«Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы» Ұйымдастырушы: «Бастауыш білім беру мұғалімі»



бет4/7
Дата21.02.2023
өлшемі54,63 Kb.
#169686
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғабит Мүсірепов (2)
rules ru, New Microsoft Office Word Document (2), гинзбург, Kurt Donald Cobain, Дизайн през, БЖБ№1, БЖБ№1, БЖБ№1, БЖБ№1, блум таксономия, Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жа-melimde.com, Календарно-тематическое планирование по химии 9 класс, Документ Microsoft Word, ббб
Автордың сөзі;Ол кезде өзгеге шыдаса да, намысқа шыдаған ба, Жалпақ балуан ұшып тұра келіп:
Жалпақ;Би, мандайда бір қара таңбам бар екенін білмей жүр екемін: қалындық сенікі емес, басқанікі деуші еді. Астымнан атымды алғанда алты-ақ жаста едім... Жеңсем жауды алам, жеңілсем жауда қалам, аттандым сәрсенбінің сәтіне! — дейді де, жүре береді Жалпақ балуан...
Бала би;- Тоқта, батыр! - деп Бала би тоқтатыпты Да, былай депті:
Бала би;Баруын барасың, елін де шабарсың. Бірақ қатын боп калған қалыңдықтың қызығына түсіп кетпей, жер қайысқан қалың жылқыға да көзіңді саларсың, дейді. Сонымен сақадай сайланған қырык жігіт маңдайды батысқа қойып, төскейді үзеңгіге ала тартып жөнелдік, - дейді. Жалпақ, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, сыртынан қарағанда құйған пештей болып, оқ бойы алдымызда отырады; астында сар қасқа аты бар, шекіп тастап, оқтаудай ойнап, киіктей орғып келеді. Бөкен жортқан ат өмірде үзеңгілесе алмайды...
Алты қонып жетіншіге асқан күні, қоңыр іңір кезі еді:
- Осы бір тегін адам болмаған шығар... Түнейік осы молаға, Деп Жалпақ балуан атынан секіріп түсе қалды, - дейді...
- Түстік... Айналасы алпыс қадам, үлкен қара мола екен. Маңдайында жазуы бар. Қырқымыздың бір де біріміз қара танымайды екеміз ғой, жазуды айыра алмадық, - дейді.
- Соны ойлағанда балалардың оқығанын ішім ұнатып отырады. Уезге шамасы келмесе де, болысқа арам бауыздатпас па екен деп ойлаймын да баяғы... Әйтілес карт бір күрсініп: - деп
– Құрт берші балаларға! — дейді кемпіріне.
— Шақпақ шағып, тез тұтатып, от жақтық. Қақтаулы қапқыштан бір-екі қаптық та, ер жастанып, тоқым төсеніп жаттық та қалдық...
Үркер жамбасқа келіп, сұлу Шолпан мандайға таянғанда, Жалпақ батыр атып тұра келіп:
Жалпақ;– Жігітгер, төс айылды бос, артқы айылды аямай тартындар... Күн найза бойы көтерілген кезде не қалың жауға, не қалың жылқыға кездесерміз... Менің тілегім болса жауға кездесерміз. Бидің тілегі болса жылқыға кездесерміз: жылқыға да көзің сал деп еді. Ай, соның тілегі болар-ақ... — деді, дейді.
Батыр мұны неден болжады десек, сар каска ат құлағымен алысты нұсқап, жер тарпып тұр екен... Тартып кеп кеттік! дейді.
Қатып қалған саңдақтар ұршықтай ойнап, бөкендей бүктетіліп, жер сүзгілеп, ауыздықты қарш-қарш шайнайды. Күн де шанышқақтап найза бойы көтерілді, ойды- қырды алып жатқан қалың жылқыға біз де келіп кірдік, - дейді.
«Жошыбайлап» біз де жылқыға тиістік. Екі салт жылқыдан сытылып, төскейге бет қойып, тартып та берді — қумадық,-дейді.
- Жылқының бір шетін төңкеріп, қиқулап келе жатқанымызда, бота көз бір кыз тезек арқалап қосқа қарай жүгіріп келеді екен, өн бойым ұйып қоя берді, - дейді. Астымда «құлан тұяқ құдай көк» деген атым бар (ол кездегі адам құдайды біле ме!..), сыдыртып келіп қызды іліп алып, артыма мінгестіріп-ақ алдым. Екі қолын белбеуіме қыстыра тастап, кете бердім. Шашын жайып,«құлыншағымдаған» шешесінің даусы ғана естіліп қалды... Ол дауыс маған шаққан масадай да білінген жоқ, - дейді.
Әлден уақытта құрық үстіне құрық жаудырып, ну жылқыны иіріп бетін түзеп, eki қырдың астына түсірдік-ау!.. Сол кезде Жалпақ балуан менің артымдағы қызды көріп, батырдың салғырт көңілі ауып кетті білем:
Сауға, -деді саңқ етіп, - дейді. - Сауғаңа жараса, не арманы бар, ал батыр! - дедім.
Қатарласып келіп қыздың мандайынан сипап, толқынды қара шашынан бір сүйді де, жүре берді. Манадан оты өзегіме өтіп келе жатқан қыз, содан кейін арқама жабысқан көлбақаға ұсап, сұп-суық болып сала берді... - дейді.
Жылқының денін бөліп әкеттік-ау деймін. Төңкеріліп айдатпай келеді. Анда-санда енесінің бауырында шұрқыраған құлын-тай қақтығып құлап, қалып та келеді.
Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде артымыздан жұлындай болып бір қара керінді. Аққан жұлдыз ба дерсің, көзді ашып-жұмғанша келіп араласып та қалды.
Көпті көрген көне жылқышы екен, басқамызға қайырылмай тұп-тура Жалпақ балуанның шылбырына орала түсіп: -
Әкесі:Байды шапқаның шапқан, малды алғанын алған, жылқышының жалғыз қызын қайтесің, батыр... Еркек десең өзімді әкет, қызымды қайтарып бер. Сорлы анасы аңырап қалды ғой. Тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен жалғызы еді, - деуі қалай?
Батыр оны алаң қылсын ба, мырс етіп күледі де, қасында келе жатқан Кейкі деген жігітке иек қағады. Кейкі қандай албырт, жылқышыны жалбағайдай жұлып алады да, айналдырып-айналдырып, лақтырып жібереді де, тобылғы торы бесті киіктей орғып ойнап шыға береді. Екі-үш жігіт куып беріп еді, қарайлатпады: жылқышыны әкеп беріп қайтайын деген немеше, құйрығын шаншып алып бір-ақ тартты... – дейді. Артымдағы кыз еңіреп жіберді де, белімдегі білегін суырып-ақ алды. Алдыма алып анықтап қарасам, мөлдіреген бота көзінен меруерт жасы барлап-ақ кеткен екен... Адам баласының қызғалдақтай үлбіреген сұлуы бола береді екен, қарысып қалған білегіммен құшақтауға аядым, - дейді (Жанайдың да қолы қатты кісі еді). Тағы да қозы көш жер кеттік. Жылқышы өлі ме, тірі ме, көңілімізде көлеңке де қалған - жоқ. Айғайға жылқы баласы қандай желігеді, тасыр-тұсыр қырылып келеді... Бір мезгілде артқа қарасақ, тұйғындай түйіліп, жұлдыздай ағып, артымыздан бір қара тағы келіп калған екен!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет