Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата25.06.2017
өлшемі0,98 Mb.
#20086
1   2   3

Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 201_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ профессор Бөрі Иса

қолы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 201_ж.

Әдістемелік бюро төрайымы ____________ доцент Алимова А.Ш.


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 201_ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ доцент Мұсабекова Г.Т.

Мазмұны





  1. Алғы сөз ….…………………………………………...................4

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………..................4

  3. Курстың мақсаты мен міндеті ……………………....................5

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.…………............5

5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……......................................5

  1. Оқу сабақтарының құрылымы………………………................5

  2. Студентке арналған ережелер………………….........................6

  3. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну

кестесі ............................................................................................6

  1. Практика сабақтары......................................................................8

  2. СӨЖ жоспары және орындау кестесі.......................................24

  3. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі....................25

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау

сұрақтары т.б).........................................................................25-41

  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау

жүйесі........................................................................................41-42



  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу-әдістемелік кешені “Жастардың музыкалық сауығы” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне, осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредитттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ПС – практикалық сабақтар

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus) семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдері енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Пысықтау сұрақтары мен тестік тапсырмалар студентке кредиттердің тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.

2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР




Аты-жөні

Курсты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Практикалық сабақтар

СӨЖ

Телефон

1

Барболова Гүлнұр Жакудақызы

Практика


Уақыты _____

Ауд _______



Уақыты_____

Ауд _______


Тел:___________

Каб: ___________

Корпус: _______



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты:

“Жастардың музыкалық тынығуы” пәнінің мақсаты – мектепте тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру – оқушылардың мәдени-тынығу жұмыстарының теориясы мен практикасын оқу үрдісінде дұрыс пайдаланып, он ұйымдастыра білуге байланысты. Ол үшін болашақ музика мұғалімдерін дайындайтын оқу орындарында “Жастардың музыкалық тынығу жұмыстары” пәнінің жоғарғы деңгейде өтілуі, уақыт талабына сай оқу жоспарлары, оқулықтар, бағдарламалар жасалу қажет.



Курстың міндеттері:

  • музыка өнерінің мазмұны мен мәнін айқындау;

  • жастардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін арттыру;

  • дискотека жұмысының мазмұнымен таныстыру;

  • вокалды–аспапты ансамбльдерді басқарудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру; эстрадалық музыкамен байланысты қазіргі заман талабына сай жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыру; музыкалық спектакльдердің теориясымен практикасымен таныстыру, режисура негіздерін игеруге, мектепте музыкалық театр ұйымдастыруға дайындау.


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Өнер тарихы



Музыкалық білім берудің әдістемесі


Музыкалық білім




2

Музыкалық педагогика




Музыкалық білім





5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ



Курс

Жалпы сағ.

саны


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Қорытынды бақылау

лек

практика

Лаб.

СӨЖ







1

3

4

5

6

7

10




5

45

-

14

-

31

емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: практика, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы).

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Практика сабақтарында–студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.


7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:
Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті




Аудиториялық сабақтар


Аудиториядан тыс сабақтар

Практика

СӨЖ

1

1. Қазіргі кездегі өнер мен мәдениеттің даму ерекшеліктері

Қазіргі кездегі өнер мен мәдениет



1

2

2

2. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және дискотеканың дамуы

Тынығу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі міндеті–жастардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру.



1

2

3

3. Дискотеканы басқарудың негізгі принциптері

Жастар демалысының жаңа түрі



1

2

4

4. Дискобағдарламалар құрудың әдістемесі

Тақырыптық бағдарламаның, би репертуарының көркемдік–идеялық мазмұнының сапалы деңгейіне қойылатын талаптар.



1

2

5

5. Дискотеканы техникамен жабдықтау.

Дискотекадағы музыка, икемділік және хореография



1

2

6

6. Мектептегі вокальды–аспапты ансамбль

Эстрадалық вокалды-аспапты музыканың дамуының негізгі кезеңдері.



1

2

7

7. Кеңестік вокалды-аспапты ансамбльдердің шығармашылығы

60-жылдардағы екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орындаушылығы.



1

2

8

8. Қазіргі зонг-опера вокалды-аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары

Шет елдегі саяси тақырыпқа бірінші болып құрылған эстрада әндерінің рок операсы.

Кеңестік зонг-опералық шығармашылық.


1

2

9

9. Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары

Мектептегі вокалды-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстарында оқу және аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.



1

2

10

10. Вокал және музыкалық аспап қызметі

Вокалды аспапты орындаушылықтың түрлері



1

2

11

11. Қазіргі танымал музыка негіздері

Қазіргі эстрадалық музыка негіздері.

Қазіргі танымал эстрадалық музыканың негізгі бағыттары.

ХХІ-ғасырға көзқарас.



1

2

12

12. Мектептегі музыкалық театр

Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығы



1

3

13

Алғашқы балалар музыкалық театры.

Театр-өнер түрі.



1

3

14

Театрдың түрлері.

Қазақстандағы балалар театр өнерінің қалыптасуы және дамуы.



1

3




Барлығы

14

31


9. Практикалық сабақтардың мазмұны

№ 1 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кездегі өнер мен мәдениеттің даму ерекшеліктері

Қазіргі кездегі өнер мен мәдениет



2. Сабақтың жоспары:

1. Мәдениеттің философиялық ғылымындағы айқындалуы.

2.Өнердің адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны.

3. Өнер- өмір шындығын көркем образдар арқылы бейнелейтін форма.

4. Өнердің адам өмірінде алатын орны.

5. Өнер мен мәдениеттің даму ерекшелігі

6. Дискотека- тынығу жұмыстарының бір түрі.

3. Сабақтың мақсаты:

Өнер мен мәдениеттің даму ерекшеліктеріне тоқталу.



4. Теориялық мәліметтер:

Өнер-өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері-өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеялық–сезімдік толғаныстар арқылы береді. Сөздің кең мағынасындағы өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Өнердің өзіне тәні пәні-өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ал басты мақсаты- дүниені көркемдік түрғыдан бейнелеу. Сондықтан да, өнер туындыларының төрінде қоғамдық байланыс, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады. Осы тұста өнер туындыларының бір саласы музыкаға тоқталайық.

Қоғамнан тыс өнер, мәдениет жоқ болғандықтан, әдебиет сияқты музыка да таптық, практикалық роль атқаратын қоғамдық құбылыстардың үні. Қоғамнан тыс музыка жоқ. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыка да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ, музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімімізбен тыңдап ұғылады. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасымен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіне аламыз. Музыка құр шуын, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн.

Қазақ халқының өнері – оның тарихи болмысының құрамдас бөлігі. Рухани өнердің өмірге келуі, біртіндеп дамуы, халықтың сипат алуы, оның біртұтас бөлінбейтін құбылыс екенін аңғартады. Қазақ қоғамының мәдениеті мен өнерінің іргетасы тым ерте кезеңдерден бастап қаланған.

«Өнер–оның өзіне тән сезімталдылығымен, шабытымен және көпшілік шеберлерінің сезімтал қасиеттері мен дағдыларының арқасында әрқашан алда жүреді. Сондықтан да халық атты композитор көп бейнелі барлық өнер әлеміне бүкіл жан–жақтылығымен әсер етеді»-деп, музыкатанушы Б.Асафьев қазақ өнерінің өміршеңдігін атап көрсетті. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тағы бір үлкен саласы–би өнері. Би - өнер атаулары ең ежелгісі. Оған негіз алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде би элементтерін қолдану арқылы адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті мәселелерді шешіп отырған. Жалпы би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойы тұрмыс–тіршілігінен, кәсібінен, салт–дәстүрінен мағлұмат алуға болады, ал қазіргі кезде жастар (қазіргі заман талабына сай құрылған дискотекаға) көбірек көңіл бөледі. Мектептегі дискотеканы белгілі бір мерекелік іс-шара өткізу барысында, концерт соңында құруға болады. Дискотека жастарға тынығу жұмыстарының бір түрі-демалыс ретінде өткізіледі.

Музыка–эстетика саласынан оқушыларға тұрақты білім беру дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласының білім беріп, ән айту, музыкадан күйлер тыңдау дағдыларынан үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Мәдениеттің философиялық ғылымындағы айқындалуы дегеніміз не?

2.Өнердің адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны қандай?

3. Өнер- өмір шындығын көркем образдар арқылы қалай бейнелеуге болады?

4. Өнердің адам өмірінде алатын орны қандай?

5. Өнер мен мәдениеттің даму ерекшелігі, айырмашылығы, бір-бірімен байланысы қандай?

6. Дискотека- тынығу жұмыстарының бір түріне тоқталыңыз.

№ 2 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және дискотеканың дамуы

Тынығу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі міндеті–жастардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру.


2. Сабақтың жоспары:

1. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру

2. Тынығу жұмыстарының негізгі міндеті

3. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дискотеканы дамыту.



3. Сабақтың мақсаты:

Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру



4. Теориялық мәліметтер:

Жастардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін арттыру, тынығу жұмыстарын ұйымдастыру-негізгі міндетіміз болып саналады.

Кез–келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи ерекшеліктері болады.

Біздің жаңарған дәуірімізде, жаңарған қоғамға қарай, алға басып келе жатқан мезгілде, мектеп жастарын адамгершілік рухта тәрбиелеу жолында мектеп өмірінің, мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде, музыка сабағын өткізудің ерекше маңызы болып отыр. Музыка сабағына да оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің негізгі мақсаттарын жан-жақты қамтып, оларды білімді, жоғары идеялы, табанды қажырлы етіп, алдарында қандай қиындықтар болмасын, оны жеңіп шығатын жігерлі етіп тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.

Әлеуметтік-эстетикалық талаптарға қол жеткізу және осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен енгізу керек екендігін көрсетеді. Мектепте тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру-оқушылардың мәдени (музыкалық) тынығу жұмыстарының теориясы мен практикасын дұрыс пайдаланып, оны ұйымдастыра білу мына жұмыстар арқылы жүзеге асырылады:

- мектептегі музыкалық іс-шараларды ұйымдастырудағы музыка мұғалімінің дайындығы;

- музыка сабағында оқытудың жаңа технологияларын қолдану.

Музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыруды зерттеуде қойылатын міндеттер:



  • оқушылардың музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

  • оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру, оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білу;

  • музыкалық шығармалардың сипатына,стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу;

  • музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық,тембрлік ерекшеліктер туралы және оларды музы­ка пәнінің бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру.

Оқушылардың музыкалық тынығу жұмыстары, музыкалық педагогикада Б.В.Асафьев, В.Н.Шацкая, Н.Л.Грозденская, О.А.Апраксина, Ө.Нұғманова, П.Момынұлы, С.Ұзақбаева, Р.Жардемалиева зерттеулерінен көрініс тапты.

Музыкалық тынығу жұмыстары - оқушылардың музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойына музыкаға тебіреніп, толғана білуді, оны түсінуді сіңіру.

Осыны негізге ала отырып, жұмысымызда төмендегі мәселелерге тоқталдық:

-мектептегі музыкалық тынығу жұмыстарының кең тараған формалары: ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру;

- музыканың қоғам және жеке адам өміріндегі маңызы;

-оқушылардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізудің жолдары;

- музыкадағы өмір көріністерінің дыбыстық көркем образдар арқылы бейнеленуі;

- музыкалық жанрлар жүйесі арқылы оқушылардың музыкалық тынығу жұмыстарын

ұйымдастыру;

- оқушыларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеуде театр өнері, кино өнері, концерттік қойылымның әсері.

Қазіргі ырғақтар, жалпы би әуені, барлық воальды аспаптық ансамбльдердің стильдік қолтаңбаларына тән. Алайда түрлі ән және фольклор дәстүрлеріне байланысты түрлі елдер мен аймақтардың вокальдық ансамбльдері, рок және поп топтары орындаған музыканыңекпін-әуен негізі бір-біріне ұқсамайтын кейде тіпті күрт ерекшеленетін болып шықты.

Алғаш би элементтері адамдардың қажеттілігіне жараса, біртіндеп тарихи даму нәтижесінде өнердің бір саласына айналды. Әр халықтың би мәдениеті уақыл өте келе күрделеніп, байытылып отырылған. Музыкасыз би өмір сүрмейді.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы қандай жақсы бағыт беруге болады?

2. Тынығу жұмыстарының негізгі міндеті қандай?

3. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дискотеканы дамытуға бола ма?

4. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарының адам өмірінде алатын орны қандай?

№ 3 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Дискотеканы басқарудың негізгі принциптері

Жастар демалысының жаңа түрі



2. Сабақтың жоспары:

1. Дискотеканы басқарудың негізгі принциптеріне тоқталу

2. Музыкалық тынығу жұмыстары

3. Сабақтың мақсаты:

Жастар демалысының жаңа түріне тоқталып, оны талдау.



4. Теориялық мәліметтер:

Дискотеканы басқарудың негізгі принциптері музыкалық тынығу жұмыстарымен тығыз байланысты болып келеді. Негізгі принциптерге сүйене отырып, біз жастар демалысының жаңа түрін басқара аламыз. Музыкалық тынығу жұмыстары-музыкалық тәрбие берудің толық құндылығы-оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда, бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі, оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмірмен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілікке баули отырып, саналы музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыра аламыз. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып, патриоттық сезімдерін оята аламыз.

Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға жастардың музыкалық тынығуы-дискотека, көпшілік би кештері, жастар дискотекасы, лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады.

Музыка өмірдегі динамикалық құбылыстардың ойлаудан көрінетін үнсіз келбет- кескініне ғана емес, оны сырттай суреттеп қана қоймайды, ол таңғажайып сырлары бар мелодиялық үндесумен ішкі сезімі күйлеріне әсер беріп, тыңдаушысын белгілі нысанаға биімдеп баурап алады. Былайша айтқанда, адам жай-күйін тәрбиелейтін эстетикалық қабілетін дамытатын сенсорлық мәдениетке баулитын, іске батыл жетелейтін эмоциялық құралдардың бірі- музыка. Ол адам қоғамымен бірге дамып, қоғамдық формацияларды басынан кеміріп келе жатқан тарихи құбылыстың бірі. Сондықтан да, оның тууы, шарықтау, даму, өркендеу, биіктеу шеңберіне жету кезеңдері бар. Әр ұлттың музыкалық таланты мен арнасы әр түрлі уақытта өсіп, дамып жетіледі. Бұлардың даму кезеңі де өмірдің өзі туған сезімдерге байланысты. Музыкада әр қоғам өз көрінісімен ұлттық бояу, бейне арқылы көзге елестеп, сезімге әсер етіп жатады.

Қазақ халқының музыкасына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың бас кезінде шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды-көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е. Алекторов, А.Е. Бимбоэс, Г.И. Гизлер, С.А. Диваев, И.Д. Добровольский, А.И. Левшин, П.С. Палас, Р.А. Пфенниг, В.В. Радлов, С.Б. Рыбаков, Н.Ф. Савичев. Ш. Уалиханов, А.Ф. Эйхгорн т.б. атауға болады.

Өзінің “Қырғыздар мен сарттардың халық әндері” атты мақаласында: Р.А. Пфенниг: “Бұл халықтардың бірде-бірі жиын тойды әнсіз өткізбейді”, -деп жазды. Р.А. Пфеннигтің “Музыкальные инструменты народов Средней Азии и Казахстана”- атты кітапшасында Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігінде тараған музыкалық аспаптар туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Автор мұнда әр бір аспапқа, оның құрылысы, орындалу ерекшеліктеріне арнайы тоқталған. «Табиғат дүниедегі сұлулықтың ғажабы аспан ширақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы- ән, күй сазында»-дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбу нәсір Әл- Фараби. Музыка да ғылымның бір саласы екені баршаға аян. Музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі көрінісін, жыл мезгілдерін, адамның мінез-құлқын, қайғы-қуанышын жеткізіп білдіре алады. Музыка дегеніміз- өмірдің бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді. “Музыка туа біткен дарындылық пен инстинкт түйсіктердің нәтижесінде дами келе ғылым дәрежесіне жетті. Адамның музыкалық өнері оның туа біткен жеке-дара қабілет нышандарына байланысты бірақ ол даму нәтижесі, тәрбиелеу мен үйрету нәтижесі” (Фараби). Яғни, музыкалық қабілет адам бойында үйрену, тәрбиелеу барысында дамиды. Жалпы музыка жастарға музыкалық эстетикалық тәрбие беруде, ішкі дүниесінің әсем де сұлу болып өсуіне ықпал жасайды. Жас сәби дүниеге шыр етіп келген күннен бастап, оны ұнамдылыққа, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу керек. Егер жас бүлдіршін кішкентайынан музыканы шын ықыласымен тыңдап түсіне білсе, ән салып, би билесе, халқымыздың ұлттық аспаптарының бірінде ойнауды үйренсе, онда олар үшін рухани ләззат алып, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, шынайы биік армандар мен мақсаттарға ұмтылып, өнерлі де тәрбиелі адамзат болып өсуі хақ. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыруда мектептің, оның ішінде музыка мұғалімінің атқаратын міндеті зор.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Дискотеканы басқарудың негізгі принциптеріне қандай принциптер жатады?

2. Музыкалық тынығу жұмыстарына қандай іс-шаралар жатады?

3. Жастар демалысын қалай жақсы, мазмұнды, қызықты етіп өткізуге болады?

№ 4 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Дискобағдарламалар құрудың әдістемесі

Тақырыптық бағдарламаның, би репертуарының көркемдік–идеялық мазмұнының сапалы деңгейіне қойылатын талаптар.


2. Сабақтың жоспары:

1. Тақырыптық бағдарламаларды ұйымдастыру.

2. Би репертуарына қойылатын талаптар.

3.Би репертуарының көркемдік-идеялық мазмұнын ашу



3. Сабақтың мақсаты:

Тақырыптық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы би репертуарының көркемдік-идеялық мазмұнын ашу



4. Теориялық мәліметтер:

Жастардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу-олардың белсенділігін арттыру болып саналады.

Кез-келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи ерекшеліктері болады. Ел қиялында туып, өрбіп отыратын аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар сол халықтың әдеби, мәдени мұрасы ретінде ауыздан–ауызға беріліп отырады. Тақырыптық бағдарламалар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп, оның идеялық-эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.

Халық музыкасы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала отырып, оның таңдаулы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құрамы болып табылады. Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады.

Әр өнер адамзаттың қайғы–қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі–бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал–тәсілдерімен жеткізуге тырысады және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде хореография–сөзсіз өнер. Би репертуары - ой мен мазмұнды музыкалық-хореография бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі.Оның қайнар көзі– халық билерінде. Хореографиялық (би) мектептердегі ең басты сабақ – классикалық би. Латын тілінен алғанда классикалық–үлгілі деген сөзді білдіреді. Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің үлгілі, атақты танымал шығармаларын жатқызамыз.

Хореографияның негізгі элементтері халықтық музыкалық би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Вокалдық–аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электро музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық дағдысын игеру, көркем репертуарды іріктеп алу принципті қазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік–орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық–аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық–аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Дискобағдарламаларды қалай құруға болады?

2. Тақырыптық бағдарламалдарды қалай ұйымдастыруға болады?

3. Тақырыптық бағдарламалардың адам өмірінде алатын орны қандай?

4. Тақырыптық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы бидің көркемдік-идеялық мазмұнын қалай

ашуға болады?

5. Тақырыптық бағдарламаларға қойылатын талаптар қандай?

№ 5 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Дискотеканы техникамен жабдықтау.

Дискотекадағы музыка, икемділік және хореография



2. Сабақтың жоспары:

1. Дискотеканың өнер түрлерінің ішінде алатын орны.

2. Дискотекадағы музыка.

3. Хореографияның өнерде алатын орны.



3. Сабақтың мақсаты:

Дискотекадағы икемділікті бимен байланыстыра остырып, тынығу жұмыстарын ұйымдастыру



4. Теориялық мәліметтер:

Музыкалық тынығу жұмысын ұйымдастырушы ретінде мұғалім өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс. Мәдениеттің өзекті мәселелерінің бірі-өнер. Өнер адамзаттың көркем қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өнер жеке тұлғаның ғана емес, қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Өнер құндылықтар мен нормаларды, білімдер мен мән–мағыналарды орнықтырады, адамның мінез–құлқын қалыптастырады. Сондықтан да, қоғам өмірінде реттеу құралдары, дін, саясат өнерді өз мақсаттарында қызмет еттіруге талпындырады. Қоғам өмірінің бетбұрыс кезеңдерінде өнерге деген сұраныс өсе түседі. Бұл-өнердің руханилықпен, мәдениетпен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Өнер бір-бірімен тығыз байланысты және тарихи кезеңнің көркем мәдениеттің жалпы заңдылықтарына бағынышты өнер түрлерінің жүйесі ретінде орын алады.

Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шектеліп қана қоймайды. Жасөспірімдердің эстетикалық, көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық танымдарын дамыту үшін көптеген өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып, жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, икемділігін, қасиетін дамыту керек.Өнердің қай түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласу керек. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда, аспаптың үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би үйірмелері, спорттық үйірмелер ұйымдастырылған.

Мәдени тынығу жұмыстарын ұйымдастыру-оқушылардың ой-өрісін жетілдіруді, мәдениеттілігін, адамгершілік қасиетін дамытуды, қоғамға, Отанға, жанұяға деген сыйластық, сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

Оқушылардың музыкалық тынығу жұмысы өмірдің бір бөлшегі тәрізді адамдардың сана сезіміне әсер ете алады,бала жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себумен бірге адамның бойында адамгершілік қасиеттерін оятып, сол арқылы оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастырады.

Міне, бүгінгі зерттеу жұмысымызда музыканың мәдени өмірдегі алатын орнын, оқушылардың музыкалық тынығу жұмысын ұйымдастыруда музыкалық жанрлар жүйесінің маңызын, театр және кино өнері, концерттік қойылымның музыкалық-эстетикалық тәрбиедегі әсерін, мектептегі музыкалық тынығу жұмыстарының кең тараған түрлері: мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру және оны өткізудің жолдарын қарастырдық.

Оқушылармен жүргізілетін музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру барысында балалар өз беттерімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық, білімпаздық қасиеттері ұшталады, арман, қиялдарына қанат бітеді. Кештерді өткізуге дайындықтық өзі оқушылардың сана–сезіміне, мінез-құлқына әсер етіп, оларды ойлы іске жұмылдырары анық. Музыкалық тынығу барысындағы ұжымдық жұмыс құштарлық пен қуаныш сыйлап балалар арасында болатын кейбір келіспеушілік жайттарынан арылуға мүмкіндік береді және ол үшін ұтқыр қиялды әдіс-тәсілдер табу керек деген қорытынды жасап отырмын.

Әр өнер адамзаттың кайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі-бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысады және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде, музыкалық театр-опера, әсіресе балет-ең шарттысы. Неліктен? Өйткені, тіпті операда кейіпкерлер жай сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса-бәрі де басқаша. Ол-сөзсіз өнер. Оның негізі-би. Хореография-ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі-халық билерінде.

Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Ән-би аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмысты билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді-бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жөрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда би-пантомималық сахналар жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі дамалар мен серілер өзіндік хороводтар жүргізетін. Атақты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен веерлер болды. Балдарда өте ақырын павана, аллеманда, сарайлық бранль биленетін. Кейінірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавот, жига, бурре сынды тез биленетін билер шықты.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Дискотеканы техникамен жабдықтау дегеніміз не?

2. Хореография дегеніміз не?

3. Дискотекадағы икемділікті хореографиямен қалай байланыстыруға болады?

№ 6 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Мектептегі вокальды–аспапты ансамбль

Эстрадалық вокалды-аспапты музыканың дамуының негізгі кезеңдері.


2. Сабақтың жоспары:

  1. 20 жылдардағы вокалды-аспапты шығармашылықтың әлеуметтік аспектілері мен

музыкалық стильдері.

  1. Вокалды – аспапты ансамбльдердің көркемдік ерекшеліктері

  2. Жаңа жанрдағы жетекші музыкантар мен орындаушылар.

3. Сабақтың мақсаты:

20 жылдардағы вокалды-аспапты шығармашылықты дәріптеу



4. Теориялық мәліметтер:

Қазіргі кездегі телевизияның, радионың, киноның, электрдегі машиналардың барған сайын дами түсуі музыкалық сол жағынан өсе тусуін ғана емес, сонымен бірге музыка өнерінің барлық сан алуан стильдері мен жанрларымен, басқа халықтардың фолкьлорымен композиторлардың және алуан түрлі мектептермен көркем бағыттардың орындаушыларының творчествосымен танысуға мүмкіндік береді. Өте қысқа уақытта музыка өнері саласындағы аса жаңа эксперименттер мен сәтті жаңалықтар тек мамандардың шағын ортасының ғана есем, сонымен бірге халық тыңдаушысы қауымының да игілігіне айналады. Қазіргі өнердің таңдаулы неғұрлым қызықты құбылыстары түрлі ұлттық топырақтан нәр алып, сол халықтың музыкалық тілінің өзіне тән өрнегінен өз бояуын тауып, жаңа әуезбен байып отырады. Эстрадалық музыка жанры барлық жаңалыққа бәрінен бейім тұратыны белгілі. Қазіргі замани рухына сай келетін әсерлілік құралдарын іздестірудің үздіксіз процесі нақ осында барынша айқын байқалады. Эстрадалық музыканың жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рол атқаратынын мойындаған жөн.

Эстрадалық музыкаға да, оның алдындағы жанрлар – үрмелі аспаптар оркестарлеріне арналған музыка, тұрмыстық романс және лирикалық әндер сияқты ұлттық белгілер қажет. Ұлттық белгілер музыкалық толып жатқан әсерлілік құралдарында - әуендер, ырғақта, гармонияда және т.б. көрілуі мүмкін.

Ауыз екі тіл секілді, музыка өнерінің тілі де уақыт өтуімен байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Ой мен сезімнің жиынтығын қазіргі заманғы суреткер өткеннің ұзақ- солар ырғағы мен бере алмайды. Ол форманың жасқалығын айтпақ ойдың айқындылығын, тұжырымдылығы мен нақтылығын талап етеді. Міне, сондықтан да қазір шағын музыкалық формалар үлкен табысқа жетіп отыр.

Қазіргі эстардалық музыка, сан алуан болғанына қарамастан, үш негізгі бағытқа ие болып отыр. Олар: таза фольклорлық қазіргі заманғы және фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі бағыттар.

Фольклорлық бағыт–репертуары халық әуендері мен аспаптық шығармалардан тұратын солистер мен ансамбльдің алынған аспаптары, тиісінше халықтық болып келеді. Қазіргі эстрадалық музыка - қазіргі заманғы композиторлардың әндері мен пьессалары. Ал бұл бағыттағы ансамбль мен оркестрлердің аспаптарының құрамында да, музыкалық белгілер басым болады. Бұл жағдай осы бағыттың өкілдеріне жұртшылққа тез танылатын әрі дәл сондай тез ұмытатын, айшықты көркемдік жағынан тартымды шығармалар жасауға көмектеседі.

Фольклорлық қазіргі заманғы стиль бағыты, музыкалық терналді өзінше біріктірумен сипатталады. Эстардалық музыка стилінің тақырыптық мазмұнының және көркемдік әсер құралдарының сарқылмас қоры бар. Қазақстан да, Орта Азия республикаларында сияқты профессионалдық музыка өнері, оның ішінде эстарда да бірқатар обьективті тарихи себептерге байланысты сабақтан кейінгі жиындарда ғана белсенді дами бастады.

Біздің республикамызда Мемлекеттік республикалық «Гүлдер» жастар –эстардалық ансамбльі, «Дос-Мұқасан», «Айгүл» вокальдық-аспаптық ансамбльдері, «Серпер», «Алматы әуендері» және т.б. сияқты фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан ұжымдар өз репертуарын жасаған кезде бұл ансамбльдер қазақ халық музыкасының бой әуені мен ырғағын табысты пайдаланып, ұлттық пластика дәстүрлерін творчестволық ой-елігінен өткізіп отырады.

20 жылдардан бастап ондаған жылдар бойы Джаз стилі қажеттілікті қанағаттандырды. Мұның бәрі жас ырғақтық, әуендік және гормониялық құрылымдар мен вокальдық жаңа мәнерімен электронды аспаптардың елумен үйлесімді 60 жылдардың басында қазіргі заманғы көпшілікке танымал музыканың пайда болуына негіз болды. Біздің елімізде, олардың бір түрі ретінде, вокальды аспаптық ансамбльдер пайда болды.

Қазіргі ырғақтар, жалпы би әуені, барлық воальды аспаптық ансамбльдердің стильдік қолтаңбаларына тән. Алайда түрлі ән және фольклор дәстүрлеріне байланысты түрлі елдер мен аймақтардың вокальдық ансамбльдері, рок және поп топтары орындаған музыканың екпін-әуен негізі бір-біріне ұқсамайтын кейде тіпті күрт ерекшеленетін болып шықты.


5. Бақылау сұрақтары:

  1. 20 жылдардағы вокалды-аспапты шығармашылықтың әлеуметтік аспектілері мен

музыкалық стильдері қалай дамыды?

  1. Вокалды–аспапты ансамбльдердің көркемдік ерекшеліктері қандай?

  2. Жаңа жанрдағы жетекші музыкантар мен орындаушылар вокалды-аспапты ансамбльдерді

қалай ұйымдастырады?

4. Мектептегі вокальды–аспапты ансамбльді қалай ұйымдастыруға болады?

5. Эстрадалық вокалды-аспапты музыканың дамуының негізгі кезеңдері қандай?

№ 7 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Кеңестік вокалды-аспапты ансамбльдердің шығармашылығы

60-жылдардағы екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орындаушылығы.


2. Сабақтың жоспары:

1. 60-жылдардың екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орпидауимглары,

2. Поющие гитары ВАА-ның жауапшылығы,

3. «Песняры”, “Ариель” шығармашылығында ұлттық фольклорды пайдалану.

4. Эстрадалық әндердің кеңестік танымал орындаушылары.

3. Сабақтың мақсаты:
4. Теориялық мәліметтер:

Вокальдық–аспаптық ансамбльдердегі тәрбие процесінің өн бойында студенттердің музыкалық- эстетикалық ой-өрісін кеңейту шығарманың мазмұны мен сипатын сын көзбен бағалай білуді көркемдік талғам мен музыканы қабылдай білу мәдениет қалыптастыру .

Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдер стилінің қалыптасуына совет әндері, ал кейбір ансамбльдерде фольклор үлкен роль атқарады 60-жылдардағы таңдаулы ұжымда–«Пеняры» (Белоруссия), «Сомоцветы» (Москва), «Ариэль» (Свердловськ), «Ялла» (Өзбекстан), «Гунем» (Түрікменстан), «Орера» (Грузия), «Гая» (Азербаижан), (Досмұқасан», «Арай», «Яшлык», «Айгул» (Қазақстан) және т.б фольклордың қазіргі заманғы әннің және фольклороктың арсеналынан мұқият іріктеліп алынған құралдың табиғи ұжымдасуына құрылған біртұтас музыкалық-оброзды жүйе пайда болды .Өзінің алғашқы қадамынан-ақ бұл вокальдық–аспаптық ансамбльдер фольклорға батыл ден қойды. Бұл ұжымдар өз халқының ән- аспаптық мұрасына құрметпен қарап, ұлттық асыл қазынадан ансамбльдің орындаушылық стиліне мейлінше табиғи үндестік әуендерді ғана іріктеп алып отырды. Өздерінің музыкалық өңдеулерінде олар өз халық әндерінің ладтық және гармониялық құрылысын сақтауға және сонымен бірге оларға эстрадалық сипат беруг ұмтылады.

Халық әндерін өңдеуге бет бұрып, сәтті интерпретация үлгілерін берген алғашқылардың бірі белорустің «Песняры» вокальдық–аспаптық ансамбльі болды. Оның фольклорды өңдеуге халықтың ән әуенімен симфонизімнің қазіргі тәсілдері, дамыған полифония және рокмузыкаға тән композиялық тәсілдерден шығатын созылмалы остинатты үн налымды біріктірілген. Вокальды партиялар динамикалық және колористикалық реңктердің қарама-қарсыласымен баурап алып, мінсіз дауысымен, гармониялық күрделілігі мен шаттыққа бөлейді.Өңдеулердің сезімдік образдылығы көп көңілінен шықты.

Вокалдық–аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электр музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық дағдысын игеру, көркем репертурды іріктеп алу принциптіқазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік –орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық–аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық –аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.

Қазақстандағы «Яшлык» фольклорлық ұйғыр ансамбльінің халық әндерін өңдеуі сүйсіндіреді .Бұл ансамбльді тыңдап отырып, ұйғыр халық әндері динамикалық өңдеулер мен электрлі аспаптар үшін баяғыда «бағдарламаланғанба» деп ойлайсың. Орындаушы мен электргитаралар мен синтезаторларға көңіл әзілге толы, лирикалық әндерді ұлттық дауыспен айтып үйретіп қойғандай. «Милыктың» фольклормен тығыз тасуы ұйғыр аспаптарын (раваи, тамбур, най, дап) пайдалануынан да аңғарылады. Бұл аспаптар гитаралармен соқпалы аспаптардың арасында ешбір жоғалмайтын ансамбль үніне шығыс әріп береді.

Вокальдық–аспаптық ансамбльдегі кез-келген жаңалық тез арада жұртшылықтың игілігіне айналатыны аян. Халық әндерінің табысқа жетуі оған өңдегіш эпигондардың назарын аударды. Олар неғұрлым оңай жолды таңдады. Кеңінен танымал әндерді алып, әуенді қазіргі заманғы ырғаққа тез жетіп жатыр.

1982 жылы Н.Тілендиевтің жеткешілік етуімен қазақ фольклорлық- этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы қазақ халқының музыка мұарсын кеңінен, жан-жақты пайдалануға көңіл қойғанын тағы да дәлелдеп берді. Орекстрде түрлі музыкалық аспаптардың дыбысы жарасымды үйлесім табуы дыбыс күшейткіш арқылы сәтті түрлі аспаптардың оркестрде пайдалауныа мүмкіндік туды. Осының бәрі бұрын халық оркестрлерінде пайдаланылған аспаптардың жаңа колористік мүмкіндіктерін ашып берді. Қазақ халқының аспаптық творчествосы бірегей халық аспаптарымен музыкалық шығармаларын пайдалану ғана емес, сонымен бірге халық аспаптарының орындаушылық мәнерінің өзіндік ерекшелектерін сақтау арқылы да көзін тапты.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Кеңестік вокалды-аспапты ансамбльдердің шығармашылығы қалай қалыптасты?

2. 60-жылдардың екінші жартысындағы кеңестік эстраданың даму қалай болды?

3. «Песняры”, “Ариель” шығармашылығында ұлттық фольклорды пайдалану қай бағытта жүрді?

5. Эстрадалық әндердің кеңестік танымал орындаушылары кім дер, аттарын атаңыз.

№ 8 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі зонг-опера вокалды-аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары

Шет елдегі саяси тақырыпқа бірінші болып құрылған эстрада әндерінің рок операсы.

Кеңестік зонг-опералық шығармашылық
2. Сабақтың жоспары:

1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары.

2.Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттары.

3. Сабақтың мақсаты:

Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттарымен таныстыру



4. Теориялық мәліметтер:

Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Атап айтар болсақ: хард-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, диско, фанк, фьюжн, фольк-джаз т.б.

Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның музыканың басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай дами бастады. Ағылшынның «Gream», Американың «Chicago » топтарын алатын болсақ, олардың шығармаларындағы рок пен джаздың үйлесімділік тапқаны соншалық, қай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің балгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э. Фитцджеральд, Дж. Смит, Д. Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильдегі шығармаларды орындады.

Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның мысалы ретінде « Иисус-Христос-суперзвезда» - рок операсын, « Волосы » - рок мюзиклін, Бернстайнның рок - мессасын, Қазақстандық А. Серкебаевтың «Маугли» рок-балетін т.б. алуға болады.

Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарықтау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2004 жылы, жұрт құлағы таза, үнді, табиғи дыбысты іздей бастағандай...
5. Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары қандай?

2. Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттарын атаңыз.

3. Қазіргі зонг-опера вокалды-аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары қалай

ұйымдастырылады?

4. Шет елдегі саяси тақырыпқа бірінші болып құрылған эстрада әндерінің рок операсы қандай

бағытта құрылған?

5. Кеңестік зонг-опералық шығармашылық дегеніміз не?

№ 9 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары

Мектептегі вокалды-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстарында оқу және аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.



2. Сабақтың жоспары:

  1. Оқу процесін аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.

  2. Оқу жоспары және бағдарлама.

3. Сабақтың мақсаты:

Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру



4. Теориялық мәліметтер:

Мектептегі вокальді-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырулына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі, оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден, жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.

Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.


  1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы

  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.

  3. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.

  4. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.

Вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық - аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу - тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық – аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды.

Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.

Бұл орайда оқу–тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, мазмұны мен формаларын нақтылайды. Ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады. Вокалдық–аспаптық ансамбль сабақтарында оқушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой –пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды. Әсерлілік құралдарының қатарында қазіргі заманғы дыбыстық техника да бар екенін атап өткеніміз орынды.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау - күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы – инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстарын

қалай ұйымдастыруға болады?

2. Мектептегі вокалды-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру қандай жоспармен жүргізіледі?

3. Оқу тәрбиелеу жұмыстарында оқу және аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары қалай қарастырылған?

4. Оқу жоспары және бағдарламасы қалай құрылады?


№ 10 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Вокал және музыкалық аспап қызметі

Вокалды аспапты орындаушылықтың түрлері



2. Сабақтың жоспары:

1. Ансамбльдегі аспаптардың үнін келтіру.

2. Шығарманың орындау ерекшелігі.

3. Сабақтың мақсаты:

Вокалды аспапты орындаушылықтың түрлерін насихаттау



4. Теориялық мәліметтер:

Ән өнері. Ән-яғни вокалдық шығарма музыка өнерінің ең көне және кең тараған жанры. Ән өнері адамзат қоғамының алғашқы кезеңдерінде бала уату, жауынгерлік ұран тастау және бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып, бірте-бірте дами келе мазмұны да, нышаны да, күрделеніп қазіргі кездегідей өзіндік сипатқа ие болды.

Вокалдық өнер-әншінің дауысты меңгеру шеберлігіне негізделген музыканы орыдау түрі. Вокалдық орындаудың жеке (сольное), ансамблдік және хор түрлері болады. Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыканы атаймыз. Құрылымына байланысты жеке дауыста орындалатын халық әндері және композитор шығарған әндері аспаптың сүймелінсіз немесе сүйемелмен орындалатын әндер деп бірнеше топтарға бөлінеді.

Практикада динамиканың (қатты, жәй, дыбыс күшін арттыру немесе азайту) және жылдамдату, баяулату, аялдау) негізгі элементтерін орындау шығарманың сипатына байланысты әсіресе қазақ халқының музыкалық шығармаларында өзінің реңктері жағынан толып жатқан әрі өте нәзік сипаттамаларға ие болады.

Ансамбльдің жалпы үнін реттеу жұмысы дыбыс күшейткіш аппаратураны, электракустикалық түрлендіргіштерді жақсы білу, оларды тиісінше ретке келтіре білу маңызды. Мысалы, «ва-ва» (бақа) эффекті негізгі тонның энергиясы мен оның төменгі обертендарының арасындағы арақатынастың үздіксіз, бірақ айтарлықтай жылдам өзгеруі; «ФАЗЗ» - негізгі тонға көп мөлшерде обертондарды қосу, бұл ызыңдаған, дірілдеген дыбыстар беріп, аспаптың табиғи тембрін адам танымастай өзгертіп жібереді, «МОУЛ» - соңғыдан төмен жатқан жоғары жиіліктерді алып тастайды. Мұның өзі «органның» өте жуан дыбысы шыққандай әсер тудырады; «СКРЕМИНГ БЕРД» (сөзбе-сөз аударғанда - шыңғырған) – орта жиіліктегі дыбыс шыңы, гитараға немесе басқа аспапқа жасалады; «БЛЕК- ФИНГЕР» - гитара шегін бір шертіп қалғаннан кейін дыбысты бір деңгейде ұзақ ұстай отырып, оған, тиісінше, шиқылдаған әуез немесе қоңырау дауысы сипатын беруге мүмкіндік туғызады.

Шығарманың орындалу ерекшелігін ескере отырып, вокальдық-аспаптық ансамбль жетекшісі белгілі бір көркемдік міндеттерге жету үшін техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қандайда бір шешім қабылдайды. Ол қатысушыларды аса ірі дыбыс пландарын, дауыстар мен аспаптарды коррекциялаудың арнаулы жиілігін, «жаңғырық» эффектін жасанды жолмен ревербациялау (дыбыстың біртіндеп өшуі) және қазіргі заманғы дыбыс күшейткіш аппаратураның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланған кезде белгілі бір көркемдік және техникалық нормаларға үйретеді.

Әншінің дауысы-табиғаттың берген сыйы. Бірақ дегенмен өнердің басқа түрі секілді дауыста жаттығулар жасап, еңбектене отрып дамып, деңгейін өсіруді талап етеді. Әншілерде бұл дауыс қою деп аталады. Қандайда болмасын аспапты игеру үшін орындаушы ұзақ уақыт гаммаларды ойнап, жаттығулар жасауы қажет. Сол секілді әншіде өзінің табиғат силаған аспабында ойнай білуі керек. (дауыс).

Дауыс өзінің тембірі мен диапазонына қарай бөлінеді. Күшті де жарқын дауыс – драмалық дауыс деп аталады. Бұдан гөрі жеңіл жұмсақ естілетін дауыс – лирикалық дауыс. Ал әндегі иірімдерді жеңіл келтіретін ойнақы дауыс – колоратуралық дауыс. Бұл дауыс көбіне сопраноларда кездеседі. Диапазонына қарай дауыс мына төмендегідей болып топтасады:

Әйелдердің жоғары (жіңішке) даусы – сопрано.

Әйелдердің төменгі (жуан) даусы – альт

Ерлердің жоғары (жіңішке) даусы – тенор

Ерлердің төменгі (жуан) даусы – бас

Балалардың жоғары (жіңішке) даусы – сопрано

(Балалардың даусы дискант деп те аталады).

Балалардың төменгі (жуан) даусы - альт
5. Бақылау сұрақтары:

1. Вокал және музыкалық аспап қызметі қандай?

2. Вокалды аспапты орындаушылықтың түрлері қандай?

3. Ансамбльдегі аспаптардың үнін қалай келтіруге болады?

4. Вокалды аспаптық орындаушылық ерекшеліктер қандай болуы керек?

№ 11 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі танымал музыка негіздері

Қазіргі эстрадалық музыка негіздері. Қазіргі танымал эстрадалық музыканың негізгі бағыттары. ХХІ-ғасырға көзқарас.



2. Сабақтың жоспары:

1. Жұмыс жоспарын құру.

2. Музыка материалымен және ән мәтінінмен танысу.

3. Шығарманы орындауды талдау.



3. Сабақтың мақсаты:

Қазіргі эстрадалық музыка негіздерін насихаттау, ХХІ ғасырға көзқарасты қалыптастыру.



4. Теориялық мәліметтер:

Эстрадалық қатысушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұын мен ұйымдастырылуына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі. Оның жүйелілігі, түсініктілігі, дәйектілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну–тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы –инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.

Қазіргі заманғы әндер туралы мәселені талқылаған кезде текстердің көркемдік сапасы туралы образдардың салалығы, көркемдігі туралы, теңеулердің саналылығы, жаттандылығы туралы көп жағдайда қызықты пікір-сайыстар туды, бірақ қайсыбір өзінің музыкалық әсерлілігі туралы, оның көркемдік артықшылығы, оның идеялық және солай бағыты туралы мәселелер өте көп.

Халықтың музыкалық творчествосын игеру, оның мәніне бойлай ену- қыруар еңбекті талап ететін дәйекті де ұзақ процесс. Мұны жүзеге асыруда түрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: қазақ күйлерінің үлгілерімен танысу домбырада ойлаған және қазақтың көне халық аспаптарын қоса отырып, вокальдық-аспаптық ансамбльде ойнаған фотожазбаны зерттеуден басталды.

Педагог ұйымдастырушы тәрбиеші ретінде жетекші өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара және топтың сабақтардың формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс.

Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант студенттердің білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог эстетикалық тәрбие ретінде вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық- аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Вокальдық–аспаптық ансамбль сабақтарында қатысушының қаншалықты дәрежеде эмоциялық жағынан баурағанын, оның ой-пікірі, қиялы, есте сақтауы қалай қалыптасып, дамып отырғанын білу маңызды. Тіпті концерт кезінде орындау сапасы шығарманы игеру, оған көзқарас дәрежесінің толық «обьективті» көрсеткіші сияқты.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі танымал музыка негіздері қандай бағыттарымен ерекшелінеді?

2. Қазіргі эстрадалық музыка негіздері яқалай қалыптасқан?

3. Қазіргі танымал эстрадалық музыканың негізгі бағыттары қандай деп ойлайсыз?

4. ХХІ-ғасырдағы вокалдық музыкаға деген көзқарасыңыз қандай?

№ 12 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Мектептегі музыкалық театр

Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығы


2. Сабақтың жоспары:

  1. Театр - өнер түрі.

  2. Театрдың түрлері.

  3. Қазақстандағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуы.

3. Сабақтың мақсаты:

Қазақстандағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуын насихаттау



4. Теориялық мәліметтер:

Театр өнері–ең алдымен драмалық әдеби шығарманы сахнада интерпретациялау өнері. Бұл интерпретацияның негізгі тұлғасы актер, құралы–оның ойыны.Актер рөл арқылы драматург пен режиссердің ойын акад., сахнадағы барлық нәрсені іске қосып, оларға театрлық көркемдік береді. Театр қойылымының шындыққа сәйкестігі декорациялық безендіруге емес, актер ойынының нанымдылығына байланысты. Сахнада пейзаж, қала көрінісін, бөлме ішін дәл беруге болады. 1944 жылы Алматыда Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының құрылуы республикадағы аса елеулі оқиғалардың бірі болды. Театр екі группадан тұрды. Қазақ группасы сахналық жолын Островскийдін „Мысыққа күнде той бола бермес“ атты пьесасын қоюмен бастады. Алғашқы мектеп бағдарламасына сәйкес пьесалар мен аныз-ертегілер қойды.

50-ші жылдары аударма пьесалар мен тарихи-фольклорлық тақырыпқа жазылған драмалық шығармалар ұлттық театрлар репертуарынан мол орын алды. Осы жылдары театрлар сахнасында Ғабит Мүсіреповтін „Қозы Көрпеш-Баян сұлу“, „Ақан сері-Ақтоқты“, Мұқтар Әуезовтің „Еңлік-Кебек“ сияқты драмалық шығармалары сахнаға қайта қойыла бастады. Қазақ драма театрларының 60-жылдардағы репертуарлық қоры мазмұндылығымен әрі оған енген шығармалардың әр алуандылығымен ерекшеленді. Тахауи Ахтановтын, Қалтай Мұхамеджановтың, Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Бәйсейітовтің, Қапан Сатыбалдиннің, Зейтін Ақышевтің шығармалары орын алды. Қазақ драма театрының 60-жылдардағы зор жетістігіне Шыңғыс Айтматовтын „Құс жолы“ повесі негізінде қойылған „Ана“- „Жер-ана“ спектаклі жатады.

70-жылдардың басында Қазақ драма театрының репертуарынан ақын Құдаш Мұқашевтың қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілиястын жастық шағы, туып-өскен ортасы мен жаңа өмірге деген көзқарасының бірте-бірте қалыптасуы туралы сыр шертетін „Дала дастаны“ атты тарихи-ғұмырнамалық драмасы орын алды.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Театр дегеніміз не және ол қай тілден шыққан?

2. Мектептегі музыкалық театрды қалай ұйымдастыруға болады?

3. Музыкалық театрдың дәстүрі мен жаңашылдығын қалай қалыптастыруымызға болады?

4. 50-70-жылдардың басында қазақ драма театрының репертуары қандай болды?

№ 13 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Алғашқы балалар музыкалық театры. Театр-өнер түрі.
2. Сабақтың жоспары:

1. Алғашқы балалар музыкалық театры.

2. Театр-өнер түрі

3. Сабақтың мақсаты:

Алғашқы балалар музыкалық театры туралы мағлұмат беру



4. Теориялық мәліметтер:

Театр (грек. Theatron – ойын – сауық орны) – қоршаған ортаны актер ойыны және драмалық іс-қимыл арқылы бейнелейтін өнер түрі.

Театр негізі–драматургия. Драматургия театр өнерінің даму бағытын, мазмұнын, оның жанрлары мен көркемдік құралдарының жетілуін айқындайды. Теарт үшін драматургия қандай қажет болса, драматургия үшін театр да сондай қажет. Драматургиялық шығарма ең алдымен көрермен үшін жазылады. Театрсыз драматургия өзінің барлық мазмұндық байлығын ашып көрсете алмайды.

Театр өнерінің туындысы–спектакль. Театрда творчестволық процесс пен оның нәтижесі– спектакльді ажырату мүмкін емес. Спектакльді кітап немесе картина, басқаша айтқанда, аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды, ол үзіліссіз, бітпес шығармашылық. Сондықтан актер әр спектакль сайын жаңа рөлге еніп, көрермен алдында кейіпкер образын жасайды.

Тұңғыш театрдың шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтің „Енлік-Кебек“ трагедиясымен ашылды. 1926-30 жылдары М.Әуезовтің „Бәйбіше-тоқал“, „Қаракөз“. Б.Майлиннің „Шаншар молда“, „Неке қияр“, Ж.Шаниннін „Арқалық батыр“, „Баян батыр“ пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде қазақ халқының әр дәуірдегі өмір-тұрмысы, тағдыры көрсетіліп, әйел теңсіздігі мен ескіліктін кертартпа қылықтары өткір сыналды. Ол кезде эпостық тақырыптағы немесе тарихи оқиғалар негізінде жазылған драмалық шығармаларда актерлер еркінірек ойнады. Өйткені, мұндай туындылардағы оқиғалар оларға бала жастан таныс еді. Эпостық тақырыптағы драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде, әсіресе ақындық пен шешендік сайыстардағы диалогтар, оның мәні мен мазмұнын ашу, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіптітартысқа түскен екі жақтын жарыла отырып, бар зейін-ықыласымен беріліп, өздерінің көңіл күйін білдіруі, сөз нышанын әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы.

Театрдың табиғаты жағынан–ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш жігерін спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.

Спектакльді дүниеге келтіруші–режиссер. Спектакльді ұйымдастырушы, қоюшы, актердің талантын ашушы ретінде режиссердің алатын орны ерекше. Бірақ ол спектакльді бір өзі жасамайды. Қалай десек те, актер театр өнерінің басты тұлғасы және өнердің бұл түрінің ерекшелігі де актермен, оның шеберлігімен тығыз байланысты. Қайталанбас театр туындысы тек бір-бірін терең түсінетін, ауыз бірлігі бар ұжымды ғана дүниеге әкеледі.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Театр дегеніміз не?

2. Алғашқы балалар музыкалық театры қай жылдары қалыптасты?

3.Театр-өнер түрі туралы мағлұмат

№ 14 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Театрдың түрлері. Қазақстандағы балалар театр өнерінің қалыптасуы және дамуы.

2. Сабақтың жоспары:

1. Театрдың түрлері.

2.Қазақстандағы балалар театр өнерінің қалыптасуы және даму.

3. Сабақтың мақсаты:

Театрдың түрлеріне тоқталу



4. Теориялық мәліметтер:

Театр өнері–ең алдымен драмалық әдеби шығарманы сахнада интерпретациялау өнері. Бұл интерпретацияның негізгі тұлғасы актер, құралы–оның ойыны. Актер рөл арқылы драматург пен режиссердің ойын академиялық сахнадағы барлық нәрсені іске қосып, оларға театрлық көркемдік береді. Театр қойылымының шындыққа сәйкестігі декорациялық безендіруге емес, актер ойынының нанымдылығына байланысты. Сахнада пейзаж, қала көрінісін, бөлме ішін дәл беруге болады. Слайда, актер өз ойыны арқылы оларға тіршілік тынысын бере алмаса, олардың бәрі солған күйінде қалады. Сондықтанда актерлік шеберлік ерекше таланттылықты талап етеді. Актер дикция, интонация, мисика, пластика, жест сияқты көркемдік құрал-тәсілдерді жете меңгеруі қажет. Ол өзінің өмірілік тәжірибесіне сүйене отырып, драматугртың жеткізе алмағанын көрерменге жеткізіп, мәнін аша түседі. Бұл актердің әрі орындаушы, әрі жасампаз тұлға екенін аңғартады.

1928 жылы қазақ драма театры Алматыға көшіп келгеннен кейін мұнда творчестволық жұмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалды. Театрға арнайы үй беріліп, костюм, декорациялық буйымдар жасайтын цехтар ұйымдастырылып, дарынды да талантты жастармен театр труппасы толықтырыла тусті. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған Күләш Байсейітова, бірнеше пьеса жазған Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әншілер Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жұмат Шанин болды. Бїл кезендегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені - қазақ ауылындаєы келенсіз жайттарды әшкерелейтін пьесалар.

1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Облыс орталықтарында шаңырақ қөтерген театрлар өз репертуарларын Мұхтар Әуезов драматургиясынан бастады, әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі. Ұлы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар әскери тақырыпқа жазылған Мұхтар Әуезовтін „Сын сағатта“, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің „Намыс гвардиясы“, Сәбит Мұқановтың „Жеңіс жыры“, Әлжаппар Әбішевтің „Найзағай“ мен „Қырағылық“ атты және тағы басқа драмалық шығармалар орын алды.

Театрдың маңызды ерекшелігі–творчестволық актінің көрерменің көз алдында орындалуында. Егер динода көрермен творчестволық процестің нәтижесін ғана көрсе, театрда ол осы процестің өзін бақылайды. Динода көрермен мен актер арасында шынайы байланыс орнаты мүмкіндігі шектелген, ал спектакль көрерменге көркем шығарманың астарлы сырын танытқандай болады. Спектакль ден ләззат алудың бір құпиясы осында жатыр.

Театр табиғаты жағынан–ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш-жігерін спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Театрдың қандай түрлері бар?



2. Қазақстандағы балалар театр өнерінің қалыптасуы және даму қай жылдардан басталады?


10. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ




СӨЖ – тақырыптары, мазмұны

Кредит, сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер




1.Қазіргі кездегі өнер мен мәдениеттің даму ерекшеліктері

1.1

­Өнердің адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны

1

Коллоквиум

1-9

2. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және дискотеканың дамуы

2.1

Жастардың музыкалық тынығу жұмыстары

1

Реферат

1-9

2.2

Тынығу жұмыстарын ұйымдастыру

1

3. Дискотеканы басқарудың негізгі принциптері

3.1

Жастар демалысының жаңа түрі

1

Коллоквиум

1-9

3.2

Жастардың ұлттық мәдени дәстүрлері

1

4. Дискобағдарламалар құрудың әдістемесі

4.1

Дискобағдарламалардың драматургиялық негізі

1

Коллоквиум

1-9

4.2

Монтаж-дискобағдарламадағы материалдардың композициялық құрылысының негізі

1

5. Дискотеканы техникамен жабдықтау.

5.1

Дискотекадағы жарықпен жабдықтау

1

Коллоквиум

1-9

5.2.

Жарық беру түрлері

1




1-9

6. Мектептегі вокальды–аспапты ансамбль

6.1

20-ж. вокалды-аспапты шығармашылық

1

Коллоквиум

1-9

6.2

Жаңа жанрдағы жетекші музыканттар

1

7. Кеңестік вокалды-аспапты ансамбльдердің шығармашылығы

7.1

60-жекінші жартысындағы кеңестік эстрада

1

Реферат

1-9

7.2

Тәжірибе үлгісіндегі топтар

1

7.3

Эстрадалық әндердің кеңестк танымал орындаушылары

1




1-9

8. Қазіргі зонг-опера вокалды-аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары

8.1

Шетелдегі саяси тақырыпқа бірінші болып құрылған эстрада әндері

1

Коллоквиум

1-9

8.2

Кеңестік зонг-опералық шығармашылық

1

8.3

Шоу бағдарламаның сюжеті

1




1-9

8.4

Көріністі театрландыру элементтері

1




1-9

9. Мектептегі вокалды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары

9.1

Оқу және музыкалық аспаптар (музыкалық аспаптар)

1

Коллоквиум

1-9

9.2

Репертуарға қойылатын талаптар

1

Коллоквиум

1-9

9.3

Жанрлық және стилистикалық түрлері

1

Реферат

1-9

10. Вокал және музыкалық аспап қызметі

10.1

Джаз музыкасының ерекшеліктері

1

Коллоквиум

1-9

10.2

Вокалчды орындаушылық түрлері

1

Коллоквиум

1-9

10.3

Вариациялар, ырғақ, еркін түрлері

1

Коллоквиум

1-9

11. Қазіргі танымал музыка негіздері

11.1

Қазіргі эстрадалық музыка

1

Реферат

1-9

11.2

Эстрадалық музыканың негізгі бағыттары

1

Коллоквиум

1-9

12. Мектептегі музыкалық театр

12.1

Музыкалық театр

1

Реферат

1-9

12.2

Театрдың түрлері

1

Реферат

1-9

12.3

Балалар театрының өнері

1

коллоквиум

1-9

12.4

Мектептердегі театр

1

Реферат

1-9

12.5

Театрлардың қалыптасу жолдары

1

коллоквиум

1-9




Барлығы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет