Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет

олардың көп мөлшерде болуынан да
 
болады. 
Мысалы, су көп мөлшерде бола берсе, өсімдік шіріп кетуі мүмкін. 
Адаптация
 
дегеніміз эволюция процесінде ағзалардың өмір сүру 
ортасының өзгеруіне бейімделу қабілетін дамыта алуы және әртүрлі 
жолдарын таңдай алуы. Адаптация процестерін дамытатын негізгі 
факторларға тұқым қуалаушылық, өзгерушілік, табиғи (немесе жасанды) 
талдау жатады. Мысалы, пингвиндер балықты аулау үшін тез жүзуге 
бейімделе отырып, қанатының қысқаруынан ұшу қабілетінен айырылған.
Акклиматизация

ауа райының өзгерулеріне ағзаның белгілі бір уақыт 
аралығында бейімделуі.
Ағзалардың ортаның жайсыз шарттарына бейімделуі сол ортаның 
экологиялық факторларына тәуелді. Экологиялық факторлар мына түрде 
білінеді: 
қоздырғыштық
(физиологиялық және биохимиялық функциялардың 
бейімделушілікке қарай өзгерістерін тудырады); 
шектеушілік 
 
(берілген шарт 
жағдайында тіршіліктің мүмкін еместігін айқындайды); 
модификаторлық 
(ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгеруін тудырады); белгі 
беру (ортаның басқа да факторларының өзгеріске ұшырай бастағаны жайлы 
сезімтал органдары арқылы хабарланады). 
Ағзалар бейімделу жолында осындай ортаның қолайсыз шарттарынан 
құтылудың үш жолын таңдап алған. Олар: 
Белсенді жол
 – 
ортаның қолайсыздығына қарамастан ағзалар тіршілігін 
жалғастыра береді, себебі бұл жол олардың бойындағы қарсылықты 
күшейтеді, бейімделу процесін дамытады. Мысалы, жылы қанды ағзалар 
ортаның температурасының өзгермелілігіне қарамастан, өз бойларындағы 
температураны тұрақты ұстайды. Әрине, бұл жол ағзалардан көп мөлшерде 
энергия жұмсауын талап етеді және олар ол энергияны үнемі толықтырып 
отырулары қажет. 
Белсенсіз 
(
пассивті
)
жол

бұл ағзалардың тіршілік функцияларының 
қоршаған орта өзгерістеріне бағынуы. Орта жағдайы күрт қолайсызданғанда 
ағзалардың кейбір түрлері өз тіршілігін белсенділігін едәуір азайтып
«жасырын тіршілік» деп аталатын күйге көшеді. Мысалы, кейбір жәндіктер 
құрғақшылық кезінде ауада кеуіп қалады да, ылғал көбейгенде тіршілік 
белсенділігін арттырады. Бұл процесті 
анабиоз
деп атайды. Бұл күйге ірі 
жануарлар ішінде аюлар түседі 

қорек көзі азайған кезде олар ұйқыға кетеді. 
Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолы
– орта факторлары жайсыз 
жағдайға ауыса бастағанда ағзалардың кейбір түрлері тіршілік ету ортасын 
ауыстырады, яғни миграция басталады. Мысалы, құстар ауа райы суыта 
бастағанда жылы жаққа қарай ұша бастайды. 
Ортаның ағзаларға әсері орта факторлары мен жағдайының қаншалықты 
тұрақты екендігінде. Ол тұрақтылық әсердің қайталануына байланысты. Осы 


10 
тұрғыдан қарастырғанда ортаның әсер етуші факторлары бірінші ретті және 
екінші ретті қайталанбалы және қайталанбайтын болып бөлінеді. 
 Бірінші ретті қайталанбалы
факторларға негізінен Жердің айналуына 
байланысты күн мен түннің ауысып отыруы, жыл маусымдарының ауысуы 
жатады. Бұл шарттарға ағзалар әбден бейімделіп алған және ол бейімділік 
тұқым да қуалайды. 
Екінші ретті қайталанбалы
 
факторлар бірінші ретті қайталанбалы 
факторлардың салдары болып келеді, мысалы ылғалдылық, температура
шөптің өсу қарқыны, жауын шашынның түсуі. 
Қайталанбайтын
факторларға белгілі бір уақыт аралығы жоқ, 
кездейсоқ болып отыратын факторлар жатады. Мысалы, жанар таудың 
атқылауы, жердің сілкінісі, дауылдың тұруы және басқа да табиғи апаттар. 
Сонымен қатар тұрақты түрде әсер ететін факторлар да бар. Мысалы, 
гравитациялық әсер барлық ағзаларды Жерге үздіксіз тартып отырады, 
осындай әсерге Жер планетасының магнит өрісі де жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет