Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


 Экологияның бағыттары және экологиялық факторлар



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
Экологияның бағыттары және экологиялық факторлар 
 
1.1 Жеке түр экологиясы - аутоэкология 
Аутоэкология

түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен байланысын 
зерттейді, жалпылама экологиялық факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және 
оның оған жауабын да зерттейді.



Биосфера түрлілігінің негізгі көзі – бұл тірі ағзалардың тіршілігінің 
нәтижесі. Ағза мен оны қоршаған тірі емес орта арасында үзіліссіз зат алмасу 
жүреді. Биосферада 2 миллионнан астам тірі ағза бірлестіктері бар. Көптеген 
бірлестіктер өзіне миллиондаған жеке түрлерді енгізген, олар кеңістікте 
белгілі бір заңдылықпен таралған. Әрбір түр қоршаған ортамен өзінше 
байланыста болады.
Биосфера аумағында негізгі төрт тіршілік ортасы бар, олар: су, жер беті, 
топырақ және тірі ағза құраған орта.
Әрбір ортада өзінің 
биотасы 
(тірі ағзалар жиынтығы) бар, ол өз 
тіршілігің жасайды. Кез келген тірі ағза өзі тіршілік ететін ортаның 
экологиялық шарттарына ыңғайланады. 
Табиғи орта ұғымына тірі және тірі емес табиғаттың барлық жағдайлары 
кіреді. Табиғи орта тура немесе жанама түрде 
биотаның
қасиеттері мен 
тіршілік жағдайына әсер етеді. 
Тірішіліктің құрылымы: қоректену, тынысалу, өсу және даму. 
Қоректену.
Ағзалар өмір сүруіне қажетті энергия мен заттарды 
қоректену арқылы алады. Жануарлар мен саңырауқұлақтар басқа ағзалардағы 
органикалық заттарды ферменттердің көмегімен ыдыратып қорытады, оны 
қоректену дейді.
Тынысалу.
Ағзалар тыныс алғанда кейбір көп энергиялы қосылыстар 
ыдырап, 
соның 
нәтижесінде 
энергия 
бөлінеді. 
Бұл 
энергия 
аденозинтрифосфот (АТФ) молекуласы түрінде сақталады.
Өсу
. Өлі табиғат (мысалы, кристалдар) сыртқы қабатына жаңа заттар 
қосу арқылы өссе, тірі ағзалар қоректік заттардың есебінен өседі. 
Даму.
Уақыт өткен сайын ағзалар күрделеніп өзгереді. Ондай өзгерісті 
даму дейді.
Тұқымқуалаушылық. Тіршіліктегі тұқым қуалайтын молекулалардың 
құрамы бірдей және ол молекулалар ағзалардың өзінен бөлініп, ұрпақтарына 
беріледі және ата-енелерінің негізгі белгілерінің ұрпаққа берілуін, түрлердің 
сақталып қалуын қамтамасыз етеді. 
Тірі ағзаға әсер етуші әртүрлі факторлардың ыңғайлы мәндерінен 
ауытқуына олардың көніп, шыдай алуы т
олеранттылық
(
төзімділік) деп 
аталады. Толеранттық диапазонына байланысты тірі ағзалар эврибионтты 
және стенобионтты деп бөлінеді.
Эврибионт 
– әсер ету шарттарының бір- бірінен өте көп ауытқуы бар 
ортада да өмір сүру қабілеті бар ағза. Мысалы, қасқыр барлық географиялық 
аймақтарда тіршілік ете береді.
Стенобионт
– ортаның тұрақты ғана жағдайында тіршілік ететін ағза. 
Мысалы, форель балығы тау суы немесе таза суда ғана өмір сүре алады. 
Бұл жағдайлар үшін 2 негізгі заңдар орындалады. 
Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.)
– ағза төзімділігі оның 
экологиялық талаптарының ішіндегі ең осал тізбегімен анықталады. Яғни
ағзаға факторлардың ішінде қажетті минимумы (ең аз мөлшері) жетіспесе 
(жылу, жарық, су және т.б.), онда экожүйе дамуы тоқтайды немесе өледі. Ағза 



кейде жетіспейтін бір затты өте көп мөлшердегі екіншісімен алмастыра да 
алатынын атап өту керек. 
Шелфордтың толеранттылық заңы (1913 ж.)
(немесе 
максимум заңы

– экожүйенің жоқтығы немесе оның дами алмауы қажетті факторлардың 
жетіспеушілігінен ғана емес


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет