Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Популяциялар экологиясы – демэкология



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
1.2 Популяциялар экологиясы – демэкология 
 
Демэкология

түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын 
зерттейді. 
«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.
Экологияда
популяция
дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста 
болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын 
даралар тобы. 
С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған 
ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға 
қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының 
элементарлық тобы. 
Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері 
және таралу аймағы 
ареал
деп аталады.
Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты мынандай топтарға 
бөлінеді:

космополиттер
– өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік 
бөлігінде кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны); 

убиквистер
– кең ареалға ие және ортаның алуантүрлі жағдайында да 
тіршілік ете береді (мысалы, қасқырлар); 

эндемиктер 
– өте шектелген ареалға ие (мысалы, пингвиндер).
Популяцияның сандық көрсеткіштері
статикалық және динамикалық
 
деп бөлінеді.
 
Статикалық көрсеткіштер популяцияның осы мезеттегі 
жағдайын сипаттайды және мыналардан құралады: 

саны 
– популяциядағы жекелеген түрлер саны; 

тығыздығы
– жекелеген түрлер саны немесе бірлік ауданға не бірлік 
көлемге келетін популяцияның биомассасы; 

құрылым көрсеткіштері
– жыныстық және жастық құрамы; 


11 

кеңістіктік-этологиялық құрылымы
– ареал аумағындағы түрлердің 
таралу сипаты (біркелкі, біркелкі емес, кездейсоқ).
Динамикалық көрсеткіштері белгілі бір уақыт ішіндегі популяция ішінде 
болып жатқан процесті көрсетеді: 

көбеюі 
– туылу арқылы белгілі бір уақыт аралығындағы жаңа жеке
түрлер саны; 

популяцияның өсу жылдамдығы 
– бірлік уақыттағы популяцияның 
көбею қарқындығы. Популяцияның өсу жылдамдығы оң, теріс, нөлдік болуы 
мүмкін. Бұл көрсеткіш көбеюдің, өлімнің және орын ауыстырудың 
көрсеткіштеріне байланысты.

өлу көрсеткіші
– бірлік уақыттағы популяцияның жеке түрлерінің азаю 
саны. 
Белгілі түрдің аса көбейіп кетпеуін реттейтін физикалық және 
биологиялық факторлардың жиынтығы 
ортаның қарсылығы
деп аталады

Олар: азық тапшылығы, су тапшылығы, тіршілік ортасының тапшылығы, 
қолайсыз ауа райы, жыртқыштар, ауырулар, паразиттер және бәсекелестік. Ал 
тіршілік ету қабілеттілігі 
биотикалдық потенциалмен анықталады

олар – 
көбейуі, таралу қабілеттілігі, жаңа жерлерді тартып ала алу қабілеттілігі, 
қорғану механизмдері, қолайсыз жағдайларға төзу қабілеттілігі. 
Популяцияға әсер ететін экологиялық факторлар: биотикалық
абиотикалық және антропогендік.
Популяцияның көбеюіне қоршаған орта әсерінен басқа, өз ара 
бәсекелестік пен тіршілік ортасы үшін күрес әсер етеді. Сонымен қатар 
популяция саны табиғи да реттеліп отырады, яғни аурулар, жұт, азық 
тапшылығы, құрғақшылық және т.б. Осының бәрі популяция санының өз 
өзінен реттелуі деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет