Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет9/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Түйсік ұғымына анықтама беріңіз.

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды. Манап
Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
1. берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;

2. белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;

3. дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;

4. алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез- құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.



Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет