюцияның нақты дәлелернің келтіруі себеп болды. 1860 жылы Дарвинизм еңбегі неміс тіліне аударылды.1862 жылы еңбек франциз тіліне аударылды. 1864 жылы орыс тіліне аударылды.Көптеген елдердің ғалымдары Дарвинизмнің ілімін оңай қабылдады.Дарвинизмнің айтуы бойынша Эволюция идеялары Англиядан ең бірінші қолдаған Гексли болды.Ол “Адамның табиғаттағы орны” ең бірінші орында адамдар мен жоғарғы сатыдағы маймылдардың арасындағы ұқсастықтарды эмбирологиялық, морфологиялық және полентологиялық дәлелдеулер мен келтіріп отырды. Флористика зерттеулерінде Дарвинизмнің негізгі жағдайлары белгілі ағылшын ботаниктері Гуккер мен Уотсондар қолдады. 1862 жылы шыққан Радиолярии жүйесі еңбектерінде Геккель Дарвинизм жүйелерін қорғап шығып, оның идеяларын тараты.

1864 жылы “ Дарвин үшін” деген еңбектерінде неміс биологы Мюллер шаянтәрізділердің личинка және ересек особьтар құрылысының салыстыра зерттеген. “Дарвин белгілі шаян тәрізділердің тарихи дамуыларын түсіну үшін жәрдем береді деп жазды.Ресейде Дарвинизм ілімі тез тарады.

1861 жылы Соколов ілімінің негізгі қағидаларын орысша жариялады. Дарвинизм ілімі орыс журналдарында көп ғалымдар талқылады.М.Тимирязев.

Ресейде Дарвинизм ілімі тез таралуы оған мына жағдайлар себеп болды: М.Тимирязев ғылыми ортада К.Ф.Рульеннің еңбектерінде де эволюциялық ойлар толы болды.Ресей ғылыми ортада креоционизм идеялары онша таралмаған. Табиғаттың дамуын түсіну үшін ғалымдардың материалистік көз-қарастары кеңінен таралған. Материалистік ғалымдар ішінен М.В.Ломоносов, Радшуль Герцен атап көрсетті.

Сол кездегі қоғамның саяси-әлеументтік дамуыда Дарвинизмнің кең таралуына он әсерін тигізді. 1864 жылы Писарывтің “өсімдіктер және жануарлар әлеміндегі прогресс” деген еңбегі шықты. Осы еңбектерде Дарвинизмнің материалистік көз-қарастарынан даму проблемасын шешу үшін жаңа жолдары талқылап көрсеткен.Осы жолы Дарвинизмге қарсы оппозиция да пайда болды.Олардың ішінен геологтар А.Сәджвик, Ч.Лайель, палентологтар Г.Оуэен, К.Браунды, Биологтары П.Фрупоне, Р.Вирховты атасы болды.

Сондықтан эволюциялық ілімнің дамуында бірінші кезең түрлерінің тұрахты болу концепцияжойылуынан аяқталады.Криационизм көз5-қарастарының биологиясындағы маңыздылығы жойылды.
5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет