Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет39/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ұлттық қорықтар» жайлы деректі фильмді көрсетеді, Ақсу-Жабағылы қорығы жайлы «Атамекен» энци- клопедиясынан мәлімет береді.

Фильмді көреді, мәліметтерді тыңдайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Жаңа сөздерді пайдала- нып, қорықты сипаттайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жаңа сөздермен сөз тір- кесін құрайды.




Б) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқып, ақпараттың дұрыстығын тексереді.




В) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қажетті сөзді қойып жазады.




4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Рөлдік ойын шарттарын орындайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға ма- шықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Әр сөйлемге бірнеше сұрақ қояды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тиісті қосымшаларды қойып жазады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Сөйлем құра» ойынын ұйымдастырады. Оқу- шылар тақырыпқа қатысты суреттер таратады.

Әр топтың бірінші мүшесі берілген суреттің негізінде сөйлем құрайды, келесі ойыншы сол сөйлемді толықтырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

9-10-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Қ.Мырза-Әли. Табиғат — жаратылыс пернесі.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар негізінде ақынның өлеңімен таныстыру.

Дамытушылық:

Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Қазақша сипаттау мәтіндері негізінде оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Байтақ (байтағым), құлың боп, солған, толған.

158



12-тақырып. Ұлы даланың табиғаты


Сабақта қолданы- латын материалдар:


Интерактивті тақта, слайдтар, ақынның суреті, кітап көрмесі, А4 парағы, маркерлер, үлестірмелі материалдар, смайликтер, желімқағаздар.



Оқыту әдістері:

Көрнекілік, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диалог, «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» страте- гиясы, «Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі, «Жеке әңгіме» техникасы .

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, ақынның өлеңімен таны- стырады.

Слайдтарды көреді, өлеңді тыңдайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жаңа сөздердің мағынасын түсініп оқиды.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сөйлем құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Өлеңді оқиды, жаттайды.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым Сөздерді жік- тейді.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.

Жұбымен тақырыпқа қатысты диалог құрайды.

159

5-сынып. Мұғалім кітабы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

IV. Бекіту

«Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі бойынша ойсергек ұйымдастырады. Оқушылардың әрқайсысына бір-бір сөзден ойлауларын тапсырады, бірнеше секундтан кейін ол

сөздерді тақтаға жазғызады (жалпы саны 15-20 сөздей болу керек).



Сөздерді тақтаға жазады, шағын топтар осы сөздер

ден тақырыпқа қатыс

ты ауызша әңгіме құрастырады.


V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

11- сабақ




Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?

Білімділік:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық:

Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде табиғат әлемі жайлы қазақша ақпарат бере алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілдеседі, диалог құрады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): өзі білетін таңғажайып табиғат құбылыстары жөнінде шағын мәтін құрайды.

Негізгі түсініктер:

Қазақстанның көрікті жерлері, ұллтық қорықтар.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, плакаттар, маркерлер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Тірек сөздер» страте- гиясы, ассоциаграмма, диалог, Т-кестесі, эссе, кластер, «Жалпы сұрақ» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

160

12-тақырып. Ұлы даланың табиғаты
Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу


Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.



Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.

Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.

ІІ. Мағынаны тану

1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қазақстанның көрікті жерлерін салыстырады, кестеге жазады.




Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Айтылым. Тұсаукесер дайындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Т –кестесінің үлгісі берілген парақша таратып, толтыртады.

Иә/жоқ үлгісін пайдаланып, таңға жайып құбылыстардың қызық па, әлде қызық емес пе, аз ба, әлде көп пе екендігін айтады.

IV. Бекіту

«Табиғат» сөзіне кластер құрғызады.

Кластер құрады.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

«Әлемнің таңғажайып құбылыстары» тақырыбында эссе жазу.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттай- тын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.



161

5-сынып. Мұғалім кітабы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет