«Эволюциялық ілім» пәні бойынша 050113-



бет5/6
Дата09.12.2016
өлшемі2,02 Mb.
#3546
1   2   3   4   5   6

Коллоквиум


1.Органикалық эволюция –эволюцияның негізі

2.Эволюциялық ойлардың пайда болуы

3.Дарвинге дейінгі эволюциялық идеялар

4.Дарвиннен кейінгі эволюциялық идеялар

5.Органикалық эволюция кезеңдері
6. Әдебиеттер тізімі
ОБСӨЖ № 21.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Палеонтология және тарихи геологияның пайда болуы

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Палентологиялық зертеу .

2.Ж.Советтің еңбектері.

3.Ч. Лайельдің диаформизм принципі.


3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В.О.Ковалевский болып саналады. Оның еңбегінің құндылығы - ол бірінші рет палеонтологияда тарихи әдісті қолданып және оны дамытты.В.О.Ковалевский тұяқтылардың филогениясы саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын дәлелдеді. Осы зерттеулер бірсыпыра қорытынды тудырып, эволюциялық палеонтологияның әрі қарай дамуына септігін тигізді. В.О.Ковалевский Агассицтің және басқа Кьювені жақтаушылардың Дарвин теориясына қарсы қойған негізгі жағдайларын жоққа шығарды. Олар қазба қалдық түрлермен қазіргі кездегі түрлердің арасында аралық формалар жоқ деп білетін. В.О.Ковалевский үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.

Эволюциялық эмбриологияның дамуы. В.О.Ковалевскийдің палеонтологияға енгізген жануарлар филогениясын зерттеу әдісі скелеті жақсы сақталатын түрлерге ғана қолданыла алады. Бірақ көп клеткалы организмдер мен бір клеткалы организмдер және омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлар арасындағы филогениялық байланысты анықтау үшін ол әдісті қолдануға келмейді. Былай қарағанда, бұл топтардың бір-бірінен оқшаулығы сонша, олардың араларын жалғастырғандай аралық формалар жоқ сияқты.

Бұл мәселені шешуде көмекке эмбриология келді. Ұріқтардың ұқсастығы жайындағы Бэрдің заңына сүйеніп, Рулье “жануарлардың жасына байланысты күрделенуі мен жануарлардың класс бойынша күрделенуі параллельді” деген болжам айтқан болатын. Дарвин эволюциялық процестің заңдылықтарын дәлелдеу үшін эмбриологияның үлкен маңызы бар екендігін атады. Ол, ересек күйінде бір-біріне ұқсамайтын жануарлардың ұрықтарының құрылысы ұқсас болуы, олар бір ата-тектен тарағандығына дәлел деп қарады. Осы пікірді кеңінен пайдалана отырып, В.О.Ковалевский мен И.И.Мечников өздерінің тамаша зерттеулері арқылы эволюциялық эмбриологияның негізін құрды. Бұлар түрлердің жеке дамуын талдау арқылы олардың табиғи системадағы дәл орнын тауып беру мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді.


5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Глоссарий.

Котострофа.

Диаформизм.

Палентология

Биогеоценоз
ОБСӨЖ №22.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Экология және биогеография салаларының зерттеулері

2.ОБСӨЖ жоспары :

1.Эволюциялық теорияның дамуына экологиялық зерттеулердің үлесі.

2.Биогеография саласын зерттеу.

3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мазмұны:

Эволюциялық эмбриология табыстарының нәтижесінде Ф.Мюллер мен Э.Геккель “Биогенетикалық заң” қалыптастырды. Геккель бұл заңға мынадай тұжырым берді: “Онтогенез филогенездің қысқаша және тез қайталануы, тұқым қуалау (өсып-өнудің) және бейімдеушіліктің (қоректенудің) физиологиялық функцияларымен байланысты қайталануы”.

Биогенетикалық заң жануар дүниесіндегі филогениялық байланыстарды анықтау үшін әдіс есебінде пайдаланыла бастады. Эмбриологиядағы тарихи әдісті дәлелдеу және оны одан әрі өңдеу қажет болды. Осы орасан күрделі жұмыс А.Н.Северцов және оның шәкірттерінің еңбектерімен жүзеге асты. А.Н.Северцовтың еңбегі – ол биологияда эволюциялық морфология бағытын дамытып филэмбриогенез теориясын және эволюциялық процестің негізгі бағыттары жайындағы ілімді дамытты.

К.А.Тимирязев ғылым мен практиканың одағы жайында 1920 жылы (К.А.Тимирязевтің өмірінің соңғы жылында) оның “Ғылым мен демократия” атты кітабы басылып шықты. Бұл дарвинизмнің ескі күрескерінің бостандық алған және Отанымыздың жас ұрпақтарына арнаған ғылыми мен саяси өсиеті ретінде жазылған еңбегі еді.

Тимирязевтің “Ғылым мен демократия” атты кітабы – мақалалар жинағынан құралған, соның ішінде “Ч.Дарвин мен К.Маркс” деген мақаласы бар. Осы мақаласында Тимирязев, соңғы кезге дейін жаратылыс зерттеушілер тіршілік заңдарын, негізінен оның мәнісін және тарихи дамуын түсіндіру үшін зерттеп келді деп жазады. Социологтар жаратылыс зерттеушілерден озып кетті. Өздерінің түсініктемелерінде Дарвин де, Маркс те қазіргінің нақтылы зерттеуін негізге алды, бірақ та Дарвин оны көбінесе барлық органикалық дүниенің бұрынғы көлеңкелі тарихын түсіндіру үшін, Маркс оны көбінесе “қазіргі тенденция” негізінде болашақты айту үшін тек болжау айтып қою үшін емес, соған әсер ету үшін пайдаланды, Маркстің сқзімен “философтардың әрқайсысы дүниені өзінше түсіндірумен шұғылданады, ал істің мәнісі – оны қалай өзгерту керектігінде”.

5.Студенттің орындайтын тапсырмасы .

Тест


1. Қай ғалым сыртқы орта әсерінің эволюцияға қажетті фактор болып табылатынын көрсетті

А) Ламарк

Б) Дарвин

С) Уотсон

Д) Ковалевский

2. “Бейімделу” деген терминге алғаш түсінік берген ғалым

А) Дарвин

Б)Ламарк.

С) Уотсон.

Д) Аристотель

3. Биология тарихында ерекше орын алатын үш датаны көрсет.

А) 1781, 1808, 1861

Б) 1759, 1808, 1859

С) 1758, 1808, 1858

Д)1789, 1808, 1858

4. Трасформистерді көрсет

А) Бюффон, Де Майе

Б) Ламарк, Дарвин

С) Ковалевский, Северцов

Д) Уотсон, Крик

5 Биологиялық системаларға тән система тармағын ата.

А) көбею.

Б) қалпна келтіру.

С) Табиғи сұрыптау.

Д) Өзгергіштік.

6. Үлкен қарабас шағалы жұмыртқасының орташа температурасы.

А) +37

Б) +40


С) +35

Д) + 36.


7. Биологиялық системалар өте ықшам өте икемді болып келеді.Орташа көлем қанша см3

А) 1350-1450

Б) 1200-1450

С) 1300-1500

Д) 1700-1600

Бақылау сұрақтары.

Ч.Беллдің зерттеулері.

П.Палластың ойлары.

А.Гумбольд пен А.Декандаль еңбектері.

Ламарктің экологиялық факторлар жайлы ойлары


ОБСӨЖ № 23.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Микроэволюция ілімі, зерттейтін мәселелері мен әдістері

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Микроэволюция жалпы түсінік.

2.Популяция және онда жүретін процестер.

3.Экологиялық раса.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Дарвин құрған түрлердің шығу тегі туралы теорияның негізінде мынадай принципиалды маңызды жағдайлар жатыр:

Түрдің филогениялық өзгеруі әрқашан орта жағдайлардың өзгерісіне байланысты туады.

Жаңа түрдің түзілуі түр ішіндегі жаңа формалардың қалыптасуынан басталады. Дарвин бұларды түршелер деп атады.

Табиғи сұрыптау нәтижесінде жаңа органикалық формалар езгерген жағдайларға бейімделіп отырады.

Жаңа түрлердің пайда болуы — ұзақ тарихи процесс.



Филогенездің негізгі бағыты дивергенция болып табылады,алайда конвергенциялық формалар да пайда болуы мүмкін.

Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір тобы әрқашан бар негізден (шығу тегі монофилиялы) шығады.

Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанына жүз жылдан артық уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың күшті құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолы бұл теорияның негізгі жағдайларының дүрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған фактылар бұл теорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бүл жөнінде дивергенішя процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа зерттеулердің ерекше маңызыібар. Қазіргі кездегі популяциялық экология микроэволюциялық процестің мәнісін түсіндіруде көп жаңалықтар ендіріп отыр. Микроэволюц и я дегеніміз популяциялардың ішікде жүретін және түрдін, әр түрлі дәрежедегі түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатын эволюциялық процесс. Басқаша айтқанда, микроэволюция популяция дәрежесінде (деңгейінде) жүретін процесс.
5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1.Микроэволюция жалпы түсінік.

2.Популяция және онда жүретін процестер.

3.Экологиялық раса.



ОБСӨЖ №24.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы

2.ОБСӨЖ жоспары :

1.Өзгергіштік жайлы түсінік.

2.Өзгергіштік түрлері.

3.Тұқым қуалайтын өзгергіштік.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мазмұны:

Жеке және топтық өзгергіштік. Өсімдіктердің немесе жануарлардың қай түріне жатса да, организмнің қайсысы болса да бүкіл өмір бойы белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Онтогенез процесінде оның жеке органдарының құрылысының белгілері, ,функциялары және мінез-құлқы заңды түрде өзгеріп отырады. Әсіресе, постэмбриональдық дамуы күрделі метаморфозды бейнеде өтетін түрлерде өте шұғыл өзгерістер болады. Мүндай жағдайларда жеке дамудың әрбір дәуірі морфологиялық және физиологиялық белгілерінің жиынтығы жөнінен бір-біріне ұқсамайды. Көптеген гельминттердің (сорғыш құрттар, таспаұ) немесе толық түрленіп дамитын насекомдардың (қоңыздар, қабыршық қанаттылар, жарғақ канаттылар т. б.) күрделі даму циклдерін еске түсірсек-ақбұл жағдай түсінікті болады.

Сөйтіп, әрбір организм, жеке дамуда ата-аналарының басынан өткізген бірсыпыра өзгерістерін, өзінің онтогенезінде сондай ретпен басынан өткізеді. Солай бола тұрса да, бір түрге жататын особьтардың бір-бірінен қалайда азды-көпті айырмашылығы болады. Тіпті, бір анадан өрбіген индивидуумдардың қайсысын алсақ та өзінің ата-анасынан, сондай-ақ бір-бірінен азды-көпті айырмашылығы болады. Белгілерінде қандай да бір ауытқу бар, бір түрге жататын особьтардың аз, не көп болуына байланысты , өзгергіштік екі топқа бөлінеді: жеке өзгергіштік және топтық
(жалпылай) өзгергіштік.

Жеке өзгергіштік дегеніміз — бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ әрқайсының өзіне ғана тән қандай да бір белгілерінің болуы. Бір туысқан ұрпақтағы барлық особьтарды бір-бірімен салыстырғанда немесе бір жерде мекендеуші бір топ особьтарды бір-бірімен салыстырып қарап шыкқанда аталған жеке өзгергіштік оңай-ақ байқалады. Мысалы, бір жерден еркек бүғы-қоңыздың бір тобын алып өзара салыстырсақ, олардың денесінің үлкендігі бірдей емес екендігін көреміз. Басқа насекомдардың реңі өте өзгергіш келеді. Бүған сары қоңыз мысал болады. Мүның металл тәрізді жалтырауық түсі әр особінде әр түрлі реңді болып келеді: жасыл, сарғылт-жасыл, күрең-қызыл, кейде күңгірт-күлгін, көк, тіпті қарасы да болады.

Қалыпты реңді ұялас қасқырлардың арасында мүлдем қара түсті қасқыр кездеседі. Көртышқандардың арасынан боз реңді индивидуумдар кездеседі. Бір жерде өсірілген бір сортты бидайдың пісіп жетілген масақтарын салыстырғанда, олардың ұзындығы, ондағы дәнектерінің саны, реңі және басқа белгілері әрқайсында әр түрлі болып шығады.

Топтық (жалпылай) езгергіштік дегеніміз — бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын басқа топтардан қандай да бір белгілері жөнінен айырмашылықтарының болуы. Ондай топтар бір-бірінен өзгеше орта жағдайларында кездеседі. Әдетте, сондай топтарға өзара салыстыру арқылы топтық өзгергіштік анықталады. Осыған байланысты топтық өзгергіштіктің маусымдық, экологиялық және географиялық турлері болады.
5.Студенттің орындайтын тапсырмасы .

Тест


1. Қандай гендердің құрылысына ешқандай өзгеріс еңбейді хромосом саны өзгермейді.

А) Комбинациялық өзгергіштік.

Б) Мутациялық өзгергіштік.

С) поляративті өзгергіштік.

Е) генотипте өзгергіштік.

2. Хромосом ішіндегі өзгерістер неше топқа бөлінеді.

А) 2

Б) 3


С) 5

Д) 5


Е) 6

3. Фенотиптердің зерттеу негіздерінде гомолықтық қатар заңын ашқан ғалым.

А) Дарвин.

Б) Лламарк.

С) Бекон.

Д) Вавилов.

4. Тұқым қуалайтын қасиеттерінде сыртқы фактордың өзгерісте алатындығы тұңғыш дәлелдеген ғалым.

А) Дарвин..

Б) Ламарк.

С) Бекон.

Д) Вавилов

5. Қазіргі кезде полиплоидия неше топқа бөлінеді.

А) 2

Б) 3


С) 5

Д) 4


6. Академик И.И.Шмалганзен сұрыптаудың қандай әрекеті жайында ұғым қалыптастырды.

А) Тұрақтандырғыш.

Б) Қарапайым.

С) Тұрақсыздық.

Д) күрделлі.

7. Сомалық клеткада неше хромосома болады.

А) 32

Б) 33


С)36

Д) 37.


8. Полиплоидия құбылысын қай ғалым ұсынды.

А) Ламарк 1899ж.

Б) Герашимов 1890ж

С) Берг 1861ж

Д) Дарвин 1895 ж

9. Жаңа мутация көбінесе қандай түрде болады.

А) аллелді.

Б) Рецессивті.

С) доминанты.

Е) гетерозиготалы.



Глоссарий.

Популяция

Сыналы өзгергіштік.

Бергман ережесі.

Аллен ережесі.

Глогер ережесі

Экотоп.

Флюктация.



Гомозигота

Гетерозигота.


ОБСӨЖ № 25.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Комбинативтік өзгергіштік және оның эволюциядағы ролі

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Комбинативтік өзгергіштік.

2.Комбинативтік өзгергіштің эволюциялық маңызы.

3.Тұқым қуу.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Тұқым қуалайтын жаңа қасиетті организмдердің пайда болуындағы себепші негіздердің бірі гендердің комбинациялануы мен олардың өз ара әрекеттесу нәтижесіде туатын к о м б и н а ц и я л ы қ ө з г е р г і ш т і к. Гендердің мұндай комбинациялары екіге процесс негізінде орындалады. Оның бірі – клетканың редукциялы бөлінуінде хромосомдардың айқасу, яғни буданда гаметалар түзілу кезінде гендердің қайта топталуы. Қайта комбинациялану ұрпақта белгілердің жаңа үилесіиді шумақтарының пайда болуына соқтырады.

Комбинациялық өзгергіштік түр көлеміндегі әр қилы индивидуумдарда тұқым қуалайтын қасиеттердің әртүрлі үйлесімді шумақтарын туғызады, сөйтіп, бұл сұрыптауға қажет бастапқы материалды молайтады. Сонымен қатар, бұл өзгергіштік ұрпақта ата-анасында жоқ жаңа қасиеттер пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Бұған жоғарыда айтылып кеткен бұршақ тәрізді және роза тәрізді айдарлы тауықтар тұқымдарын будандастырудың нәтижесі мысал болады. Мұнда аллельді емес даминанттық екі геннің өз ара әрекеттесуінен будандық ұрпақта жаңа белгі-жаңғақ тәрізді айдар пайда болады.

Комбинациялық өзгергіштікте гендердің құрлымына ешқандай өзгергіш енбейді; хромосом саны да өзгермейді. Мұнда, тұқым қуалайтын өзгерістердің басқа жолдарымен- мутациалық процеспен және полиполидиямен салыстырғанда генетип өзгерістері едәуір кем болады.

Комбинативтік өзгергіштік - әртүрлі жануарлар тұқымы мен өсімдіктер сорттарын будандастырудың нәтижесінде түзіледі. Экологиялық өзгергіштік — түр өз ареалының көлемінде әр жерде әр түрлі жағдайларда мекендеген болса ғана пайда болады. Бұған төрт түрлі форма түзетін, жебе жапырақ деп аталатын өсімдік мысал болады. Мұның әрбір формасы әр түрлі орта жағдайларында өседі және олар морфологиясы жөнінен бір-бірінен жақсы ажыратылады.

Бұл өсімдіктің суда 15—30 см тереңдікте өсетін қалыпты формасының бір жылдық өркенінде ассимиляциялаушы жапырақтардың бірнеше түрі түзіледі. Әуелі су астында таспа тәрізді жапырақтар, одан кейін тілімденген алақанды жапырақтар мен сағақты, үстіңгі және калқып тұратын жапырақтар түзіледі. Ең соңында осы өсімдікке тән жебе тәрізді алақанды су бетіндегі жапырақтар жетіледі. Екінші формасы 70—85 см тереңдікте су ішінде өсіп тұрады, мұның су бетіне шығып қалқып тұратын жапырағы болмайды, аталған жапырақтардың басқа түрлері болады. Үшінші формасы валлиснерияға ұқсас жапырақты болады. Бұл 150—200 см тереңдікте өседі, онда тек қана су астындағы жапырақтар дамиды, ал жер бетінде жағада немесе суы тайыз

Моллюскаларда экологиялық өзгергіштік көлемді орын алады, мұны устрицадан да көре аламыз. Оның түнық суда мекендейтін особьтары жалпақ, дөңгелек бейнелі болып келеді. Шығанақтарда не қатты ағысты суларда мекендейтін устрицалардың жақтаулары жіңішкелеу және ұзынша келеді. Жартастың белгілі бір жерінде топтанып мекендеген устрица особьтарының формасы дұрыс емес сопақ және бүйірі қабысыңқы келеді. Мекендерінің ерекшеліктеріне байланысты устрицаның басқа бейнеде де өзгерген формалары бар. Ізбес тасы көп тұщы суды мекендейтін моллюскалардың кебінде (айқұлақ, перловица т.б.) қауашақтары, ізбесі аз суда тіршілік ететін индивидуумдардың қауашақтарынан ауыр болады.

5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары


1.Комбинативтік өзгергіштік.

2.Комбинативтік өзгергіштің эволюциялық маңызы.

3.Тұқым қуу.

ОБСӨЖ №26.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Популяцияның генофонды жайлы ұғым

2.ОБСӨЖ жоспары :

1.Популяция туралы түсінік.

2.Гендік қор.

3.Харди-Вайнберг заңы.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мазмұны:

Популяциядағы кез келген малдың генотипіне байланыссыз шағылысатын, популяцияларды еркін өсіп өнетін деп аталады. Мұндай популяциялар табиғатта жиі кездеседі. Оларды мал шаруашылығында да кездестіруге де болады. Әсіресе аталық пен аналық арнайы жұпталмай, мал тұқымын асылдандыруға көңіл бөлінбейтін шаруашылықтар,панмикциялық популяцияда келесі ұрпақтың тұқым қуышылық құрылымы ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан үйлесулері есебінен пайда болатындықтан белгілі бір генотип иелерінің саны ата-аналарынан берілген гаметалардың түрлі типтерінің жилігіне байланысты анықталып отырады. Мұндай популяцияның генетикасын зерттеу жолдарының бірі ондағы жеке гендер борйынша гомозиготалы және гетерозиготалы өкілдерінің таралу жилігінің сипатын табу болып табылды.

1908 жылы Г.Харди мен В.Вайнберг бір-біріне тәуелсіз еркін өсіп өнетін популяцияда генотиптердің таралуын көрсететін формуланы ұсынды.Оны Харди Вайнберг формуласы деп атады.Бұл формуладан еркін өсіп өнетін популяция, егер ондамешқандай сұрыптау жүрмесе, тепе –теңдікте болады. Яғни ұрпақтан- ұрпаққа өзгермейді және генотиптердің белгілі бір қатынасы болады деген қағида шығады.

Р+q=1


Популяцияларда тұқым қуатын өзгергіштік ең алдымен гетерозиготалы күйдегі мутациялардың болуы олардың генетикалық құрылымын өзгерту жаңа ортаның тшартына жылдам бейімделуді қамтамасыз етеді. Көбейген кезде өзін ұдайы өндіріп отыратын әртүрлі формулалардың болып тұруы популяцияның генетикалық полиморфизмін туғызды. Ал полиморфизмді популяцияның өмір сүруін қолдайтын механизм. Популяцияда гетерозиготалар есебінің генотиптік және фенотиптік айырмашылығы бар, өкілдердің белгілі бір ара –қатынаста ұрпақтан-ұрпаққа өндіріліп отыруын отыруын теңескен полиморфизм деп атайды. Популяцияның өзінің генетикалық құрылымын сақтап қалуын қамтамасыз ететін процесті генетикалық гемостаз деп атайды.
5.Студенттің орындайтын тапсырмасы .
Бақылау сұрақтары.

Популяция және ондағы процестердің маңызы.

Әрбір популяциядағы генотиптердің жиілігін қалай есептейміз.

Харди-Вайнберг заңы


Тест

1.Популяция деген терминді ғылымға енгізген ғалым

а)Иогансен

в)Ч.Дарвин

с)А.Н.Северцов

д) И.П.Павлов

е)Ковалевский

2.Иогасен популяция терминін ғылымға қай жылы енгізді

а)1903 ж

в)1900 ж


с)1906 ж

д)1905 ж


3.Генотипі бірдей особьтардың тобы

а)биотип


в)таза линия

с)раса


д)популяция

4.Бір гомозиготты особьтан өрбіген ұдайы өздігінен тозаңданатын индивидуумдардың жиынтығы

а)биотип

в)таза линия

с)раса

д)популяция



5.Тұрақты морфологиялық және биологиялық белгілері бар және ареалының көлемінде белгілі орын тепкен экологиялық популяциялардың жиынтығы

а)биотип


в)таза линия

с)раса


д)популяция

6.Нақтылы территорияға байланысты, бір түрдің табиғи кеңістік особьтардың тобы –

а)биотип

в)таза линия

с)раса

д)популяция



7.Популяцияның ішінде жүретін және түрдің әр түрлі дәрежедегі түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатын эволюциялық процесс –

а)микроэволюция

в)таза линия

с)раса


д)популяция

8.Популяциядағы дараларда болатын гендердің жиынтығы –

а)генофонд

в)таза линия

с)раса

д)популяция



9.Гендердің құрамындағы барлық аллельдердің жиілік мөлшері нешеге тең

а)2


в)1

с)3


д)4


ОБСӨЖ № 27.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Эволюцияның факторлары

2.ОБСӨЖ жоспары:

1.Мутациялық процестер.

2.Гендердің ауытқуы

3.Популяциялық толқындар.

4.Оқшаулану

5.Табиғи сұрыптау.



3.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4.ОБСӨЖ мәтіні:

Даврин негізін қалаған эвлюциялық теорияның негізгі қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта жаңадан қолдау тауып дамытылуда.Мутатцияларменкомбинациялар өзгергіштері итуралы ілімді терең талдап олардың пайда болуы механизмдері зерттелуде.Табиғи сұрыпталу әсеріне эксперіментті жолмен зерттеулер жүргізілуде. Эволюцияның жаңа факторлары айқындала түсуде, олардың қатарына популяциялық толқындар немесе тіршілік толқындарын жатқызуға болады.

Табиғи популяциялар мөлшері үнемі ауытқып тұрады: популяциядағы особьтар саны бірде кеміп бірде артумен болады.Бұлпроцестер бір-біріне азды-көпті ретпен алмастыра алады,сондықтан оларды тіршілік тоқыны немесе популяциялық толқын деп атайды. Олар бір жағжайларда жыл маусымдарына байланысты болады. Енді бір жағдайларында толқындар едәуір ұзақ мерзімінен соң байқалып климат жағдайларының немесе азық молшылығының ауытқуына байланысты болып шығады. Кейде популяциялар мөлшері нің өзгеруінеи ормандағы өрт, су тасқыны, өте қатты аяз немесе қуаңшылықсебепші болып табылады.

Бұл толқындар популяциядағы сирек кездесетін гендер менгенотиптерконцентрациясын мүлде кездесоқ және шұғыл өзгертеді.Толқындар бәсеңсіген кезеңде бір қыдыру гендер мен генотиптер толық жойылып кетуі мүмкін, ол кездесоқ және оларды биологиялық құндылығына тәуелсіз жүзеге асырады.Ал басқалары да кездесоқ қалып қояды сөйтіп популяцияның мөлшері жаңадан арқани кезде өзінің концентрациясы да шұғыл көеріледі. Мутациялық процесс тәрізді популяциялық толқындар да кездесоқ бағытсыз тұқым қуалайтын материалды тірілшілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға жүргізіп береді.

Оқшаулану да,яғни особьтардың еркін будандасуына түрлі-түрлі кедергілердің пайда болуы эволюциялық факторларға жатады.Ол бір түрдің саналуан популяцияларының гендік құамында маңызды айырмашылықтар пайда болуына яғни популяциялардың үсті -үстіне оқшаулана түсуіне жеткізеді.

Қарастырылған факторлардың барлығы да эволюциялық процесті белгелі бір жаққа бағытай алмады. Олар популяциялардағы әртүрлі генотиптердің концентрациясын артырады немесе кемітеді, сөйтіп табиғи сүрыпталудың тиімділігне әсерін тигізеді. Табиғи сұрыпталу бірден-бір бағыттаушы маңызы бар эволюциялық фактор болып табылады, өйткені ол нақтылы жағдайларына байланысты жүретіндіктен, түрлердің тіршілккебейімдейді.Табиғи сұрыпталудан жаңа популяциялар , сондай-ақ одан әрі түр ттармақтары мен түлер пайда болады.


5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет