«Ғабит Мүсірепов –Қазақ әдебиетіндегі ана образын жасаушы» Ұйымдастырушы: «Бастауыш білім беру мұғалімі»


Анасы:- Ау, тоссандаршы! - дегенше болған жоқ, орап алдымызға шықты. Тек ағарандаған бірдемені ғана көріп қалдық. Қызы



бет5/7
Дата21.02.2023
өлшемі54,63 Kb.
#169686
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғабит Мүсірепов (2)
rules ru, New Microsoft Office Word Document (2), гинзбург, Kurt Donald Cobain, Дизайн през, БЖБ№1, БЖБ№1, БЖБ№1, БЖБ№1, блум таксономия, Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңдегі токсикоз. Гипертензиялық жа-melimde.com, Календарно-тематическое планирование по химии 9 класс, Документ Microsoft Word, ббб
    Бұл бет үшін навигация:
  • Керей
Анасы:- Ау, тоссандаршы! - дегенше болған жоқ, орап алдымызға шықты. Тек ағарандаған бірдемені ғана көріп қалдық.
Қызы:- Апатайым-ай! Сор айдап әкелді ме!-деді, артымдағы қыз.Астында манағы торы бесті, әлгі жылқышының әйелі, артымдағы қыздың анасы екен! - дейді. Қиқулап жылқының оң жағына бір, сол жағына бір шықты да, айналып барып алдына түсіп, оң жаққа қарай тарта кеп жөнелді,-дейді. Жылқы да оның соңынан еріп, шығысқа қарай салуы қалай?
Біз былай кайырамыз, жылқы олай қашады. Торы бесті маңайлатпайды. Найза суырып, сойыл сілтейтін жерге келтірмейді.
Әлденеше рет жылқыны бұрып алдық. Жылқы бет-бетімен жарыла қашты. Құрық үстіне сойыл жаудырып бұрмаласақта болмады, бір бүйірде жатқан өзеннің жалғыз есік кең аралына қалың жылқы келді де енді, — дейді. Аралға енгесін, қалың жылқы айдатпапты...
Аралдың ортасында бір төбе бар екен, әлгі әйел соған шығып алып, жаулығын бұлғап, бәрімізді шақыруы бар емес пе!.. Шаншып- ақ тастаймыз ғой деп төніп келгенде:
Анасы:Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудындар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нен бар еді менің жалғызымда? Кел, ботам, өзіме! Дегенде қолымдағы қыздың қалай - Ыршып кеткенін білмеймін, секіріп барып шешесінің мойнына асылды, — дейді. - Терімізге сыймай, қабағымыздан қан жауып тұрған бізде жұмысы да жоқ, шешесі қызын, қызы шешесін жұбатып өзді-өзі болды да қалды. Сол кезде манағы Кейкі шыдамай кетіп:
Керей:- Батыр, лұқсат етсең, екеуін екі тайға - теңдеп алып жүрейін. Қызы қатынға, шешесі отынға жарар, - дейді. Жалпақ Кейкіге қарап, алақандай көзін бір төңкереді де:
Жалпақ:- Жаным, сен неткен жансың? Сені қазақтың қатыны шығар да, өзімді батыры шығар деп ойлаймын... Жөніңді айтшы! дейді әйелге.
Анасы:- Батыр, атыңнан түс! Артыңнан қуып келетін ешкім де жоқ. Сен бұл елді шабуға келсең, бұл ел де басқа бір елді шабуға кеткен. Асықпай-ақ айдап бар, жауабын да асықпай берерсің! — дейді әйел Жалпақ балуанға.
Содан кейін бәріміз де аттан түсіп, төбені айнала отырдық. Бұл қар қатынның қайшатасқанын тындайын деп отыр деп бәріміз Жалпаққа ренжідік,-дейді.
Аздан соң әйел құшағындағы қызды
босатады да, сөзіне кіріседі:
Мен мына қыздың шешесімін. Қызым қазір он бесте. Дәл қызымның жасында өзім де сергелдеңге ұшырап едім. Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы
мандайымнан әлі кеткен жоқ...
Елім дейтін елім бар дейсің бе: сай сағалап, өзен жағалап жүретін төрт үйлі бір ауыл болыпты, сол ауылда Сонар дегеннің қызы едім... Қай ел екенін білмеймін, елсізде туғыр Бала би деген баласын сүндеттетіп той істеп, ат шаптырғанда бас бәйгіге құл бастатқан тоғыз, бас балуанға күң бастатқан тоғыз тігіпті. Бәйгіге өз қызын берсін бе, айнала қыз іздепті...
Әкем арбасын жондеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті:
— Жігіттер, жол болсын! айтқанда: деп әкем жолай
- Жол болмаса болмасын, қыз болсын! деп, коска сүйеніп тұрған мені қағып алды да, шауып кете берді...
Ертеңіне шапқан ат, күрескен балуанның Қызығы біткесін жабулы нарға мінгізді де, Мені бәйгіге беріп жіберді. Күреске түсіп,мені бәйгісіне алған Байсары деген балуан екен, еліне келгесін Құлтеке деген байына байлады. Құлтеке бай мені бір құлына отастырды да, екеумізді де сауынға салды. Онда көп жасағанда екінші аттың бәйгісіне тігіліп (алғашқы жолы бас бәйгеге тігілген екем), осы өздерің шапқан Сары деген байдың қолына көштім. Маған атастырған құл бас бәйгіге тігіліп, басқа бір елге кетті. Сары байдың Қайрақ деген жылқышысы бар екен:
– Өміріңде босағанда болайық, деп байдан сұрап, мені қатындыққа алды. Бірің жылқышы, бірің сауыншы болып жүре тұрындар, кейін босатармын,-деп еді Сары бай. Содан бері он бес жыл өтті. Байым бүгін өліп босанды, өзім осы орталарында отырған. Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын, соңдарыңнан қуып келіп тұрмын! Нағып қорықпай қуып келдің демеңдер: он бесімде өзім де тап осы қызымдай едім; сендердің қолдарында кетсе, енді он бес жылдан соң қызым да тап қазіргі мендей болмай ма? Мен үшін бұдан артық қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол мені айдап әкелген! Берсеңдер тірі қайтам, бермесеңдер өлі алып қайтам! — дейді.
Мана әйелді асап қоярдай боп тұрған жігіттер, құлағымыз салбырап, күмілжи беріппіз; не сұрау, не жауап бере алмай, жерді шұқи бердік, — дейді. Әйел оны сезе қояды да:
— «Тең — теңімен» деп, он бес жыл отаскан байым еді, сүйегін жолда көрдім. Білектің күшін, найзаның ұшын не күші тендеске, не иығы тендеске жұмсаған жоқсындар. Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе еді, оның құнын қалай өтейсіндер?.. Құлынға қосақтап қызымды әкетіп барасындар, бұларың да не ерлікке, не әділдікке жанаспайды. Ең мықтағанда еліңе бір күң апарып қосасыңдар. Қызым сендерге барса күң болады, өзіммен қалса тым болмағанда, өз етегімде еркін еркелейді. Сондықтан қызымды алып қайтам! - депті. Өмірінде әйелден мұндай сөз естімеген әумесер Кейкі былай депті сонда:
Керей:- Әйел еркекке қатындыққа жаралған. Біздің далада одан басқа не бітіреді олар? Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын... Жігіттер, мына қатынның сөзін қойдырып, өзін де ала жүрейік. Теретін тезек біздің елде де бар! — дейді. Манадан ойға көміліп, тұнжырап отырған Жалпақ таудан құлағандай құлап отыр екен. Ұшып тұра келіп сары қасқа атын әлгі әйелге тоса береді де:
Жалпақ:- Өз бойымнан бере алатын айыбым осы- ақ, жеңгей. Олқысынбай ала көр. Күндіктен босангын келсе, мына жылқыдан қалағаныңша ал да, жердің шетіне дейін көше бер. Бірақ жер жүзінде күңдік пен құлдық жоқ ел бар дегенді естігенім жоқ еді, сондықтан өзіме еріндер: қанаттыға
қақтырмайын, тұмсықтыға шоқыттырмайын! - дейді. Сонда әйел тұрып:
Анасы:- Осы жылқының қаншасы өздеріңе тиеді?
- деп сұрайды батырдан. Кім біледі, біреуі де тимес...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет